Қызмет бағыттары бойынша мекеме функциялары

 1) өз құзыреті шеңберінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне, сондай-ақ мүдделі ұйымдар мен тұлғаларға өз қызметі туралы ақпарат береді;

2) бағдарламалық мақаланың іске асырылуын халыққа арналған ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;

3) өскелең ұрпақтың рухани, мәдени және шығармашылық әлеуетінің өзін-өзі ұйымдастыруын және өзін-өзі іске асыруын жандандыратын білім және тәрбие беру, әлеуметтік және мәдени жобаларды қолдау мен сүйемелдеуді жүзеге асырады;

4) өңір аумағында бағдарламалық мақала бойынша әлеуметтік зерттеулерге, бастамашы жобалар мен даму үрдістерінің тәуекелдерін болжауға қатысады;

5) қазақ әліпбиінің  латын графикасына көшуінебайланыстыөңірде жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды тұрақты мониторингтеу жөніндегі, ақпараттық-насихаттау жұмыстарына қатысады;

6) бағдарламаны іске асыру бойынша мәдениет мекемелерінің (мұражайлар, кітапханалар, мұрағаттар) белсенді қатысуын қамтамасыз етуін қолдануды жүзеге асырады;

7) әлемдік қоғамдастықта Ақтөбе облысы мен Қазақстанның жағымды мәдени бейнесін қалыптастыруға қолдау көрсетуді жүзеге асырады;

8) Қазақстанның киелі географиясы жобаларын іске асыру бойынша сүйемелдейді және қолдау көрсетеді;

9) өңірдің өзекті қажеттіліктерін және азаматтық бастамаларды ынталандырады, мемлекет, бизнес-құрылымдар өкілдері, ҮЕҰ, еріктілер мен халықты өңірлік жобаларды іске асыруға және қолдауға бағыттайды;

10) белсенді азаматтар, бизнес-құрылымдар өкілдері, ҮЕҰ және еріктілерді  ынталандыру жүйесін ұйымдастырады;

11) азаматтар, ҮЕҰ, еріктілер, меценаттардың қатысуымен әлеуметтік жобалардың іске асыру үздік тәжірибесін таратады;

12) азаматтардың кіші отанын дамытуға қатысу арқылы азаматтық жауапкершілік деңгейін көтереді.

Тел.: 8 (7132) 54-80-14, 54-66-18

Директордың міндетін атқарушы: Нұрмұхамедова Данагүл Бегімқызы

Дата публикации
13 мая 2024