Ауыл шаруашылығы мақсатында:
Округ бойынша ауыл шаруашылығы -47 шаруа қожалық бар.
Кішіқұм жалпы аумағы- 150372 гектарды құрайды.
Кішіқұм ауылдық округі бойынша тіркелген кәсіпкерлік субьектілерінің саны (жеке кәсіпкерлер-44, шаруа қожалық-47), жұмыс жасап тұрғандарының саны (жеке кәсіпкерлер-35, шаруа қожалық- 47) бірлікті құрайды. Жыл қорытындысымен шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтіндердің саны - 134 бірлік (111,7%) құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 12 шаруа қожалығына жұмыссыз адамдарды жұмысқа қабылдап, уақытымен мемлекеттік аударымдары төленіп отырды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізіліп аудандық кәсіпкерлік басқармасына күнделікті мәлімет беріліп келеді. Қазіргі таңда ауданда 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасы тұрақты, уақытылы бақыланып тұрады.