Ақпарат

 

1.Саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар

           Облыс көлемінде республикалық саяси партиялардың 7 филиалдары тіркелген.

         Ақтөбе облысысында 866 үкіметтік емес ұйым тіркелген.

Оның ішінде:

- қоғамдық бірлестіктер – 485;

- қоғамдық қорлар – 222;

- заңды тұлғалар бірлестігі – 41;

- жеке меншік мекемелер – 118.

          Бүгінгі күні 150-ге жуық ұйым белсенді жұмыс жасайды.

           Үкіметтік емес ұйымдардың 705 (81,4 %) Ақтөбе қаласында тіркелсе, 161 (18,6 %) аудандарда тіркелген.

 

                                     2.БАҚ

          Қазіргі таңда облыста 42 БАҚ жұмыс жасайды. Баспасөз басылымдарының саны – 34 (23-газет, 11-журнал), электронды БАҚ саны – 8 (2-телеарна, 2-радио, 2-ақпараттық портал, 2-кабельді оператор).

           Мемлекеттік БАҚ саны – 3 («Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттері, «Ақтөбе» телеарнасы), қалған БАҚ жекеменшіктік және ведомстволық мекемелерге тиесілі (жоғары оқу орындары, т.б.).

           Олардың ішінде өңірде жетекші баспасөз басылымдарының қатарында облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», мемлекеттік емес «Диапазон», «Керек инфо», «Актобе Таймс» газеттері бар.Сондай-ақ, 12 аудандық газет таралады.

             Облыстық екі басылым апта сайын 2 рет, қалған басылымдар 1 рет шығарылады.

             Жетекші электронды БАҚ қатарында облыстық «Ақтөбе», «Рика ТВ» телеарналары, «Ақтөбе» және «Lux FM» («Тандем») радиолары жұмыс жасайды.

                                      3.Жастар саясаты

              ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша 2023 жылға облыста 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар саны 266 789 адамды (облыс халқының жалпы санының 28,7%) құрады, оның ішінде қалалық жерлерде – 161 341 адам, ауылдық жерлерде -105 448 адам.

               Облыста жастармен мекен-жай жұмысын жасау үшін 14 жастар ресурстық орталығы (1 облыстық, 1 қалалық және 12 аудандық), штат саны – 136 адам ашылды.

                Жоғары оқу орындарында, колледждерде жастар комитеті жөніндегі комитеттер - 45, ірі кәсіпорындарда-11 жас мамандар кеңесі бар.

 

Дата публикации
26 мая 2023