1. Жалпы ереже
1.1. Әкімшілік - қаржы бөлімі «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» MM құрылымдык бөлімшесі болып табылады.
1.2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Президент пен Үкіметтің актілерін, басқарма Ережесін және осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Бөлім құрылымы, штаттық саны басқарманың штаттық кестесіне сай анықталады.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары
2.1. Бөлімнің міндеті – басқарманы материалды-қаржылық қамтамасыз ету, құқықтық корғау және кадрлык жұмысты жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алуды өткізудегі жұмыстардын ашық болуын атқарады.
2.2. Функциялары:
- Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету;
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
- Басқарма қызметкерлерінің еңбек ақысын уақытында төлеу, салық және әлеуметтік төлемдерін аудару;
4) Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
5) Қаржыландыру жоспары бойынша бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
6) Кадр құрамын қалыптастыру;
- Кадрлар мониторингін жүргізу және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы персоналды басқару, кадрларды кәсіби оқыту оның ішінде қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және тағылымдамалардан өтуін қамтамасыз ету.
- Басқармаға бағынысты мекемелердің басшыларын тағайындау бойынша конкурстық, аттестаттау қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- Басқармаға бағынысты мекемелердің бюджет қаражатын тиімді және мақсатты жұмсалуын қадағалау.
- Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
- Басқарма қызметкерлерінің санитарлық талаптар мен қызмет этика сақтауын қадағалау;
- Басқарма қызметкерлерін мадақтауда жетекшілік ететін орынбасарына ұсыныс енгізу;
2.3. Бөлім міндеттері:
1) Басқарма басшылығының және орынбасарларының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау;
2) Іс-шаралар жоспарын іске асыруға байланысты бөлімнің міндеттерін
сапалы орындау;
3) Лауазымдық нұсқаулықтармен көзделген міндеттерді орындау;
4) Жоғары тұрған органдарға ақпараттың уақытына берілуі.
2.4. Бөлім басшысы және бөлім мамандары тікелей жетекшілік жасайтын басқарма басшысының орынбасарына бағынады және есеп береді.
- Бөлімнің құқықтары
3.1. Бөлім өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар:
1) Мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, бөлімнің құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
2) Жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін жетілдіру бойынша Басқарма басшысына ұсыныстар енгізуге;
3) Бөлімнің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ак орталық және жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына катысуға;
4) Бөлімнің құзырына кіретін сұрақтар бойынша лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсету.
- Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру
4.1. Бөлімді басқарма басшысымен тағайындалатын және жұмыстан босатылатын бөлім басшысы басқарады.
4.2. Бөлім басшысы бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды, бөлім қызметкерлерін мадақтау және сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізеді, олардың арасында міндеттер бөледі.
4.3. Бөлім басшысы бөлім қызметін басқарады және бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына жауапты.
4.4. Жұмыс әдісін жетілдіру бойынша басшылыққа ұсыныс енгізеді.
Әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы Н.Жумагалиев