Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау қорытындысы бойынша ақпарат

2022 жыл 23 ақпан                                                                                  

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы:ақпараттық-имидждік іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалануы мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:ақпараттық-имидждік іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ,

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін.

  1. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1.  Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ бойынша жыл сайын Мемлекет Басшысының жолдауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқықбұзушылық профилактикасы, індеттің алдын алу мен вакциналау, нашақорлықтың алдын алу, дін мәселелері, экстремизм және терроризммен күрес, атаулы мерейтойлық даталар, т.б. шараларды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жоспарлар әзірленеді.

Қазіргі уақытта облыс аумағында 44 бұқаралық ақпарат құралдары (әрі қарай - БАҚ) тіркелген. Оның ішінде баспа - 35 (24 газет, 11 журнал), 9 электрондық БАҚ (оның ішінде 2 телеарна, 3 радиостанция, 2 кабельдік теледидар, 2 ақпараттық агенттік).Облыс аумағында 21 Республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері жұмыс істейді (оның ішінде 4 газет, 10 телеарна, 6 ақпараттық портал, 1 радиостанция).

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:

Ақпараттық-имидждік іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалануы мәселесі бойынша «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ, мемлекеттік аудит жүргізілді.

Мемлекеттік аудитпен анықталғаны:

1) тиімсіз жоспарланғанқаражаттардың  жалпы сомасы 525 405,8 мың теңге;

3) 12 (он екі)бірлік рәсімдік бұзушылық.

Атап айтқанда:

  1. Тиімсіз жоспарланған қаражаттардың жалпы сомасы 525 405,8 мың теңге:
  • «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ–де жүргізілген талдау нәтижелеріне сүйене отыра, Мекемемен 2021 жылы 263-007-015 «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 506 617,6 мың теңге бюджет қаражаттарының тиімсіз жоспарланғандығы анықталды. Яғни, Бюджет Кодексінің тиімділік қағидаты сақталмаған.
  1. 12 (он екі) бірлік рәсімдік бұзушылық.

«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ–де жүргізілген мемлекеттік аудитпен анықталғаны:

1.2018, 2019, 2020 және 2021 жылдарға арналған бюджеттік өтінімдеріндегі 159 ерекшелігі бойынша есептерге шығыстардың әрбір түрі бойынша тиісті құжаттар мен негіздемелер (прайс-парақтар) ұсынылмай жасалған.

  1. Мекемеде, 2018-2020 жылдары және 2021 жылдың 9 айында бюджеттік бағдарламаға енгізілген өзгерістердің салыстырма кестелері жасалмаған.
  2. Мекемемен 2018-2019 жылдардың бюджеттік бағдарламаларында түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерiбелгілі бір уақыт кезеңінде қол жеткізілуге тиіс белгілі бір қорытындылар, абсолюттік, сол сияқты салыстырмалы немесе пайыздық шамаларында көрсетілмеген.
  3. 2018 жылы Мекемемен «ТРК Тандем-Атырау» ЖШС-гі жасалған шарт, шарт жасасудан жалтарды деп танылмай, мемлекеттік сатып алу туралы шарты бұзылмаған және ол еңгiзген конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету қаржысы ұсталмаған.
  4. Мекемемен тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден жасалған 2018 жылғы 25 қаңтардағы №5, 2018 жылғы 29 қаңтардағы №6, 2018 жылғы 14 қыркүйектегі №106, 2019 жылғы 02 ақпандағы №8, 2019 жылғы 02 ақпандағы №7, 2020 жылғы 28 сәуірдегі №65, 2020 жылғы 12 қазандағы №1 (2020 жылғы 12 ақпандағы №14 келісім шартқа қосымша келісім-шарт), 2020 жылғы 15 қазандағы №1 (2020 жылғы 12 ақпандағы №11 келісім шартқа қосымша келісім-шарт), 2021 жылғы 10 ақпандағы №4, 2021 жылғы 02 ақпандағы №5, 2021 жылғы 30 маусымдағы №66 келісім шарттары бойынша веб-порталда бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есептері он жұмыс күнінен кешіктіріліп орналастырылған.

6.Аудитпен қамтылған кезінде бухгалтерлік есептілікті жүргізетін тұлғалар ауысқанда нормативке сай құжаттарға қабылдау-тапсыру актілері жасалмаған.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік бөліністе):мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

IІІ. Қорытынды бөлік 

3.1.  Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:жоқ.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар:

Тексеру комиссиясының отырысында ақпараттық-имидждік іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалануы мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара қорытындыларын қарау ұсынылады.

Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша төменде көрсетілгенді ұсынамын:

  1. Ақпараттық-имидждік сипаттағы іс-шаралардыңбюджет қаражаты есебінен жоспарлануы, жүргізілуі және қаржыландырылуы бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайтын нормативтік-құқықтық акт қабылдау қажеттігі туралы ұсыныс енгізу.
  2. «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ:

1) Бюджет қаражаттарын жоспарлау барысында Бюджет Кодексінің, Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының, Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту)қағидаларының және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың, мемлекеттік сатып алулар барысында Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарынсақталуын қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

Дата публикации
23 февраля 2022