Ақтөбе облысының Садовое тұрғын үй алабында орналасқан экосаябақта ағаш отырғызу акциясы өтті. Оған облыс әкімі Асхат Шахаров пен түрлі мектептің 50 оқушысы қатысты. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және «Мектеп орманшылығы» жобасы аясында оқушылар биіктігі 2,5–3 метрліа 100 қайың көшетін отырғызды.
Айта кетейік, 2025 жылы Ақтөбе облысында «Мектеп орманшылығы» өңірлік жобасы қолға алынды. Жобаның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Бастапқыда жоба алты ауданды қамтыса, бүгінде облыстың барлық аумағында жүзеге асырылып келеді.
Жобаға қатысу арқылы оқушылар өсімдіктерді күтіп-баптау дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгеріп, олардың өсуін бақылауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ табиғатты сақтау тұрақты назар мен қамқорлықты қажет ететінін түсінеді.
Бүгінгі шарада қатысушылар ағаш отырғызбас бұрын экосаябақ аумағымен және оны одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. Бұдан соң облыс әкімі Асхат Шахаров оқушылармен бірге қайың көшеттерін отырғызды.
«Экосаябақ Ақтөбе тұрғындары үшін табиғат аясында демалып, отбасымен уақыт өткізуге мүмкіндік беретін тағы бір маңызды орынға айналады. Біздің міндетіміз – осындай аумақтарды құрумен ғана шектелмей, оларды күтіп, әрбір ағаш пен жасыл желекті сақтау. Бұл ретте өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің маңызы зор.
«Мектеп орманшылығы» жобасы балаларға табиғатты тәжірибе жүзінде танып-білуге, орман шаруашылығымен танысуға және жасыл желектерді сақтаудың маңызын түсінуге көмектеседі. Экологиялық мәдениет бала кезден бастап жеке үлгі, білім және нақты істер арқылы қалыптасады. Осындай бастамалар табиғатқа жанашырлықпен қарайтын, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосатын және туған өлкеміздің таза әрі жасыл болуына атсалысатын ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді деп сенемін», – деді Асхат Шахаров.
Қайың отырғызу шарасына атсалысқан Мансұр Құлтаевтың сөзінше, ағашқа жаңа өмір сыйлау мен қоршаған ортаны таза ұстау – табиғатқа жанашырлықтың нақты көрінісі.
«Мен «Мектеп орманшылығы» жобасы туралы алғаш рет колледж оқытушыларынан естідім. Осы жазда жобаға қосылдым. Біз ағаш отырғызумен қатар, қоқыс жинап, табиғатқа ұқыпты қарауға тырысамыз.
Осындай бастамалар арқылы табиғатқа пайда келтіріп, қоршаған ортаны қорғауға үлес қоса алатынымыз маған ұнайды», – деді ол.
Жалпы, өңірде көгалдандыру жұмыстары бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы облыс қалалары мен елді мекендерінде жоспарланған 100,2 мың ағаштың 54,1 мыңы отырғызылды.
Сонымен қатар жасыл аймақтар құру аясында 135 гектар аумаққа 450,2 мың ағаш отырғызу көзделген. Қазіргі уақытта 46,9 гектар жерге 156,2 мың тал егілді. Бұл жұмыста оқушыларды өңірді көгалдандыру ісіне тартуға және өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін «Мектеп орманшылығы» жобасының маңызы зор.
Республика күні қарсаңында Ақтөбе өңірінде 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде. Бұл күндері тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылады.
Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.
Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.
Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған.
Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Ақтөбе өңірінде «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.
«Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімі
«Republic Day»
Мекенжайы:
- «Keruen City» ОСО Ақтөбе қаласы, Мәметова көшесі, 4.
- «City Shopping Center» СО Ақтөбе қаласы, 12-шағын аудан, 21Л.
- «Нұрдәулет» сауда үйі Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 46.
- «Мега Шығыс» СО Ақтөбе қаласы, Қонаев көшесі, 208.
- «Аққу» сауда үйі Ақтөбе қаласы, Ш.Уалиханов көшесі 9.
- «Aktobe Mall» ОСО Ақтөбе қаласы, Санкибай батыр көшесі, 24Б.
- «Сити» сауда үйі Ақтөбе қаласы, Нұр Ақтөбе тұрғын алабы , 15.
- «Айман» сауда үйі Ақтөбе қаласы, 2-шағын аудан, 6В.
- «Керемет» сауда үйі Ақтөбе қаласы, Нокин көшесі, 40.
- «Лиза» сауда үйі Ақтөбе қаласы, Мичуринец көшесі, 11.
«Bereke Fest»
Мекенжайы:
- «Анвар» сауда желісі Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 80, 49/1.
- «Дина» сауда желісі Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 13Б.
- «Назран» сауда үйі Алға қаласы, 5-шағын аудан.
- «Стамбул» дүкені Алға қаласы, Мұханбетова көшесі, 28А.
- «Мегапланета» дүкені Бадамша ауылы, Есет батыр көшесі, 991.
- «Ар-Амир» дүкені
Темір қаласы, Байғанин көшесі, 23А.
- «Стамбул» дүкені
Темір қаласы, Байғанин көшесі, 16В.
- «Дина» сауда желісі Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 14Б.
- «МАДИ» дүкені
Ақтөбе қаласы, 11-шағын аудан, 112Б.
- «Алим» дүкені
Ақтөбе қаласы, 11-шағын аудан, 112В.
- «Жаксылык» дүкені Ақтөбе қаласы, Аз-Наурыз көшесі, 31А.
Тіркелген мекенжай бойынша мәліметтерді eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн алуға болады.
Қызмет тұрғылықты жер бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді электрондық форматта алуға мүмкіндік береді. Мәліметтерді үшінші тұлғаға беру азаматтың келісімі расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Қызметті алу үшін eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Үшінші тұлғалардың тұрғылықты жерінен мекенжай мәліметтерін алу сервисі» қызметін таңдаңыз, азаматтың ЖСН-ін енгізіп, сұрауға қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірі арқылы қол қойыңыз.
Азамат келісімін растағаннан кейін мәліметтер пайдаланушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Еске саламыз: 2019 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанда мекенжай анықтамалары берілмейді. Тұрғылықты жер бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді алу қажет болған жағдайда осы сервисті пайдаланыңыз.
2026 жылдың тоғыз айындағы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды.
Отырыста экономиканың негізгі салаларындағы оң динамиканы сақтау, инвестициялық белсенділікті арттыру және жылдық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Адайбек Есенаманов баяндама жасап, өңір дамуының негізгі көрсеткіштерін таныстырды.
2026 жылғы қаңтар–қыркүйек қорытындысы бойынша облыстың қысқамерзімді экономикалық индикаторы 101,8%-ды құрады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, негізгі капиталға салынған инвестициялар, сауда және тұрғын үй құрылысы сияқты жеті негізгі көрсеткіштің алтауы бойынша оң динамика қалыптасты.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,3 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 101,1%-ды құрады. Ауыл шаруашылығында 337,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 102,8%-ға жетті.
Құрылыс саласында 12,3%-дық өсім тіркелді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 353,3 млрд теңге. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 880,3 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға өсті.
Өңірдегі тауар айналымы 2 трлн теңгені құрап, өсім 1,3% болды. Тоғыз айда облыста 633 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға жоғары.
Жиын барысында Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының даму қарқыны да қаралды. Қатысушылар инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын, өндірістік қуаттарды дамыту, құрылыс пен инфрақұрылым мәселелерін, сондай-ақ жергілікті жерлердегі экономикалық белсенділікті одан әрі арттыру мүмкіндіктерін талқылады.
Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға баса назар аударылды. Қала және аудан әкімдеріне бейінді басқармалармен бірлесіп, кәсіпорындар және инвесторлармен жұмысты жандандыру, перспективалы жобаларды сүйемелдеу және оларды іске асыруда туындайтын мәселелерді уақытылы шешу тапсырылды.
Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік пен құрылыс саласын дамыту, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек. Бұл бағыттардағы жүйелі жұмыс облыстың экономикалық әлеуетін нығайтып, жыл қорытындысы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Отырысты қорытындылаған облыс әкімі Асхат Шахаров мемлекеттік органдар жұмысының үйлесімділігін қамтамасыз етіп, нысаналы көрсеткіштердің орындалуын бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
«Тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының негізгі бағыттарында оң динамика сақталып отыр. Біздің міндетіміз – қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп, жылдық жоспарлардың толық орындалуын қамтамасыз ету. Ол үшін бейінді басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінің өзара іс-қимылын күшейтіп, кәсіпорындар және инвесторлармен жұмысты жандандыру қажет. Жобаларды іске асыру барысында туындайтын мәселелерді уақытында шешу маңызды. Инвестиция тарту, өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашуға назар аудару керек. Әрбір басшы өз бағыты бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, нақты нәтижелерге бағдарлануы және жүктелген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Жыл соңына дейін облыс экономикасын одан әрі дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет», – деді өңір басшысы.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты басшыларға әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру, бизнеспен өзара іс-қимылды күшейту және 2026 жылдың соңына дейін белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету міндеттелді.
Ақтөбе облысында жол құрылысы маусымы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. Жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары ондаған шақырым жолды қамтиды. Оның ішінде жолдарды төрт жолаққа дейін кеңейту, көпірлерді жөндеу және трассалардың техникалық санатын арттыру жұмыстары жүргізілуде. Бірқатар нысанда жұмыстардың орындалу деңгейі 80 пайыздан асты.
Негізгі жобалардың бірі – «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын қайта жаңғырту. 791–819 шақырым аралығындағы 28 шақырым жолды төрт жолаққа дейін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар тағы алты учаскеде жер жұмыстары мен инженерлік коммуникацияларды көшіріліп жатыр. Жұмыстар жолдың техникалық санатын кезең-кезеңімен арттыруды көздейді.
«Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолында да жөндеу жұмыстары жалғасуда. 50–70 және 70–89,9 шақырым аралығындағы учаскелерде жалпы ұзындығы 40 шақырымға жуық жол, сонымен бірге жасанды құрылыстар жөнделуде. Атап айтқанда, 92-шақырымдағы Жем өзені арқылы өтетін көпір қайта жаңғыртылып жатыр. Оның ұзындығы – 132,4 метр.
«Қарабұтақ – Қостанай» автожолындағы жұмыстар да қарқынды. Жөндеу жұмыстары 80 шақырым жолды қамтиды. Бүгінде жұмыстардың 85 пайызы орындалды. Ақтөбе және Қостанай облыстарының шекарасындағы 96–106 шақырым аралығында асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды.
Сондай-ақ Ақтөбе қаласының Солтүстік айналма жолының 0–21 шақырым аралығындағы 21 шақырым учаскесін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Ақтөбе – Әлімбет» автожолының 46–70 шақырым аралығындағы 24 шақырым учаскесін жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар шекаралық өткізу пункті салынып жатыр.
Аталған жобаларды іске асыру республикалық жолдардың техникалық жағдайын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, жолдардың өткізу қабілетін ұлғайтуға және өңірдегі негізгі көлік бағыттары бойынша қозғалыс сапасын арттыруға бағытталған.
Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.
Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.
Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.
БЖЗҚ-да міндетті және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтары бар, зейнет жасына жеткен азаматтар белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Бұл құқық мүгедектігі мерзімсіз белгіленген I және II топтағы азаматтарға да беріледі.
2026 жылы зейнет жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас.
Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша ХҚКО-ға алдын ала жүгінуге болады. Құжаттар мен өтінішті зейнет жасына толуға 10 күн қалғанда тапсыруға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар зейнет жасына толуына 2 ай қалғанда eGov-тағы мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірге 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіледі.
Егер азамат зейнет жасына жетіп, БЖЗҚ-дағы жинақтарын алу үшін өтініш бермесе, БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп қажетті тексеру жүргізеді. Талаптар орындалған жағдайда төлем өтініш бермей-ақ, автоматты түрде тағайындалады.
2026 жылғы наурыздан бастап мұндай тәртіп ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарға да қолданылады.
ЕЗЖ есебінен төлемдерді 50 жасқа толуына немесе мүгедектіктің белгіленуіне байланысты алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінуге болады. Қызметтерді БЖЗҚ бөлімшелерінен, сондай-ақ ЭЦҚ арқылы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан алуға мүмкіндік бар.
Қажетті құжаттар тізімі мен оларды алдын ала тексеру мүмкіндігі БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» бөлімінде қолжетімді.
Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.
Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.
Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.
2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 76,11 млн АҚШ долларына 365 553 алушыға төлем жасалды.
2026 жылдың басынан 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 170 156 азамат жалпы сомасы 44,84 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы жинақтарын алды. Оның ішінде 119 279 қазақстандыққа тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 31,00 млн аса АҚШ доллары, ал 50 877 қазақстандыққа білім алуға ақы төлеу үшін 13,83 млн АҚШ доллары аударылды.
Барлық қаражат өтініш берушілердің банктік шottарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.
Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.
kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетti нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады.
Бүгінде Ақтөбе облысының білім беру жүйесінде 29 мыңнан астам педагог еңбек етеді.
Елімізде педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше мән берілген. Биыл Ақтөбе өңірінде 5 215 мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Келесі жылы тағы 4 193 педагогті оқыту жоспарланған.
Биылғы аттестаттау қорытындысы бойынша облыс педагогтерінің сапалық құрамы 7 пайызға артты. Сонымен қатар үздік мұғалімдердің 702 инновациялық тәжірибесі зерделеніп, жинақталды.
Жаңа оқу жылында облыс мектептеріне 556 жас маман жұмысқа кірісті. Бұл білім беру жүйесіне жаңа кадрлар тартуға және педагогикалық әлеуетті одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.