Ақтөбе облысы ішкі саясат
басқармасы басшысының
« __»______ 20__ жылғы №___
бұйрығымен
«БЕКІТІЛГЕН»
Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жөніндегі бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1.1. Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жөніндегі бөлім (әрі қарай - Бөлім) «Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Президент пен Үкіметтің актілерін, басқарма Ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Бөлім құрылымы, штаттық саны Басқарманың штаттық кестесімен белгіленеді.
2.1. Бөлімнің міндеті өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Бұл көрсетілген міндетті орындау үшін бөлімге төмендегі функциялар жүктеледі:
1) Елбасының, Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың саясатын насихаттау мен түсіндіру мақсатында, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда бөлім облыстың бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жасау.
2) Бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру.
3) Ақпараттық нарық жағдайының мониторингісін жүзеге асыру
4) Жергілікті ақпараттық саясатты қалыптастыру.
5) Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың тақырыптық бағытына талдау жасау.
6) Ақпараттық саясатты жүргізуде мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру (көлемі, қатысушылар, соның ішінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары). Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселері жөніндегі өңірлік комиссия қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.
7) Облыста болып жатқан маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық оқиғалар бойынша медиа-жоспарлар жасау және оны жүзеге асыру.
8) Облыстағы әлеуметтік желілерге мониторинг және талдау жұмыстарын жүргізу, желілермен жұмыс жасау.
9) Республика мен облыс көлеміндегі ақпараттық агенттіктер және порталдардың сайттарында, әлеуметтік желілерде Ақтөбе өңіріне қатысты жарияланымдарды анықтау, уақытылы ден қою.
10)Төтенше жағдайлардың туындауы мен қауіпі туралы тұрғындарды ақпараттандыру, төтенше жағдайларды жариялау мәселелері бойынша бұқаралық ақпараттық құралдарының іс-әрекетін үйлестіру.
2.2. Бөлімнің міндеті:
Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің бақылаудағы тапсырмаларын орындау болып табылады.
Бұл көрсетілген міндетті орындау үшін бөлімге төмендегі функциялар жүктеледі:
1) Уәкілеттік органда есепке алынған бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жұмыстарын жүргізу.
2) Облыстағы баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары мен бағдарламаларына тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізу.
3) Облыстағы әлеуметтік желілерге мониторинг және талдау жұмыстарын жүргізу.
4) Республика мен облыс көлеміндегі ақпараттық агенттіктер және порталдардың сайттарында, әлеуметтік желілерде Ақтөбе өңіріне қатысты жарияланымдарды анықтау, уақытылы ден қою.
3.1. Өзінің құзырына сәйкес орталық және аумақтық бөлімдерден қызмет бабындағы қажетті материалдарды сұрату және алуға;
3.2. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелерді талқылаған кезде облыстық, аудандық мемлекеттік органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің алқа отырыстарына, мәжілістеріне қатысу;
3.3. Өз құзыры аясында қоғамдық-маңызды іс-шараларды өткізуде жергілікті мемлекеттік басқару органдардың қызметін үйлестіру.
4.1. Бөлімді басқарма басшысымен тағайындалатын және жұмыстан босатылатын бөлім басшысы басқарады.
4.2. Бөлім басшысы бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды, бөлім қызметкерлерін мадақтау және сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізеді, олардың арасында міндеттер бөледі.
4.3. Бөлім басшысы бөлім қызметін басқарады және бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына жауапты.
4.4. Жұмыс әдісін жетілдіру бойынша басшылыққа ұсыныс енгізеді.
Басқарма басшысының орынбасары Е.Тауанов
Ақпараттық саясат және
БАҚ мониторингі жөніндегі
бөлімінің басшысы А.Елбосынов