Күзгі жиын-терім науқаны

Күзгі жиын-терім науқаны

Шалқар ауданында биылғы жылы 22 ауылшаруашылық құрылымы мен жеке тұрғындар 245 га жерге картоп, көкөніс және бақша дақылдарын екті.

🔹Сонымен қатар, аудан бойынша егістік жерді тыңайту мақсатында 11 шаруашылық 31,1 тонна (аммиак селитрасы) минералды тыңайтқыш сатып алып, алқаптарда тиімді пайдаланды.

Қазіргі таңда 75,0 га егілген картоптың 27,0 га жиналып, 369,9 тонна өнім алынды. 110,0 га көкөніс алқабының 103,8 га игерілді, нәтижесінде 1557 тонна көкөніс қоймада сақтаулы. Ал 60,0 га жерге егілген бақша өнімдерінің барлығы жиналды, ол – 60,0 тонна.

🔸Алынған өнімдер Шалқар қаласының орталық базарында тұрғындарға қолжетімді.