Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:
2018 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:
- үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыс бойынша жалпы құны 417,7 млн. теңгені құрайтын 118 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды .
- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауларының, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Жыл ішінде облыстық ақпараттық топтары 4357 кездесу өткізіп, оған 496 мыңнан астам тұрғын қамтылды.
- «Атамекен» бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» акциясы негізінде жалпы құны 2 млрд. 866 млн теңгеге 811 жоба жүзеге асырылды.
- облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының 5 отырысы ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес облыс аумағында 24 мониторинг іс-шарасы жүргізілді.
- облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен 9 тақырыпта әлеуметтік зерттеу (15 әлеуметтік зерттеу жұмысы) жұмыстары жүргізілді.
- Ұлт Жоспары шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында, 2018 жыл ішінде өңірлік «Ақтөбе ақпарат» орталығының баспасөз алаңында барлығы 163 баспасөз мәслихаты, брифингтер, 7 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен пресс-релиздер жарияланды.
Орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жай-күйінің қысқаша сипаттамасы:
Мемлекеттік ақпараттық саясатты БАҚ арқылы жүргізудің басты мақсаты Елбасымыздың тапсырмаларын, Үкіметіміздің мемлекеттік бағдарламаларын, облыс әкімінің басшылығымен атқарылып жатқан қоғамдық маңызды іс-шаралары мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халыққа насихаттау, түсіндіру, жеткізу бойынша мақалалар мен материалдар жариялау, телевидение және радио арқылы хабарлар ұйымдастырып ақпарат тарату, бейнероликтер дайындау және көрсету.
Мемлекет Басшысының саясатын, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жағдайын жақсартуға, еліміздің экономикасын дамытуға, өркендетуге бағытталған тапсырмаларын, Үкіметіміздің қабылдап жатқан мемлекеттік бағдарламалары мен жоспарларын, атқарылып жатқан оң өзгерістерді ел тұрғындарына кеңінен жеткізу, ақпараттандыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 2020 жылға облыстық бюджеттен қосымша 100 млн. теңге қаржы керек.
Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы: Стратегиялық жоспар 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР №150-V Заңымен алынып тасталды.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен жоспарланған түпкілікті, тікелей нәтижелерінің сипаттамасы, бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпарат:
263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар - 128110,0 мың теңге:
мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру үшін басқару аппаратының қызметін қамтамасыз ету. Ұлттың бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;
Тікелей нәтиже көрсеткіштері - Басқарма аппаратын ұстау: мемлекеттік қызметшілер -18 бірлік, тех.персонал - 6 бірлік; Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іске асырылған шаралар мен жобалардың саны - 1 бірлік; Біліктілігін көтеру және қайта даярлау курстарынан өтетін аппарат қызметкерлерінің саны - 5 бірлік.
2020-2022 жылдарға бюджеттік өтінім ҚР Қаржы Министрлігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағида талаптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасы, заттай нормалардың негізінде жасалды.
111 - ерекшелік бойынша – 46192,0 мың теңге, 113-ерекшелік бойынша - 6637,0 мың теңге, басқарма қызметкерлерінің еңбек ақысы және өтемақы төлемдері Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» №150, 2004 жылғы 17 қантардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» № 1284 Жарлықтарын басшылыққа ала отырып және олардың еңбек өтілдеріндегі өзгерістерді ескере отырып, "Рухани жаңғыру" КММ қызметкерлерінің еңбекақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы негізінде есептелінді;
121 - ерекшелік бойынша - 2494,0 мың теңге, әлеуметтік салықты есептеуде «Салық кодексі» басшылыққа алынды;
122 - ерекшелік бойынша - 1455,0 мың теңге, әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21маусымдағы «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережелерін бекіту туралы» № 683 қаулысы незінде есептелінді;
123 - ерекшелік бойынша - 17,0 мың теңге - «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446 Заңы басшылыққа алынды;
124 - ерекшелік бойынша - 924,0 мың теңге - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңы басшылыққа алынды;
131 - ерекшеліктер бойынша - 3772,0 мың теңге, штаттан тыс қызметкерлердің еңбекақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы негізінде есептелді;
135 - ерекшеліктер бойынша - 398,0 мың теңге, штаттан тыс қызметкерлер бойынша әлеуметтік салықты есептеуде «Салық кодексі» басшылыққа алынып, әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережелерін бекіту туралы» № 683 қаулысы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңы негізінде есептелінді;
136 - ерекшеліктер бойынша - 376,0 мың теңге, "техникалық персоналдың ел ішіндегі іссапарлары мен қызметтік сапарлары" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы (барлық енгізілген өзгерістерді және АЕК -2613 теңге екендігін ескере отырып) негізінде есептелінді;
144 - ерекшелік бойынша - 403,0 мың теңге, оның ішінде бензин - 140,0 мың теңге, газ - 263,0мың теңге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы N 1210 қаулысы негізінде есептелді;
149 - ерекшелік бойынша - 1571,0 мың теңге, оның ішінде мерзімді баспа өнімдеріне жазылуға - 236,3 мың теңге, кеңсе тауарларын сатып алуға – 1334,7 мың теңге есептелді;
152 - ерекшелік бойынша байланыс қызметтеріне ақы төлеуге 3343,0 мың теңге қаралған, оның ішінде қалалық телефон нөмірлеріне -154,0 мың теңге, қалааралық, ұялы байланыс сөйлесулер - 822,0 мың теңге, пошта қызметіне - 204,0 мың теңге, интернет желісіне кіру қызметтері – 2163,0 мың теңге есептелінді;
153 ерекшелік бойынша көлiктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеу- 4800,0 мың теңге - басқармаға және "Рухани жаңғыру" КММ - жеңіл автокөлікті жалға алу;
155 - ерекшелік бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде қызметтерге ақы төлеу - 31244,0 мың теңге - Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау жөніндегі қызметтер (11 жоба) ;
159 - ерекшелік бойынша - 19092,0 мың теңге, оның ішінде банк қызметіне - 120,0 мың теңге, Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге (хостинг- виртуалдандыру технологиясын пайдаланумен шоғырландырылған есептеу алаңын ұсынуда) жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділік үшін техникалық талаптарды құруды қамтамасыз ету - 420,0 мың теңге, «Парус» бағдарламасы және бюджеттік жоспарлау бағдарламасына техникалық қызмет көрсетуге - 760,0 мың теңге, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға - 1031,0 мың теңге, семинарларға – 150,0 мың теңге, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету – 300,0 мың теңге, К2 бухгалтерлік бағдарламасына қызмет көрсету- 890,0 мың теңге, әлеуметтік зерттеулер жүргізуге (6 қызмет) - 10000,0 мың теңге және т.б.;
161 - ерекшелік бойынша - 3986,0 мың теңге ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар шығыны «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы (барлық енгізілген өзгерістерді және АЕК -2613 теңге екендігін ескере отырып) негізінде есептелінді;
169 - ерекшелік бойынша - 206,0 мың теңге - қоршаған ортаға эмиссия есептеуде «Салық кодексі» басшылыққа алынды.
414 – ерекшелік бойынша - 1200,0 мың теңге, 3 моноблок сатып алуға – 1200,0 мың теңге,
263 007 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының мақсаты:Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру;
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға - 400 000,0 мың теңге қажет. оның ішінде:
Мемлекеттік ақпараттық саясатты мерзімді баспасөз басылымдары арқылы жүргізу және Қазақстан Республикасының және Ақтөбе облысының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік және орыс тілдерінде өңірлік мерзімді баспасөз басылымдары арқылы ресми жариялау - 200 000,0 мың теңге
Діни экстремизмге қарсы күрес, конфессияаралық және этносаралық келісімдерді нығайту, мәдени мұра және рухани даму саласындағы мемлекеттік саясатты өңірлік мерзімді баспасөз басылымы арқылы орыс тілінде жариялау - 4000,0 мың теңге
Мемлекеттік жастар саясатының басымдықтары мен жүзеге асырылуы туралы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жөніндегі ақпараттық, шолу, талдау материалдарын орыс тілінде өңірлік мерзімді баспа басылымы арқылы дайындау және жариялау - 4000,0 мың теңге
Ақтөбе облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси оқиғаларын және әлеуметтік-экономикалық дамуын республикалық мерзімді баспасөз басылымы арқылы мемлекеттік тілде көрсету- 5800,0 мың теңге
Ақтөбе облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси оқиғаларын және әлеуметтік-экономикалық дамуын республикалық мерзімді баспасөз басылымы арқылы орыс тілінде көрсету - 5800,0 мың теңге
Ақтөбе облысында отбасылық-демографиялық саясат пен гендерлік теңдік стратегиясының, отбасы құндылықтары, мәдени және рухани дамуы мәселелерінің іске асырылуы жөніндегі ақпараттық, шолу, талдау материалдарын өңірлік мерзімді баспасөз басылымы (журнал) арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындау және жариялау - 12000,0 мың теңге
Облыстың индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының басымдықтары мен жүзеге асырылу барысы, Ақтөбе облысында шағын және орта бизнесті дамыту туралы ақпараттық, шолу, талдау материалдарын орыс тілінде өңірлік мерзімді баспа басылымдары арқылы дайындау және жариялау - 4000,0 мың теңге
Облыстың ауылдық аймақтарын, агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылық саласын дамыту жөніндегі басымдықтары мен жүзеге асырылу барысы туралы, облыс ауылдарының өмірінен ақпараттық, шолу, талдау материалдарын мемлекеттік тілде өңірлік мерзімді баспа басылымдары арқылы дайындау және жариялау - 4000,0 мың теңге
Ақтөбе облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік телевидение арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу-114100,0 мың теңге
Құқықбұзушылық пен қылмысқа, наркобизнеске қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясатты өңірлік телевидение арқылы мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде көрсету-4500,0 мың теңге
Рухани, конфессияаралық келісімді нығайту мәселелерін, дәстүрлі дін негіздерін түсіндіру бойынша өңірлік телевидение арқылы мемлекеттік және/немесе орыс тілінде көрсету-3874,8 мың теңге
Облыстық телевизиялық бағдарламаларды спутниктік байланыс арналары арқылы спутникке көтеру және тарату және облыс елді мекендеріне тарату үшін құрал-жабдықтарды жалға алу, тарататын, қабылдайтын телевизиялық құралдарды техникалық қызмет көрсету және жөндеу -37925,2 мың теңге
2020 жылы бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
- Мемлекеттік тапсырысты іске асыру шеңберінде шығарылған өңірлік телевизиялық және радиохабарлар көлемі - 201сағат;
- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (газеттер) – 805 жол;
- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (журналдар) – 13 баспа беті.
263 077 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» бюджеттік бағдарламасының мақсаты: Ақтөбе облысында таратылатын жаңалықтар бағдарламаларының сурдо аудармасын қамтамасыз ету ;
Ақтөбе облысы бойынша таратылатын жаңалықтар телебағдарламаларын сурдоаудармамен қамтамасыз ету - 28117 мың теңге.
2020 жылы бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
сурдоаудармамен тарату көлемі – 201 сағат;
Басқарма басшысы А. Купенов