«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі
Жалпы ережелер
- «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Ақтөбе облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық-имидждік саясатты жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мекеме, Мемлекет Басшысының бағдарламалық мақаласы бойынша бастамаларды ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеуді және қолдауды, мақалада баяндалған алты бағыт бойынша бастамаларды талдау және мониторинг жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес мекеме.
- Мекеменiң түрi: коммуналдық.
- Мекеменiң мүлкiне қатысты құқық субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады. (бұдан әрі-Құрылтайшы).
- Мекеме Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы «___» ________ № ___ қаулысымен құрылды.
- Тиiстi саланың уәкiлеттi органы - «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
- Мекеменің толық атауы: «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Мекеменің заңды мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 34/А
Дата публикации
12 ноября 2020