«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ облыс
әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №373 қаулысымен
бекітілген Ереже негізінде әрекет етеді.
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылдың 26 наурыздағы
№129 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі
және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 27 наурыздағы №75
«Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №364
қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы негізінде:
«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ төмендегі
бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат бөлінді:
263 001 015 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты
іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы
бойынша – 1 500,0 мың теңгеге ұлғайтылды.
263 005 015 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»
бюджеттік бағдарламасы бойынша – 4 465,0 мың теңгеге
ұлғайтылды.
263 032 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
ведомстволық бағынысты мемлекеттік органның күрделі
шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша – 2 785,0 мың
теңгеге ұлғайтылды.
263 075 015 «Облыс бойынша Қазақстан халқы
Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік
бағдарламасы бойынша – 53 734,0 мың теңгеге ұлғайтылды.