Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ Ақтөбе облысында, Алға, Хромтау аудандарында мерзімді баспа басылымдары (газеттер, журналдар), теле -, радиоарналар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40-үй, 304-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі 2023 жылғы 27 шілде күнгі сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40-үй, 304-кабинет мекенжайы бойынша 2023 жылғы 28 шілде күнгі сағат 11:00-де ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын  қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Қағидалардың 8 және 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3 және 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Дата публикации
12 июля 2023