Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ Ақтөбе облысында, Ақтөбе қаласында, Ырғыз ауданында мерзімді баспа басылымдары, теле -, радиоарналар, интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40-үй, 304-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі 2025 жылғы 19 қыркүйек күнгі сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40-үй, 304-кабинет мекенжайы бойынша 2025 жылғы 22 қыркүйек күнгі сағат 14:00-де ашылады.
Үміткер өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі бар өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА" және "(өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.