Осы Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, олардың құқықтық негіздерін белгілейді және сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонент – телерадио хабарларын тарату операторымен телерадио хабарларын тарату қызметтерін алуға шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі – аккредиттеу картасын беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын және олардың журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің автоматтандырылған процесі;
3) ақпараттық егемендік – ақпараттық күн тәртібін қалыптастыруда Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық-саяси дербестігін айқындайтын Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің тәуелсіздігі;
4) балалар теле-, радиобағдарламасы – 12 жасқа дейінгі балаларға арналған, осы жастағы топқа тән сюжеті бар теле-, радиобағдарлама;
5) бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығаруға және таратуға тиiстi өкiлеттiктерi бар жеке тұлға;
6) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым;
7) бұқаралық ақпарат құралын таратушы – бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн оның меншiк иесiмен, баспагермен арадағы шарт бойынша немесе өзге де заңды негiздерде таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
8) бұқаралық ақпарат құралының өнімі – мерзімді баспасөз басылымының немесе аудиовизуалды туындының жекелеген нөмірінің таралымы немесе таралымының бір бөлігі, теле-, радиобағдарламаның жекелеген шығарылымы, сондай-ақ интернет-басылымда орналастырылған ақпарат;
9) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы – бұқаралық ақпарат құралының материалдарын жинауды, әзірлеуді, шығаруды және таратуды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;
10) білім беру теле-, радиобағдарламасы – мазмұны телекөрерменді немесе радиотыңдаушыны ғылымның, мәдениеттің, өндірістің, өнердің және әлеуметтік өмірдің қандай да бір саласындағы нақты білім жүйесінде оқытуға бағытталған, адамдардың көпшілік тобына арналған теле-, радиобағдарлама;
11) бірыңғай медиаплатформа – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған ақпараттық жүйе;
12) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушы – телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері бар телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды, телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты тарататын жеке немесе заңды тұлға;
13) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғысы – теле-, радиосигналды жеке-дара қабылдауға арналған жабдық;
14) дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуі – абонентке көру тілін таңдауға мүмкіндік беретін, телебағдарламада екі және одан да көп дыбыстық сүйемелдеудің берілуі;
15) еркін қолжетімді теле-, радиоарна – көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобына цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы таратылатын теле-, радиоарна;
16) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу және әзірлеу қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға;
17) журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) аккредиттеу – журналистi тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның және (немесе) ұйымның тануы;
18) журналистің ерекше мәртебесі – журналистің құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, ақпаратты іздеу, сұрату, алу және тарату кезінде кеңейтілген құқықтарды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де ерекше құқықтарды көздейтін журналист мәртебесі;
19) көпарналы хабар тарату – теле-, радиоарналар топтамаларын таратуға арналған телекоммуникациялық жүйе;
20) масс-медиа – бұқаралық ақпарат құралы және интернет-ресурс;
21) масс-медиа мониторингі – масс-медиа өнімін жинау және оны Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы тұрғысынан, сондай-ақ қоғамның адамгершілік тұрғыдан дамуына зиян келтіруі және жалпыадамзаттық, ұлттық, мәдени және отбасылық құндылықтарды бұзуы тұрғысынан талдау процесі;
22) масс-медиа өнiмi – бұқаралық ақпарат құралының өнімі, сондай-ақ интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;
23) масс-медиа өнiмiн тарату – мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), теле-, радиобағдарламаларды, аудиовизуалды туындыны эфирге шығару, телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиобағдарламаларды тұтынушыға дейін жеткізу, сондай-ақ ақпаратты интернет-басылымдарда немесе интернет-ресурстарда орналастыру;
24) масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
25) мемлекеттік ақпараттық саясат – мақсаттары ақпараттық егемендікті нығайту және қорғау болып табылатын, мемлекет пен қоғам мүдделерін қанағаттандыратын ақпаратты жасауға және таратуға бағытталған мемлекеттік шаралар кешені;
26) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы – жарғылық капиталында мемлекетке тиесілі елу пайыздан астам дауыс беретін акциялары, жарғылық капиталына қатысу үлестері, пайлары бар бұқаралық ақпарат құралы;
27) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралы – жарғылық капиталында мемлекетке тиесілі елу пайыздан кем дауыс беретін акциялары, жарғылық капиталына қатысу үлестері, пайлары бар бұқаралық ақпарат құралы;
28) мерзiмдi баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және үш айда кемiнде бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшалары;
29) міндетті теле-, радиоарна – цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желілерін және телекоммуникация желілерінде телерадио хабарларын таратуды қоспағанда, уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна;
30) отандық теле-, радиоарна – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген телерадиокомпаниялар құрған теле-, радиоарна;
31) отандық теле-, радиобағдарламалар – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асыратын телерадиокомпаниялар немесе жеке және заңды тұлғалар жасаған теле-, радиобағдарламалар;
32) өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс – өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетуге арналған тапсырыс;
33) порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы кино, бейнеөнім – моральдық құндылықтарға сәйкес келмейтін, адамның ар-ожданы мен қадір-қасиетін қорлайтын жыныстық қатынастың натуралды түрде, егжей-тегжейлі тіркелуі не жыныстық әуестіктің қозуына немесе жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ықпал ететін жыныстық қатынас процесіндегі жалаңаш гениталийлерді көрсету;
34) ресми хабар – "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген ақпарат иеленуші масс-медиа арқылы беретін және (немесе) тарататын ақпарат;
35) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс – мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетуге арналған тапсырыс;
36) ретрансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау және бір мезгілде не жазып алып тарату;
37) спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау – телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің тұрғындарын отандық спутниктік құрылғылар қызметтерін пайдалануға ынталандыру мақсатында, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін өтеуге бағытталған, бюджеттен төленетін қайтарымсыз төлемдер;
38) субтитрлер – телебағдарламада қамтылған ақпаратты телебағдарлама түпнұсқасының дыбыстық сүйемелденуін мәтінмен қайталау арқылы тарату тәсілі;
39) телевизиялық абоненттік жалғама – абоненттің цифрлық телевизиялық сигналды қабылдауына арналған жеке техникалық құрал;
40) теле-, радиоарна – кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен аудиовизуалды туындылардың, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;
41) теле-, радиоарналар топтамасы – телекоммуникация желілерінде көпарналы хабар тарату арқылы тарату үшін телерадио хабарларын тарату операторы қалыптастырған теле-, радиоарналар жиынтығы;
42) теле-, радиобағдарлама – тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар және теле-, радиоарнаның басқа бөліктеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұны жағынан аяқталған бөлігі;
43) телерадиокомпания – теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік алған, теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға немесе оның филиалы (өкілдігі);
44) телерадио хабарларын тарату – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникациялар желілерінде теле-, радиоарналарды ашық немесе кодталған түрде абоненттің жария қабылдауы үшін қалыптастыру және (немесе) тарату;
45) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары – теле-, радиоарналар мен теле-, радиобағдарламалар жасауды, қалыптастыруды, таратуды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар мен қабылдайтын-беретін техникалық құрылғылар жиынтығы;
46) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі – мемлекет меншігіндегі, Қазақстан Республикасының аумағында теле,- радиосигналдарды таратуды қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың техникалық құралдарының және телерадио хабарларын таратудың жүйесі;
47) телерадио хабарларын тарату қызметі – теле-, радиобағдарламаларды қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, абонентке дейін жеткізу;
48) телерадио хабарларын тарату операторы – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия алған жеке немесе заңды тұлға;
49) трансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;
50) тілшілер қосыны – бұқаралық ақпарат құралы редакциясының функцияларын және осы бұқаралық ақпарат құралы үшін ақпараттық хабарлар және (немесе) материалдар жинауды, сақтауды, жасауды (әзірлеуді), сондай-ақ оның өнімін таратуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі;
51) хабар тарату кестесі – хабар таратудың бағдарламалық тұжырымдамасының нақты кезеңдегі негізгі бағыттарын көрсететін теле-, радиобағдарламалардың тізбесі, реттілігі, атауы, эфирге шығу уақыты;
52) цензура – масс-медианың хабарлары мен материалдарын мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап етуі бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатында алдын ала келiсуі;
53) шартты қолжетімді карта – дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларының сәйкестендіргішін қамтитын, абоненттің телерадио хабарларын тарату операторының қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін құрылғы;
54) шартты қолжетімді теле-, радиоарна – көру құқығы өтеулі шарт негізінде қамтамасыз етілетін, телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың шектеусіз тобына тарататын теле-, радиоарна;
55) эротикалық сипаттағы өнім – гениталийлерді қоспағанда, адамдардың сексуалдық қатынастарын, адам денесінің ұятты тұстарын көрсететін және порнография элементтерін қамтымайтын баспасөз басылымы;
56) эфирге шығу – аналогтік және цифрлық электромагниттi жүйелердi пайдалана отырып, теле-, радиобағдарламаларды, аудиовизуалды жазбаларды трансляциялау.
2-бап. Сөз бен шығармашылық, ақпаратты алу және тарату бостандығы
Ескертпе. Осы Заңның мақсаттары үшін масс-медиада насихаттау деп Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпарат туралы қоғамдық оң пікірді қалыптастыру және (немесе) шектеусіз адамдар тобын құқыққа қайшы әрекет жасауға немесе әрекетсіздікке итермелеу үшін көзқарастарды, фактілерді, дәлелдерді және өзге де, оның ішінде әдейі бұрмаланған ақпаратты тарату түсініледі.
3-бап. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасы
1) таратылатын ақпараттың заңдылығы мен анықтығы;
2) объективтілік және ашықтық;
3) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдігі;
4) адал бәсекелестік;
5) жеке өмірге қол сұғылмаушылық;
6) кәсіби және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау.
1) объективті және анық ақпаратты әзірлеу және тарату;
2) тұлғаны, қоғамды және мемлекетті дамытуға бағытталған сапалы отандық контентті жасау;
3) масс-медиа саласында жаңа технологияларды енгізуге жәрдемдесу;
4) өзін-өзі реттеуге ауысу.
1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің елу бес пайызынан кем болмауға;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің алпыс пайызынан кем болмауға тиіс.
Мемлекеттік тілдегі теле-, радио бағдарламалардың жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы көлемі:
1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің елу бес пайызынан кем болмауға;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің алпыс пайызынан кем болмауға тиіс.
Осы тармақтың талабы халықаралық келісімдер негізінде хабар тарататын телеарналарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) масс-медиа саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын ұйымдастырады;
2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Уәкілетті орган:
1) масс-медиа саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) осы Заңға сәйкес масс-медиа саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) осы Заңға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады;
4) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
5) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен гранттар береді;
6) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының, телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерiнiң және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде нұсқамалар береді;
8) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асырады;
9) телерадио хабарларын тарату мақсатында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;
10) міндетті теле-, радиоарналар тізбесін және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін қалыптастыру мен бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;
11) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
12) көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындайды;
13) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
14) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекітеді;
15) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
16) масс-медианы мониторингтеуді жүзеге асырады;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы тұрғын үй кешендерінде дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын, кәбілдік коммуникацияларды орналастыру жөніндегі талаптарды белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады
1) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
3) уәкілетті орган бекітетін, өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі негізінде өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
4) телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғысы бар қоғамдық көлікте мемлекеттік теле-, радиоарналардың өнімін және (немесе) эфирін трансляциялауға құқылы;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – пошта жөнелтілімін тапсырысты хатпен алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Балалар және білім беру теле-, радиобағдарламаларын тарату, оның ішінде жас санаты белгісін қою жөніндегі талап Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
1) өзін-өзі өлтіруді проблеманы шешу тәсілі ретінде көрсетуді;
2) өзін-өзі өлтіруге баруды не өзін-өзі өлтіруге бағытталған әрекеттерді немесе нақты (ойдан шығарылған) әңгімелесушінің немесе үшінші бір адамның өзін-өзі өлтіруге бару ниетін оң бағалауды не мақұлдауды;
3) тікелей немесе айқын ниеті байқалмайтын, бірақ өзін-өзі өлтіруге бару туралы шешім қабылдауға, оның ішінде өзін-өзі өлтіруге барған басқа адамдардың әрекеттерін танымал ететін және (немесе) өзін-өзі өлтіруге барған адамдарда пайда болған артықшылықтар туралы тұжырымдар (пайымдаулар) қамтылатын нақты мысалдар келтіру арқылы мәжбүрлейтін тұжырымдардан (пайымдаулардан) тұратын, өзін-өзі өлтіруге баруға итермелейтін дәлелдер, оның ішінде өзін-өзі өлтіруді қазіргі қоғамдағы қолайлы, қисынды және заңды әрекет ретінде ұсынуды;
4) өзін-өзі өлтіруге әрекеттену тәжірибесі бар адамдардың көзқарасын, сезімін сипаттауын және тақырыпты талқылауын қоса алғанда, өзін-өзі өлтіруге баруы сәтсіз болған әрекетті айыптауды, келемеждеуді;
5) өзін-өзі өлтіруге бару (өзін-өзі өлтіруге баруға әрекеттену), оның ішінде біреудің көмегімен не біреудің қатысуымен, не біреудің бақылауымен жүзеге асырылатын, топтасып және (немесе) ассистент көмегімен жасау мақсатында танысу туралы хабарландыруды;
6) өзін-өзі өлтіру тәсілін, оның ішінде өзін-өзі өлтірудің неғұрлым ауырсынбайтын, сенімді, қолжетімді, эстетикалық тәсілін таңдау тұрғысынан сауалнаманы (дауыс беруді), тестті, рейтингті қамтитын ақпарат өзін-өзі өлтіруге баруға итермелейтін ақпарат болып табылады.
1) өзін-өзі өлтіруге барудың, оның ішінде өзін-өзі өлтіруге бару әрекеттерінің тізбегін және (немесе) ықтимал нәтижелерін (салдарын) суреттейтін (бейнелейтін) процестерді, рәсімдерді сипаттау (көрсету) үшін мәтінді, аудио немесе бейне құралдарды, өзін-өзі өлтіруге арналған құралдарды және (немесе) орындарды пайдалану арқылы жасаудың бір және одан да көп тәсілі туралы ақпарат;
2) өзін-өзі өлтіруге қажетті жағдайлар жиынтығы туралы, оның ішінде орынды, уақытты, әдісті таңдау, өзін-өзі өлтіруге баруға қажетті дайындық әрекеттері туралы ақпарат;
3) өзін-өзі өлтіруге бару тәсілдерімен байланысты өзге де ақпарат.
1) өзін-өзі өлтіруге бару туралы, оның ішінде бопсалау, өтіну, үгіттеу, көндіру, талап ету арқылы тікелей өтініш қамтылатын ақпарат;
2) өзін-өзі өлтіруге баруға шақырумен байланысты өзге де ақпарат.
Телеарналарда орналастырылатын міндетті хабарлар сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
Масс-медиадағы жарнама "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
1) егер осы адам мәдени-бұқаралық ойын-сауық іс-шараларында, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, бейбіт жиналыстарда және өзге де жария іс-шараларда болса немесе оларға қатысса;
2) егер таратылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі және мұндай адамның қызметтік жұмысымен және (немесе) жария қызметімен байланысты мәліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа;
3) егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылса, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді.
1) стационарлық емес үй-жайларда;
2) мөлдiр ораммен буып-түйiлмеген күйiнде;
3) білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, балалар мекемелерінің, ғибадат ғимараттарының (құрылысжайларының) үй-жайларында және аумақтарында;
4) жасы он сегізге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.
1) құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған адам;
2) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратуға тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының күші ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстарды жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарға қолданылмайды.
Осы тармақта белгіленген шектеулер осы Заңның 67-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн.
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiк бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуға негіз болып табылады.
1) сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) тағайындау кезінде заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар Қазақстан Республикасының азаматтары;
3) шетелдiктер не азаматтығы жоқ адамдар;
4) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде, өздерінің кiнәсiнен бұқаралық ақпарат құралын шығару мен тарату сот шешiмiмен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған Қазақстан Республикасының азаматтары бас редактор (редактор) бола алмайды.
1) мерзiмдi баспасөз басылымының атауы;
2) мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi;
3) бас редактордың (редактордың) тегi мен аты-жөні;
4) есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәлiктiң күнi мен нөмiрi және оны берген органның атауы;
5) басылымның мерзiмдiлiгi;
6) мерзiмдi баспасөз басылымының жарық көрген күні мен рет нөмiрi;
7) осы шығарылымның таралымы;
8) баспахананың атауы, оның мекенжайы және редакцияның мекенжайы.
1) интернет-басылымның атауын;
2) интернет-басылымның меншік иесінің тегі мен аты-жөнін немесе атауын;
3) бас редактордың (редактордың) тегі мен аты-жөнін;
4) есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәліктің күні мен нөмірін және оны берген органның атауын;
5) редакцияның байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефон нөмірін, электрондық поштасының мекенжайын) орналастыруға міндетті.
Бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық нысандары олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың "орталық" мәртебесі берілген мемлекеттік кітапханасына жiберіледi.
Бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi тегiн даналарының электрондық нысандары олар әзірленген күнi уәкiлеттi органға жiберіледi.
Бір ұйымның шегінде таратылатын және оның қызметін жариялауға бағытталған, таралымы бес жүз данадан кем мерзімді баспасөз басылымдарын, сот практикасының бюллетеньдерін, ресми, нормативтік және өзге де актілерді есепке қою талап етілмейді.
Осы Заңның 19-бабына сәйкес интернет-ресурстың өз қызметін интернет-басылым ретінде жүзеге асыруға құқығы бар.
1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атаумен және сол аумақта тарататын не оның атауы бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының, интернет-басылымның, теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын, интернет-басылымды, теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәлiк берген болса;
2) егер мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініштің мазмұны осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес келмесе не егер теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініштің мазмұны осы баптың 6-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын, интернет-басылымды немесе теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алым төленбесе;
4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын, интернет-басылымды немесе теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына, интернет-басылымға немесе теле-, радиоарнаға меншiк құқықтарын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың күні мен нөмірі көрсетілмесе;
5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бiр бөлiгi) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзiмдi баспасөз басылымы, интернет-басылым немесе теле-, радиоарна есепке қоюға мәлімделген болса, не атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi баспасөз басылымы, интернет-басылым немесе теле-, радиоарна мәлімделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәлiк беруден бас тартады.
1) мерзімді баспасөз басылымының немесе интернет-басылымның меншік иесінің – жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, мерзімді баспасөз басылымының немесе интернет-басылымның меншік иесінің – заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері;
2) мерзімді баспасөз басылымының немесе интернет-басылымның материалдары мен хабарларының тілі (тілдері);
3) шығарылымның болжамды мерзімділігі;
4) негізгі тақырыптық бағыты;
5) таралатын аумағы;
6) бас редактордың (редактордың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
7) редакцияның мекенжайы.
1) теле-, радиоарнаның меншік иесінің – жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, теле-, радиоарнаның меншік иесінің – заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері, ұйымдық-құқықтық нысаны;
2) меншікті және ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тәуліктік көлемі көрсетіле отырып, теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты.
Өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы міндеттеме;
2) теле-, радиоарнаның меншік иесінің кірер есігі бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға, оның ішінде:
телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған арнаулы үй-жайларға (студиялық, аппараттық, қосалқы);
шығармашылық персоналды орналастыруға арналған үй-жайларға (редакциялық);
әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайларға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысаны.
Теле-, радиоарнаның меншік иелері есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап алты ай ішінде теле-, радио бағдарламаларды таратуға кірісу құқығын сақтайды.
Интернет-басылымның меншік иелері есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлар мен материалдарды таратуға кірісуге тиіс.
Егер мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша интернет-басылымның меншік иесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқаны анықталса, уәкілетті органның шешімімен интернет-басылымды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады.
Теле-, радиоарнаның меншiк иесi ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ теле-, радиоарнаның аты өзгерген жағдайларда ол қайта есепке қойылуға жатады.
Масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға жол беріледі.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтату оны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәліктің күшін жоюға алып келеді.
Масс-медиа интернет-ресурс болып табылғанда, масс-медианы шығаруды не масс-медиа өнімін таратуды тоқтату туралы сот шешімі домендік атты тіркеудің күшін жоюға және тіркелуі сот шешімімен жойылған домендік атты дәл сол немесе қайталанатын атаумен бір жыл ішінде пайдалануға тыйым салуға алып келеді.
Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды шетелдік телерадиокомпаниялардың өкілдері жүзеге асырады.
Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркеуді немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуді жүргізеді;
2) шетелдік теле-, радиоарнаның апта сайынғы хабар тарату көлемінде отандық теле-, радио бағдарламаларды теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің кемінде он пайызы мөлшерінде үш айда бір рет жаңарта отырып трансляциялауды қамтамасыз етеді және (немесе) дәл осындай талаптарға сәйкес трансляцияланатын білім беру, мәдени-ағарту, спорттық-ойын-сауық және демалу сипатындағы теле-, радиобағдарламалардың мемлекеттік тілге аударылуын қамтамасыз етеді.
Діни бағыттағы шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін дінтану сараптамасынан кейін жүзеге асырылады.
Мыналар:
1) сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар;
2) тағайындау кезінде заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар азаматтар;
3) шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдар;
4) сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде, өздерінің кінәсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар аталған заңды тұлғаның басшысы және (немесе) теле-, радиоарнаны эфирге дайындауды және оның шығуын жүзеге асыратын адам (редактор) бола алмайды.
1) өтініш уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмесе;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алым төленбесе;
3) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, экстремизмдi немесе терроризмді, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттауды және үгiттеуді, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино-, бейнеөнiмдердi, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпаратты қамтыса;
4) дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша теріс қорытынды болса;
5) шетелдік теле-, радиоарнаның өнімдеріне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында оны таратуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі болса;
6) "электрондық үкіметтің" веб-порталында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер болмаса, шетелдік телерадиокомпания өкіліне шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік беруден бас тартады.
1) хабарлар мен материалдарды жинауды, өңдеуді, дайындауды жүзеге асыруға, ақпаратты сұратуға, алуға және таратуға;
2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысанындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық іс-шара өткiзу туралы шешiм қабылданған жағдайларды қоспағанда, өзiн аккредиттеген мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар өткiзетiн барлық іс-шараларға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, оның iшiнде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалана отырып жазбалар жүргізуге, кино- және фототүсiрілім жасауға;
4) журналист куәлігін, айырым белгісін көрсету арқылы дүлей зілзалалар ауданында, бейбіт жиналыстарда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделерді білдірудің өзге нысандары кезінде болуға;
5) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерді қоспағанда, құжаттармен және материалдармен танысуға рұқсат алуға;
6) алынатын ақпараттың анықтығын тексеруге;
7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;
8) өзi әзірлеген хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;
9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оны өз қолын қойып жариялаудан бас тартуға;
10) авторлық құпия және ақпарат көздерінің құпиясы соттың талап етуі бойынша жария етілетін жағдайларды қоспағанда, осы құпиялар мен ақпарат көздерін сақтауға құқығы бар.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, өзi еңбек қатынасында немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;
2) таратылатын ақпараттың анықтығын тиісті жеке және (немесе) заңды тұлғаларға сұрау салулар жіберу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен тексеру бойынша шаралар қабылдауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтініштерді қанағаттандыруға;
4) шындыққа сай келмейтiн ақпаратты таратпауға;
5) егер мәліметтер ресми хабарларда көрсетілген және (немесе) оларды жеке және (немесе) заңды тұлғаның өзі не олардың өкілдері қолжетімділігі шектелмеген дереккөздерде таратқан жағдайларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғадан не олардың өкілдерінен бұқаралық ақпарат құралында жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларын таратуға келісімін алуға;
6) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн құрметтеуге;
7) аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерге бару кезінде кіру режимінің және объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтауға;
8) кәсіби әдеп (әдептік мінез-құлық) нормаларын сақтауға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
Аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі жағдайында журналистерге (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне) аккредиттеу карталары беріледі.
Аккредиттеу картасы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бірыңғай медиаплатформа арқылы беріледі.
Журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Ақпарат иеленушілер, ұйымдар журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидалары негізінде журналистерді аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралының меншік иесiнің Қазақстан Республикасының және болу мемлекетінің заңнамасында көзделген тәртiппен басқа мемлекеттерде тілшілер қосынын ашуға, журналистердi аккредиттеуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдіктерінің және олардың журналистерінің тізілімін жүргізеді.
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады:
1) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын бекіту;
2) уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;
3) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі, оның ішінде балаларға арналған контентті жасауға және өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарын дамытуға бағытталған мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;
4) республикалық деңгейде мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың тақырыптық бағыттарын және олар бойынша қаржыландыру көлемдерін айқындау және бекіту;
5) Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялардың негізгі функциялары мыналар болып табылады:
1) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі, оның ішінде балаларға арналған контентті жасауға және өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарын дамытуға бағытталған мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;
2) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның қарауына және ұсынымдар алу үшін жіберу;
3) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Гранттар мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде:
балаларға арналған контентті жасауға;
өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарын дамытуға беріледі.
1) қысқа мерзімді гранттар – іске асырылуы бір жылға дейінгі мерзімді құрайтын гранттар;
2) ұзақ мерзімді гранттар – іске асырылуы бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімді құрайтын гранттар.
Гранттарға арналған конкурсты уәкілетті орган жариялайды және хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес гранттар беру және оларды іске асыру рәсімдерінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді.
Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы мен ережесін уәкілетті орган бекітеді.
Уәкілетті орган жанындағы гранттар бөлу жөніндегі комиссия тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысы негізінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен гранттар беру туралы шешім қабылдайды.
Гранттар беру үшін көзделген бюджет қаражаты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, грант беруге және оның іске асырылуына арналған шартта белгіленген мақсаттарда және тәртіппен оларды іске асырудың бүкіл мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған мәліметтерді қамтитын, интернет-ресурста пайдаланушылар орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға жол берілмейді.
Ресми хабарды ауызша нысанда тарату ақпарат иеленушінің басшысының немесе осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамының көпшілік алдында сөз сөйлеуі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ресми хабарды жазбаша түрде, оның ішінде электрондық құжат нысанында таратқан кезде оған ақпарат иеленушінің басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамы қол қоюға (электрондық құжат жағдайында – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылуға) тиіс.
Ақпарат иеленушінің басшысы қосымша зерделеу мен тексеруді талап ететін, берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі жазбаша сұрау салуды қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, ол жөнінде бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазбаша және (немесе) электрондық құжат нысанында берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салулары бас редактордың (редактордың), уәкілетті тұлғаның немесе аккредиттелген журналистің қолы қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.
Берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салуларға жауаптар, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, келіп түскен сұрау салу нысанында ұсынылады.
Бұқаралық ақпарат құралының журналисі ақпарат иеленушіге телефон арқылы ауызша сұрау салумен жүгінген кезде өзін таныстыруға және әңгіменің аудиожазбасы жүргізілген жағдайда, ол жөнінде хабарлауға міндетті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазбаша және (немесе) электрондық құжат нысанында берілген ақпаратты беру туралы сұрау салулары бас редактордың (редактордың), уәкілетті тұлғаның немесе аккредиттелген журналистің қолы қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.
Сұрау салуға жауап, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, келіп түскен сұрау салу нысанында және тілінде ұсынылады.
Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, ақпарат иеленушінің басшысы қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, ол жөнінде бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
1) егер сұрау салудың мазмұны сұрау салу жіберілген ақпарат иеленушінің құзыретіне кірмесе;
2) егер сұрау салу осы Заңның талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер сұратылатын ақпарат қолжетімділігі шектелген ақпаратқа жататын болса;
4) мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін;
5) ведомствоаралық және ведомствоішілік хат алмасу немесе мемлекеттік органдардағы кеңесулер негізінде тұжырымдалатын түпкілікті шешім қабылданғанға дейін;
6) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен құжаттарды ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін бас тартылады.
Ресми хабарларды бермегені немесе уақтылы бермегені үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
1) заңды күшіне енген сот шешімін, егер онда осы сот процесі бойынша жауапкер болып табылған бұқаралық ақпарат құралында жауапты немесе теріске шығаруды жариялау туралы талап қамтылатын болса;
2) "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес төтенше жағдайды енгізу туралы ресми хабарларды;
3) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
4) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
5) осы баптың 1-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын жариялауға міндетті.
1) эфирге күн сайын шығатын теле-, радиоарналар – бір тәулік ішінде;
2) жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі немесе уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдары – осындай жарияланымдар үшін уәкілетті мемлекеттік органдар не сот белгілеген мерзімде жариялайды.
Азамат немесе заңды тұлға теріске шығаруға жүгінген жағдайда бұқаралық ақпарат құралында таратылған мәліметтердің шындыққа сай келетіні жөнінде дәлелдемелері болмаған осы бұқаралық ақпарат құралының редакциясы оларды нақ сол бұқаралық ақпарат құралында теріске шығаруға міндетті.
Осы бапта көрсетілген құқықтардың бұзылуына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарына қойылатын талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі осындай мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап бір жылды құрайды.
Мерзімді баспасөз басылымдарында теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған жерде нақ сол қаріппен жариялануға және "Теріске шығару" тақырыбымен орналастырылуға тиіс.
Телевизия және радио арқылы теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты нақ сол тәулік уақытында және нақ сол теле-, радиобағдарламада, ал көрсетілген теле-, радиобағдарлама жабылып қалған жағдайда оған сәйкес келетін тақырыптық бағыттағы өзге теле-, радиобағдарламада берілуге тиіс.
Интернет-басылымдарда теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал жарияланған бөлімде нақ сол қаріппен және "Теріске шығару" тақырыбымен жариялануға тиіс.
Теріске шығарудың көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі және одан да көп есе аспауы керек.
Мерзімді баспасөз басылымдарында жауап теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған жерде нақ сол қаріппен жариялануға және "Жауап" тақырыбымен орналастырылуға тиіс.
Телевизия және радио арқылы жауап теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты нақ сол тәулік уақытында және нақ сол теле-, радиобағдарламада, ал көрсетілген теле-, радиобағдарлама жабылып қалған жағдайда оған сәйкес келетін тақырыптық бағыттағы өзге теле-, радиобағдарламада берілуге тиіс.
Интернет-басылымдарда жауап теріске шығарылған хабар немесе материал жарияланған бөлімде нақ сол қаріппен және "Жауап" тақырыбымен жариялануға тиіс.
Жауаптың көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі және одан да көп есе аспауы керек.
Азаматтың немесе заңды тұлғаның не олардың өкілдерінің жауабы:
жарыққа (эфирге) күн сайын шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында – азаматтан немесе заңды тұлғадан не олардың өкілдерінен жауап беруге құқық беру туралы талап алынған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде;
жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында – жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады немесе беріледі.
Бұқаралық ақпарат құралы, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның не олардың өкілдерінің жауабында таратылуына Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін өзгеше түрде бұзатын ақпарат қамтылса, жауапты жариялаудан бас тартуға құқылы.
1) жарыққа (эфирге) аптасына кемінде бір рет шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында – егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, теріске шығару туралы талап алынған күннен бастап екі тәулік ішінде;
2) жарыққа (эфирге) шығару кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында – егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады.
Өзіне қатысты іскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған заңды тұлға мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтiрiлген залалды өтеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен талап етуге құқылы.
Дербес құрылымдық уәкілетті бөлімше және (немесе) штаттық лауазым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген штат саны лимиттерінің шегінде құрылады, сондай-ақ мемлекеттік органның (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) бірінші басшысына тікелей бағынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, штат саны жиырма бес адамнан аз мемлекеттік органдарда осы баптың 2-тармағында белгіленген функциялар мемлекеттік орган қызметкерлерінің біріне негізгі функционалдық міндеттерінен босатылмай жүктеледі.
Жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында берілген өтініштер қол қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.
Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті сараптама тобы ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Жауап мемлекеттік тілде немесе жүгіну тілінде ұсынылады.
Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және өтінішке жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, уәкілетті орган қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, ал өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
Ескертпе. Осы баптың мақсатында кибербуллинг деп масс-медиа пайдаланыла отырып жасалған, балаға қатысты қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан да көп) әрекеттер, баланы қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер түсініледі.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық-кәсіптік кеңестер жергілікті кәсіптік қоғамдастықтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
Телерадиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары, теле-, радиобағдарламаларды жасаушылар мен дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын тарату субъектілері болып табылады.
1) уәкілетті органда теле-, радиоарнаны бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке қоюды жүзеге асырады;
2) қалыптастырылатын теле-, радиоарналардың техникалық параметрлерінің телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес сақталуын қамтамасыз етеді;
3) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларды беру сапасын қамтамасыз етеді;
4) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген сәйкестік сертификаттары бар теле-, радиоарналарды қалыптастырудың техникалық құралдарын пайдаланады.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телерадиокомпаниялармен және телерадио хабарларын тарату операторларымен жасалған шарттардың негізінде телерадиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторларына телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін пайдалануға тең құқық береді;
2) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісінің біртұтас мүліктік кешенінің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін күтіп-ұстау мен пайдалануды жүзеге асырады;
4) заманауи озық технологиялар негізінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін дамыту мен жаңғыртуды жүзеге асырады;
5) міндетті теле-, радиоарналарды және еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды жүзеге асырады;
6) жасалған шарттар негізінде цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды белгіленген тарифтерге сәйкес жүзеге асырады;
7) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тарифтерді өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
8) цифрлық эфирлік хабар тарату желісінің цифрлық және аналогтік эфирлік хабар тарату желілерінде міндетті теле-, радиоарналарды таратуға арналған спутникте спутниктік ресурсты резервке қоюды қамтамасыз етеді.
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде уәкілетті орган телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі бойынша мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың трансляциясын және (немесе) ретрансляциясын аналогтік және цифрлық телерадио хабарларын тарату арқылы қамтамасыз ету жөніндегі шығындарын өзге қаржыландыру көздері болмағанда төтенше жағдайдың бүкіл қолданылу мерзімінде ұлттық оператор белгілеген тарифтерге сәйкес өтейді.
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшкеннен кейін телерадио хабарларын тарату желілерін өз қаражаты есебінен одан әрі дамытуды жүзеге асырады.
1) теле-, радиоарналар топтамаларын трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес телерадиокомпаниялармен жасалған шарттардың негізінде теле-, радиоарналарды трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау;
3) егер телерадио хабарларын тарату операторлары мен телерадиокомпаниялар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, теле-, радиоарналарды теле-, радиобағдарламаларының мазмұнын өзгертпей ретрансляциялау арқылы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Осы тармақшаның ережесі осы Заңның 58-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды;
4) осы Заңның 22-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік телерадиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау;
5) міндетті теле-, радиоарналарды, еркін және шартты қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау арқылы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген сәйкестік сертификаттары бар техникалық құралдарды теле-, радиоарналарды тарату үшін пайдалануға;
трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды телерадио хабарларын таратудың техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;
цифрлық форматта сигнал алу және контентті жеткізудің цифрлық технологияларын пайдалану кезінде цифрлық телерадио хабарларын тарату стандарттарына сәйкес бағдарламалық лек жылдамдығымен цифрлық форматта өзі пайдаланатын барлық желідегі теле-, радиоарналар сигналдарын трансляциялауды қамтамасыз етуге;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес отандық теле-, радиоарналарды трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды жүзеге асыруға міндетті.
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган жанынан уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен консультативтік-кеңесші орган – телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, телерадио хабарларын тарату операторлары көпарналы хабар таратуда және телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердi негiзделген шығындар негiзiнде өз бетінше белгiлейдi.
1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде елу бес пайызды;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде алпыс пайызды құрауға тиіс.
Осы тармақтың талабы халықаралық келісімдер негізінде хабар тарататын телеарналарға қолданылмайды.
1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде елу бес пайызды;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде алпыс пайызды құрауға тиіс.
1) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде тұратын тұрғындардың спутниктік қабылдау құрылғыларын сатып алуы;
2) телерадио хабарларын тарату операторының теле-, радиоарналарды байланыс спутниктерінде орналастырылатын ретрансляторлар арқылы таратуы;
3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензияның болуы;
4) елу мыңнан аспайтын тұрғыны бар кемінде он елді мекенде меншік немесе пайдалану құқығында меншікті сату желісін иелену.
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымы бойынша міндетті мемлекеттік теле-, радиоарналардың тізбесі конкурс өткізілмей қалыптастырылады және оны уәкілетті орган бекітеді.
1) осы Заңның 69-бабының 4-тармағына сәйкес цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарататын теле-, радиоарналар топтамасына енгізілген теле-, радиоарналардан;
2) осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған теле-, радиоарналардан қалыптасады.
Уәкілетті орган телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялауды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсатта техникалық құралдардың орналасқан жері, оның ішінде типтері, географиялық координаттары, сондай-ақ пайдаланылатын таратушы радиоэлектрондық құралдардың нақты қуаты көрсетілген антенна құрылғыларының орналасуы көрсетілуге тиіс.
1) әлеуметтік жарнаманы;
2) тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталама жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы;
3) тек жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға маманданған шетелдік теле-, радиоарналар тарататын жарнаманы қоспағанда, жарнаманың таратылуына жол бермеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды) таратуға жол беріледі.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ғимараттарының күту залдарында көпшілікке көрсету үшін тек отандық теле-, радиоарналар таратылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат:
1) құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған адамның және оның заңды өкілдерінің;
2) құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің;
3) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған он алты жасқа толған кәмелетке толмаған адамның және оның заңды өкілдерінің келісімімен масс-медиада таратылуы мүмкін.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың бірі масс-медиада ақпарат таратуға өз келісімін бермеген жағдайда, мынадай:
1) он төрт жасқа толған және құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған адамның немесе егер заңды өкіл осы құқыққа қайшы әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) жасалуына күдікті немесе айыпталушы болып табылса, оның заңды өкілдерінің келісімінсіз;
2) зардап шеккен кәмелетке толмаған адамның бір заңды өкілі Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде болған және оның келісімін алу мүмкін болмаған жағдайда екінші заңды өкілінің келісімімен болатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты таратуға тыйым салынады.
Бұқаралық ақпарат құралы, сол сияқты оның бас редакторы (редакторы), журналисі шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін, егер олар:
1) ресми хабарларда қамтылса;
2) бұқаралық ақпарат құралының журналистік сұрау салуына берілген жауапта қамтылса немесе бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) материалдарынан алынса;
3) жарнама берушілерден және жарнама жасаушылардан алынса;
4) таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды немесе уәкілетті адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса;
5) алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтіндерде қамтылса;
6) таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өз хабарында осы хабарды таратқан бұқаралық ақпарат құралына сілтеме көрсетілген жағдайда уәкілетті органда есепке қойылған басқа бұқаралық ақпарат құралы таратқан хабарларда, материалдарда немесе олардың фрагменттерінде қамтылса;
7) осы Заңның 37-бабына сәйкес белгіленген міндетті хабарларда қамтылса, жауапты болмайды.
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін мемлекеттік емес еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды тарату бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уәкілетті орган айқындаған тәртібі мен мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аналогтік жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) арқылы таратылатын телеарналарды уәкілетті орган нақ осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында конкурс өткізбестен цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісіндегі еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне міндетті түрде қосады.
Телеарна еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың бекітілген тізбесінде болмаған жағдайда телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы техникалық мүмкіндік болған кезде хабар таратудың цифрлық эфирлік желісі арқылы таратылатын теле-, радиоарналар топтамасының құрамына оны өз бетінше қосуға құқылы.
Осы теле-, радиоарналарды тарату жасалған шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының және өзімен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан жүгінген бір мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыға бір жалғама деген есеппен жүргізіледі.
Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады, жалғамалар алушыға, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа адамдарға қайта берілмейді.
"35) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс – бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын, бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған тапсырыс;".
1) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының;
2) "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
|
Қазақстан Республикасының |
Қ. ТОҚАЕВ |