GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
23 октября 2026
✍️ Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері –Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды

🔹Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

🔹 Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандықтардың, өндіріс, бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.

🔹І дәрежелі «Барыс» ордені «TNS-group» концерні» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Т.Жұмағұловқа және актер Н.Ықтымбаевқа; ІІ дәрежелі «Барыс» ордені білім саласының ардагері Е.Мәмбетқазиевқа, «Қазақстан Республикасы альпинизм және тауға өрмелеу федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Қ.Уәлиевке; ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені «Ново-Приречное» ЖШС директоры В.Тюркинге, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы С.Шаңғұтовқа және басқаларға берілді.

🔹«Құрмет» орденімен «Өзенмұнайгаз» АҚ кран машинисі Б.Досқарин, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі Е.Кальмбах, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Астық-STEM» ЖШС бас агрономы Т.Хамидуллин, «Здоровая Азия» онкологиялық ауруларды қолдау жөніндегі қоғамдық қорының негізін қалаушы Н.Плохих, Қызылорда облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының басшысы А.Мұсафирова, Атырау облысындағы су шаруашылығының ардагері Н.Қонас, Ақтөбе облысының «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» МКК балалар дәрігері Б.Медетбаев және басқалары марапатталды.

https://t.me/aqorda_resmi/36524

21 октября 2026
Мемлекеттің қолдауымен 10 мыңнан астам мүгедектігі бар қазақстандық жұмыспен қамтылды

 

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жалғасуда. Жыл басынан бері мемлекет ұсынған жұмыспен қамту шараларының көмегімен 10,8 мың адам жұмысқа орналасқан. 2026 жылдың 1 қазандағы мәлімет бойынша, жұмысқа орналасуға көмек сұрап, мансап орталықтарына 29,5 мың мүгедектігі бар азамат жүгінген. Олардың 18,2 мыңы жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шараларға қатысқан. Нәтижесінде 10,8 мың адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Оның 5,1 мыңы тұрақты жұмыс тапса, 5,4 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына орналасқан. Атап айтқанда, 4 264 адам қоғамдық жұмыстарға, 367 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 495 адам «Жастар практикасы» бағдарламасына, ал 499 адам «Күміс жас» жобасына қатысу арқылы жұмысқа орналасқан.

Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуды қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі жұмыс орындарына квота белгілеу. Әлеуметтік кодекске сәйкес, 50 және одан да көп адам жұмыс істейтін ұйымдарға қызметкерлердің жалпы санының 2-4%-ы көлемінде квота белгіленеді. Бұл ретте ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындары есепке алынбайды.

2026 жылы мүгедектігі бар 16 706 адамды жұмысқа орналастыруға арналған квота белгіленді. Биылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша осы квота аясында елімізде шамамен 6,2 мың адам жұмысқа орналасқан.

Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылы белгіленген 16 719 жұмыс орнының 8,1 мыңы қамтылып, квота бойынша жұмысқа орналастыру көрсеткіші 48%-ды құрады.

Сонымен қатар әр адамның жеке қажеттілігіне сай арнайы жұмыс орындарын ашуға көңіл бөлініп отыр. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша осындай 47 жұмыс орны ашылған. Оның 25-і есту қабілеті бұзылған адамдарға, 12-сі көру қабілеті бұзылған азаматтарға, тағы 10-ы тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған.

Арнайы жұмыс орындарын ашқан жұмыс берушілерге де мемлекет қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар азаматтардың жалақысын субсидиялау қарастырылған. 2026 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша, мұндай субсидия 235 қызметкерге төленген. Оның 19-ы 2026 жылы, 105-і 2025 жылы, 111-і 2024 жылы жұмысқа орналасқан.

Бұдан бөлек, мемлекет мүгедектігі бар азаматтарға жаңа мамандық меңгеруге және өз кәсібін ашуға да көмектеседі.

Жыл басынан бері 243 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында 3 639 адам кәсіпкерлік негіздерін үйренді. Олардың 2 375-і тиісті сертификат алды. Сонымен қатар 2 951 адам онлайн оқуға қатысып, оның 2 265-і оқуын сәтті аяқтап, сертификатқа ие болды.

Ал 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 578 мүгедектігі бар азамат жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант алды. Бұл қолдау азаматтарға өз ісін ашып, кәсіпкерлік қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту үшін бірнеше қолдау тетігі қарастырылған. Олардың қатарында мансап орталықтары арқылы жұмыс іздеу, квота бойынша жұмысқа орналасу, арнайы жұмыс орындарын ашу, кәсіптік оқыту, жалақыны субсидиялау, қайтарымсыз гранттар беру және жастарға микрокредит ұсыну бар. Сонымен бірге азаматтар жұмыс іздеп, өз бетінше де жұмысқа орналаса алады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейту, кәсіби дағдыларын дамыту және әр адамның еңбек етуіне жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

19 октября 2026
Өткен аптада өңірлерде қандай нысандар ашылды

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік саланы дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары мен энергетика нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Толығырақ: https://ortcom.kz/kk/novosti/1792382295

16 октября 2026
🔹 13 қазаннан бастап республикалық маңызы бар автожолында орташа жылдамдықты бақылау іске қосылды

13 қазаннан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облысында келесі бағыттарда бақылау жүйесін іске қосты.

▫️Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор);
▫️ Қандыағаш – Мақат.

Аталған жолдарда бақылау құрылғылары орнатылған аркалардың арақашықтығы өлшеніп, аппараттық-бағдарламалық кешендер сертификаттаудан өтті. Жүйе орташа жылдамдықты асыру деректерін тіркеп, тиісті мәліметтерді Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің (ӘІЖБТ) процессинг орталығына жолдайды.

2026 жылдың басынан бері республикалық автожолдарда орташа жылдамдықты асырудың 550 мың, ал белгіленген нүктедегі жылдамдықты асырудың 163,5 мың дерегі тіркелген. Жалпы жылдамдықты асыруға қатысты 713 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды.

Еске салайық, Қазақстанның республикалық автожолдарында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі 2025 жылғы 17 наурыздан бері жұмыс істейді.

14 октября 2026
Қазақстанда 17 мың шақырым электр желілерін жаңғырту толық аяқталды

 

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде электр желілеріне күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстардың көлемі орындалды. Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөнделді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Жұмыстар еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп, электрмен жабдықтаудың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жөндеу жұмыстарының ауқымды көлемі Ақмола облысында іске асырылды. Өңірде 2,6 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 49 қосалқы станция және 555 тарату және трансформаторлық пункт жөнделді.

Павлодар облысында 2 444 шақырым электр беру желісіне, 52 қосалқы станцияға және 609 тарату және трансформаторлық пунктке күрделі жөндеу жүргізілді.

Жамбыл облысында 1,8 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 63 қосалқы станция және 316 тарату және трансформаторлық пункт жөндеуден өтті.

Атқарылған шаралар электр желілері шаруашылығының жылыту маусымынан сенімді өтуге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

09 октября 2026
Тоғыз айда 114 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқудан өтті

 

2026 жылдың тоғыз айында Skills Enbek онлайн-платформасында 114,8 мыңнан астам адам оқудан өтті. Олардың шамамен 47%-ы – ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Оқуды аяқтағандардың 43,3 мыңы – жұмыссыз азаматтар. Оның ішінде 16-34 жас аралығындағы 12,3 мың жас және ауыл тұрғындарының 23,5 мыңы бар, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Skills Enbek азаматтарға қосымша білім алып, жұмыс барысында және жұмысқа орналасу кезінде қажет болатын дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Онлайн форматта оқу орталығына бармай-ақ, өзіне ыңғайлы уақытта білім алуға болады. Курстар компьютер арқылы да, Enbek мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді.

Қазіргі уақытта платформада 1,3 млн-нан астам пайдаланушы тіркелген. Платформа жұмысын бастағаннан бері 1,29 млн-нан астам сертификат берілді. Мұнда түрлі ұйымдардың авторлары әзірлеген 565 курс қолжетімді. Оның 60%-дан астамы тегін.

Пайдаланушылар арасында ақпараттық технологиялар, қаржы және бухгалтерлік есеп, әлеуметтік қызмет көрсету, тұрғын үймен қамту және тамақтану саласы, сауда мен қойма, сондай-ақ ауыл шаруашылығы бағытындағы курстар жоғары сұранысқа ие.

Оқу курсын аяқтап, қорытынды тестілеуден сәтті өткендер электрондық сертификатқа ие болады. Мәліметтер Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жасалған түйіндемеге автоматты түрде енгізіледі. Бұл жұмыс іздеушіге өзінің кәсіби профилін толықтыруға, ал жұмыс берушіге кандидаттың алған білімі мен меңгерген дағдылары туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді.

Платформа жұмыс іздеушілерге, сондай-ақ білімін жетілдіріп, жаңа құралдарды меңгеруге немесе біліктілігін арттыруға ниетті мамандарға да қолжетімді.

Онлайн оқытуды дамыту арқылы азаматтардың кәсіби білім алуға қолжетімділігі артып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктері кеңейеді. Бұл – Министрлік жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Skills.enbek.kz сайтында қолжетімді курстармен танысып, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге болады.

07 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы

 

Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.

Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.

Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.

07 октября 2026
«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды 


2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 76,11 млн АҚШ долларына 365 553 алушыға төлем жасалды. 
2026 жылдың басынан 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 170 156 азамат жалпы сомасы 44,84 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы жинақтарын алды. Оның ішінде 119 279 қазақстандыққа тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 31,00 млн аса АҚШ доллары, ал 50 877 қазақстандыққа білім алуға ақы төлеу үшін 13,83 млн АҚШ доллары аударылды. 
Барлық қаражат өтініш берушілердің банктік шottарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады. 
Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады. 
kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетti нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады.

07 октября 2026
"БЖЗҚ" АҚ зейнетақыны уақтылы рәсімдеудің маңыздылығын еске салады

БЖЗҚ-да міндетті және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтары бар, зейнет жасына жеткен азаматтар белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Бұл құқық мүгедектігі мерзімсіз белгіленген I және II топтағы азаматтарға да беріледі.

2026 жылы зейнет жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас.

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша ХҚКО-ға алдын ала жүгінуге болады. Құжаттар мен өтінішті зейнет жасына толуға 10 күн қалғанда тапсыруға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар зейнет жасына толуына 2 ай қалғанда eGov-тағы мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірге 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіледі.

Егер азамат зейнет жасына жетіп, БЖЗҚ-дағы жинақтарын алу үшін өтініш бермесе, БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп қажетті тексеру жүргізеді. Талаптар орындалған жағдайда төлем өтініш бермей-ақ, автоматты түрде тағайындалады.

2026 жылғы наурыздан бастап мұндай тәртіп ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарға да қолданылады.

ЕЗЖ есебінен төлемдерді 50 жасқа толуына немесе мүгедектіктің белгіленуіне байланысты алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінуге болады. Қызметтерді БЖЗҚ бөлімшелерінен, сондай-ақ ЭЦҚ арқылы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан алуға мүмкіндік бар.

Қажетті құжаттар тізімі мен оларды алдын ала тексеру мүмкіндігі БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» бөлімінде қолжетімді.

05 октября 2026
Жасанды интеллектіні пайдаланып, өндірістік үдерістерді кешенді түрде трансформациялау қажет – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ұлттық компаниялармен және жеке бизнеспен бірге индустриядағы өзекті ЖИ-міндеттерді айқындау және ұдайы жаңарту тәртібін әзірлеуді тапсырды.

Толығырақ: https://kaz.inform.kz/news/prezident-ukmetke-industriyadagi-zhi-mndetterd-udayi-zhanartu-tartbn-azrleud-tap-0e5bd7bb

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы