Меню

Страницы

Статья

Біздің міндет – адал қызмет

Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілікті жүктейтін қызмет. Әрбір мемлекеттік қызметкердің бойында отансүйгіштік сезім мен кәсіби біліктілік табылса, халық қамын ойлайтын, өз ісін тиянақтылықпен, шапшаңдықпен орындай білетін маман шығатыны айқын. Ал дәл осындай жоғары дәрежелі маман мемлекеттік қызмет имиджін жоғарылататыны сөзсіз. Себебі мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарын іске асырудың өзі мемлекеттік қызметтің жоғары деңгейдегі имиджін қалыптастырудан басталады. Ел болашағының жарқын болуы ел азаматтары мен азаматшаларының адал, ұтымды әрі жоғары деңгейде жұмыстар жасауына байланысты болмақ. Алайда қоғамдық кеселге айналып отырған сыбайлас жемқорлық мәселесі оң шешімін таппаса, жетістіктерге кедергі болары анық. Сол себепті, әр азамат ұрпақ игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты болдырмау қағидаларын қатаң сақтап, қоғам кеселімен күрес жүргізуі тиіс.

 «Ең зор ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған» деп француз философы Ж.Ж.Руссо айтпақшы, алдымен отансүйгіштік болмаса қалғаны бекер деген сөз. Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші Отанға деген сүйіспеншілікпен қызметін атқарар болса, ел дамуының одан әрі алға басары анық.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша «Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ұжымы жоспарлы түрде жұмыстар атқарып келеді. Ауылдық округке қарасты мекеме қызметкерлерінің және ауыл тұрғындарының қатысуымен әр түрлі нысанда сыбайлас жемқорлықпен күресу тақырыбындағы іс-шаралар жоспар бойынша өткізіліп отырады. Сонымен қатар, мекеме ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы арқылы тұрғындарға электронды қызметтер алу ұсынылып, қызмет алушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жадынамалар таратылып келеді. Мекеме қызметкерлері одан әрі жемқорлықсыз қоғам орнатуда өз үлестерін қосып, мемлекеттік қызмет имиджін арттыру жолында адал қызмет ете бермек.

 

«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы Коблашева Рысгул Абдрашовна

Дата публикации
24 апреля 2024
Дата обновления
24 апреля 2024
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
24 апреля 2024
Қызмет алушының құқықтары қорғалды
Мерзімді БАҚ
24 апреля 2024
Біздің міндет – адал қызмет
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы