"Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі

І. Жалпы ережелер

1.«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі – әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

2.Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

  1. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  2. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  3. Ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Шалқар ауданы әкімдігі бекітеді.

7.1. Әкім аппаратының атауы:«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

7.2. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 031206,  Ақтөбе облысы, Шалқар  ауданы, Есет Көтібарұлы ауылдық округі,  Байқадам ауылы,  Есет Көтібарұлы көшесі, 29 ғимараты.

  1. Ауылдық округ әкімінің аппаратын аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
  2. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  3. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Положение
Дата публикации
22 декабря 2025