Нақтыланған азаматтық бюджет 2022-2024 (желтоқсан)

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2022-2024 жылдарға арналған  азаматтық бюджеті

 

  1. 263 001 015 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы
  2. Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

          2021 жылы ішкі саясат басқармасының аппаратын ұстауға 288 634,0 мың теңге бөлініп, бюджет қаражаты 22 бірлік мемлекеттік қызметшілер мен 4 штаттан тыс қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге – 82 472,0 мың теңге, ел ішінде және одан тыс жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарларға – 1 791,0 мың теңге, Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға – 4375,0 мың теңге, кеңсе тауарларын сатып алуға және газеттер мен журналдарға жазылуға – 1 526,0 мың теңге, байланыс қызметтерін төлеуге – 2 606,0 мың теңге,  көлік қызметтеріне ақы төлеуге – 6 761,0 мың теңге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге ақы төлеуге  – 108 684,0 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге – 9 506,0 мың теңге.

              2021  жылдың   қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының ішкі  саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында  жалпы  құны 108 684,0 мың.теңгені құрайтын 12әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды. Оның ішінде, 6 жобаны - «Қазақстанның жастар фракциясы» ҚБ, 3 жобаны – «Ақтөбе облысының ҮЕҰ Ассоциациясы» ЗТБ, 1 жобаны – «Ақтөбе облысының медиаторлар Кеңесі» ҚБ, 1 жобаны – «Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі Кеңес» ҚБ, 1 жобаны -  «Аңсар-Байғанин» ҚБ жүзеге асырды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының жастар еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыру және дамыту бойынша қосымша төлем жобасы бойынша және   «Жасыл Ел» және «Студенттік құрылыс» жасақтарында маусымдық қызмет атқарған сарбаздарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ынталандыру шаралар қызметі бойынша "Атамекен" студенттер отрядының жастар қоғамдық бірлестігімен келісім-шарт жасақталып, жұмыстар жүргізілді.

               Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әзіл-сықақ ойындарын өткізу қызметі "Қазақстан КВН Одағы" Республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен жүзеге асырылды.

               Отбасы құндылығын насихаттау бойынша көпбалалы отбасылардың проблемасын талқылау мақсатында кездесулер өткізілді, ажырасу алдында тұрған отбасыларға психологтарды, медиаторларды тарта отырып, практикалық көмек көрсетілді. Отбасы күніне орай салтанатты шара өткізілді.

              Қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту бойынша көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Ақпараттық материалдар дайындалып, тұрғындарға таратылды.

              Қарт адамдардың әлеуметтік-қоғамдық белсенділігін арттыру, оларды әлеуметтік шараларға тарту. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында іс-шаралар ұымдастырылды.

              Журналистер қоғамының қызметін жұмылдыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында семинар-тренингтер өткізілді. БАҚ қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылып, облыс әкімі атынан үздік БАҚ өкілдері марапатталды.

              2021 жылы облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық техникалық реттеу және метрология департаменті бірлесіп 23 облыстық басқармада ҚР Мемлекеттік рәміздерін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларының орындалуына мониторинг жүргізді.

              Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық ішкі саясат басқармасы патриоттық тәрбие беру жұмысын күшейту, ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану мақсатында облыстық басқармалардың жауапты қызметкерлеріне, мәдениет саласындағы ұйымдардың басшыларына,

 

 

мектептер мен колледж, балабақша директорларына арналған арнайы семинарлар ұйымдастырып, 560 адам қамтыды.

              Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп 2021 жылғы 4 маусымда – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғимаратында ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау орталығының ашылуы өтті. Насихаттау орталығына ғимараттың бірінші қабатынан арнайы кабинет бөлінді.

              Қазіргі таңда аталған орталықта оқушылар, студенттер және этномәдени бірлестіктер өкілдері арасында ҚР Мемлекеттік рәміздері жөнінде білім беру және қолдану практикасын насихаттауға қатысты түрлі шаралар өткізілуде.

              2021 жылы 8 тақырыпта әлеуметтік зерттеу жұмысын жүргізу жоспарланды. Оның ішінде 6 тақырып бойынша зерттеу жұмысы жүргізіліп, 2 тақырып бойынша әлеуетті жеткізуші техникалық ерекшеліктегі талаптарды орындамауына байланысты сотқа берілді.

              Ұлт Жоспары шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында, 2021 жылы өңірлік «Ақтөбе ақпарат» орталығының баспасөз алаңында барлығы 182 баспасөз мәслихаты, брифингтер, 8 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен пресс-релиздер жарияланды.

  1. Орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жай-күйінің,есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

2022 жылдың жоспары бойынша Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы бойынша төмендегідей  жұмыстар  атқарылады:

-   Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыс бойынша жалпы құны 145 млн. 991 мың теңгені құрайтын 10 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру.Бүгінгі күні 1 жоба бойынша  келісім-шарт бір жақты бұзылды.

-  2022 жылы 8 тақырып бойынша әлеуметтік зерттеу жұмысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 1 әлеуметтік зерттеу жұмысы (Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу) 5 мәрте өткізілді. Конкурсқа қатысқан өнім берушілердің техникалық ерекшелікке сәйкес құжаттарды толығымен тапсырмауына байланысты, конкурс өткізілмеді.

Сонымен қатар, басқармада 263 001 015 – «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»:

 - Қосымша жұмысқа тартылғаны үшін 9 мемлекеттік қызметшілер мен 3 штаттан тыс маманға қосымша 2803,0 мың теңге қаражат қажет етіледі.

- Қызметшілердің іссапар шығындарына қосымша 8819,0 мың теңге қажет етіледі.

- Саяси-қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерінің саны 25 адамнан 22 адамға азаюына байланысты, - 800,0 мың теңге және өтілген іс-шаралардан қаражаттың үнемделуіне байланысты - 1500,0 мың теңге азайтылады.

  1. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы.

Стратегиялық жоспар әзірленбейді.      

  1. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақтық дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы:

Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар

көзделмеген.

  1. Бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы:

263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы:

мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру үшін басқару аппаратының қызметін қамтамасыз ету. Ұлттың бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

263 001 015  - «Жергілікті бюджет есебінен» - 9 322,0 мың теңге. Оның ішінде: 111 ерекшелік бойынша - 2803,0 мың теңге және161 ерекшелік бойынша – 8819,0 мың теңге қосымша қаражат қажет етіледі.

159 ерекшелік бойынша – 800,0 мың теңге және басқа да шығындарға -  1500,0 мың теңге азайтылады.

  1. «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» 263.007 бағдарламасы бойынша
  2. Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

2021 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 21 жергілікті және республикалық БАҚ-пен келісім шарт жасалып, тиісті ақпараттық жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік тапсырыс аясында Мемлекет Басшысының Жолдауын, мемлекеттік бағдарламалардың өңірде іске асырылуын ақпараттық сүйемелдеу, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, денсаулық сақтау, індеттің алдын алу, білім, мәдениет, жастар, ауыл шаруашылығы, сыбайлас жемқорлық, аталып өтілетін мерейтойлық даталар, т.б. маңызды бағыттар қамтылды.

Мәселен, тапсырыс аясында өңірлік телеарналар эфирінен мемлекеттік және орыс тілдерінде 42 тақырыптық хабарлар көрсетілді. Олардың ішінде, «Регион 04», «Мәслихат Live», «Отбасы берекесі», «Давай поговорим», «Ступени успеха», «Қоғам үні», «Қалам құдірет», т.б. жаңа хабарлар жасалды.

Сонымен бірге, жаңалықтар сюжеттермен қатар жаңа  42 астам бейнеролик әзірленіп, дайын 25 бейнероликтер эфирден берілді. Қала көшелеріндегі LED-экрандар арқылы  57 бейнероликтер мен инфографикалар көрсетілді. «Хабар» және «Хабар24» телеарналарымен қатар, республикалық және өңірлік 10 жуық газет-журнал беттерінде материалдар жарияланымдары ұйымдастырылды.

Облыстық телевизиялық бағдарламаларды спутниктік байланыс арналары арқылы спутникке көтеру және тарату мақсатында «Қазақтелерадио» АҚ-мен де тиісті жұмыстар атқарылды.

  1. Орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жай-күйінің, есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

2022 жылғы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысының мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына облыстық ішкі саясат басқармасының басшылығы, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Ақтөбе қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары енгізілді. Ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыстар аталған комиссияның қарауымен шешілді.

2022 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша 20 жергілікті және республикалық БАҚ-пен келісім шарт жасалып, ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде, 8 газет-журналдар, 4 телеарна мен 2 радио, 4 ақпараттық портал бар.

Сондай-ақ, қала көшелеріндегі LED-экрандар, облыстық телевизиялық бағдарламаларды спутниктік байланыс арналары арқылы спутникке көтеру және тарату мақсатындағы «Қазақтелерадио» АҚ тиісті жұмыстар атқарылады.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс Ақтөбе облысының 2022 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі бекітілген тақырыптық бағыттарының тізбесіне сәйкес жүргізілді.

Спутниктік байланыс арнасы арқылы облыстық телевизиялық бағдарламалардың көлемі бойынша жұмыс көлемінің азаюына байланысты үнемделген қаражат сомасы -127,0 мың теңгені құрайды.

  1. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы:

Стратегиялық жоспар әзірленбейді.

  1. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақтық дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы:

Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар көзделмеген.

  1. Бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы:

Мақсаты: Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы хабардар ету және халыққа жеткізу.

Халықтың БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге қанағаттану деңгейі,  2022 жылы-66%,  2023 жылы-66%,  2024 жылы-66%.

  1. 6. Бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағаныттарын нақтылайтын ақпаратты, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы:

2022 жылы бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей  нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:

- Мемлекеттік тапсырысты іске асыру шеңберінде шығарылған өңірлік телевизиялық және радиохабарлар көлемі  - 117 сағат;

- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (газеттер) – 556384 cм2;

- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (журналдар) – 78377 см2.

III. «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» 263 075  бюджеттік бағдарламасы бойынша

  1. Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

2021 жылы осы бағдарламаны іске асыруға 128 837,0 мың теңге бөлініп, бюджет қаражаты 84,5 қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге – 70 342,0 мың теңге, ел ішінде және одан тыс жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарларға – 614 202,0 мың теңге, Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға – 402 256,0 мың теңге, кеңсе тауарларын сатып алуға және газеттер мен журналдарға жазылуға – 1 150,0 мың теңге, байланыс қызметтерін төлеуге – 1 354,0 мың теңге,  көлік қызметтеріне ақы төлеуге – 2 500,0 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге – 15 407,0 мың теңге.

 «Қоғамдық келісім» КММ-сі 2021 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген іс-шаралардың жалпы саны – 149. Оның ішінде: Дөңгелек үстелдер – 11, Мерекелік іс-шара – 13, Қойылым – 7, Мәдени іс-шаралар – 7,Отырыс – 7, Қайырымдылық акциялары – 19,Кездесулер, сұхбаттар – 8, Мақалалар – 6, Концерт – 4, Онлайн іс-шара – 2 , Онлайн конференция,дәріс – 5, Ақпараттық танымдық іс-шара – 4 Семинар, тренинг, пікірталастар – 4, Онлайн дөгелек үстел -5,  Онлайн семинар – 6, Челлендж – 2, Түсірілім – 6, Онлайн көрме – 4,  Акция – 8, Көрме – 2,  Интеллектуалдық ойын – 1, Байқау –1, Сессия – 1, Жоба - 1, Онлайн кездесулер – 5, Онлайн концерт - 4, Сұқбаттасу - 4, Онлайн құттықтаулар - 1, Әдеби композиция - 1.

  1. Орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жай-күйінің, есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

«Қоғамдық келісім» КММ 2022 жылы өткізілуі жоспарланып отырған                  іс-шаралардың жалпы саны – 102. Оның ішінде: Дөңгелек үстелдер – 4, Мерекелік іс-шара – 13, мәдени және көпшілік іс-шара–19, Отырыс – 6, Қайырымдылық акциялары – 4, Кездесулер, сұхбаттар – 8, концерт, фестиваль – 13, конференциялар, семинарлар – 4, көрмелер – 1, ойындар-6, жоба, байқау – 16, мақалалар, сұхбаттар – 8.

Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің жұмыс жоспарына сәйкес жыл соңына дейін этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен қазақстандық этностардың мәдени әртүрлілігін дәріптеу мақсатында республикалық іс-шаралар жоспарланған. Осыған байланысты ел ішінде, шетелде өтілетініссапарлар үшін 162 ерекшелік бойынша 4 287,0 мың теңге қаражат бөлу сұралады.

  1. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы:

Стратегиялық жоспар әзірленбейді.      

  1. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақтық дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы:

Қазақстан Республикасына көшкен отандастардың (қандастардың) саны: 2022 – 171 мың.

  1. Бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы:

Мақсаты: Ақтөбе облысында ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту. 2022 жылы бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру арқылы төмендегідей түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:

      Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктермен және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастық деңгейін арттыру – 2022 – 71%.

  1. Бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағаныттарын нақтылайтын ақпаратты, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы:

2022 жылы бюджеттік бағдарламаны (қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей  нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:

Облыстық этномәдени бірлестіктердің саны – 16;

Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған қоғамдық-саяси, ғылыми және өзге де іс-шаралардың саны – 60.

  1. 263 032 «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы

1.Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

2020 жылы «Қоғамдық Келісім" КММ - 7529,7 мың теңге игерілді, оның ішінде: 5 дана қатты диск сатып алуға, ҚР Мемлекеттік рәміздерін сатып алуға (Елтаңба 5 дана, ТУ 39 дана, тутұғыр 2 дана, Мемлекеттік рәміздері бар стендтер 18 дана), 1 аккумуляторлық дрель, 3 металл шкаф, 11 моноблок, 1 МФУ, 2 телефон  аппараты, 2 тепловизор сатып алынды.

  1. Орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жай-күйінің, есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

2021 жылы  «Рухани жаңғыру» КММ компьютер, «Жастар ресурстық орталығы» КММ елтаңба – 1, ту- 5, радиотелефон -4, пылесос – 1, кір жуғыш машина -1 , кондиционер -8, музыкалық аппарат – 1, принтер -10, ноутбук -2, штатив-1, жалюзи-34, фотоаппарат-1,антивирус-13, проектор-1,  компьютер-1.

«Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 8193 мың теңге бөлінген болатын. Бұл сома Мемлекеттік Елтаңбаны, дронды, кәріз-сорғы қондырғысын, жібек кілемдерді, компьютер жиынтығын, микрофондарды, ноутбукты, микрофондарға арналған тіректерді, проекторды, проекторға арналған экранды және қазандыққа арналған кеңейту бөшкесін сатып алуға бөлінді. Бүгінгі таңда 3947 мың теңге игерілді. Игерілмеген сомасы 4246 мың теңге. Оның ішінде кәріз-сорғы қондырғысын сатып алуға бөлінген 2850 мың теңге, қазандық үшін кеңейту бөшкесін сатып алуға 268 мың теңге, ноутбук сатып алуға 440 мың теңге. Қалған сома 688 мың теңге көлемінде өткізілген сатып алулардан үнемделген сома. Кәріз-сорғы қондырғысы бойынша 4 рет мемлекеттік сатып алу өткізіліп, 8 әлеуетті өнім берушіден 2 жеңімпаз анықталды. Анықталған өнім беруші тауарды жеткізбеуіне байланысты, конкурс өтілмеді деп танылды.

Қазандық үшін кеңейту цистернасы бойынша 3 рет мемлекеттік сатып алу жарияланды. Бірінші жарияланған конкурста өнім берулершілер қатыспады, екінші конкурста анықталған өнім беруші келісім-шартқа қол қоймады. Үшінші рет жарияланған конкурста бір ғана өнім берушінің қатысуына байланысты, шақырту жіберілгенімен, өнім беруші шақыртуды қабылдамады.

Ноутбук тауарын мемлекеттік сатып алу бойынша 7 рет жарияланды. Оның ішінде 2 рет алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен, 5 рет ашық конкурс тәсілімен өткізілді. Бірақ өткізілген конкурсқа өнім берушілер  қатыспады.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, игерілмеген 4246 мың теңге қаржыны бюджетке қайтару қажет.

  1. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы:

Стратегиялық жоспар әзірленбейді.      

  1. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақтық дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы:Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар көзделмеген.
  2. Бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы:

Мақсаты: Мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасына бағынысты мекеменің материалдық-техникалық жабдықтаудың тиімді жүйесін құру.

Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

  1. Облыстық мекемелердің жұмысы үшін жағдай жасау;
  2. Мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау;
  3. Бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағаныттарын нақтылайтын ақпаратты, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы:

2022 жылы «Қоғамдық Келісім» КММ 414 - ерекшелік бойынша  машиналар,жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүкамал құралдарын сатып алу – 4246,0 мың теңге қаражат қайтарылады.Оның ішінде: Оның ішінде кәріз-сорғы қондырғысын сатып алуға бөлінген 2850 мың теңге, қазандық үшін кеңейту бөшкесін сатып алуға 268 мың теңге, ноутбук сатып алуға 440 мың теңге. Қалған сома 688 мың теңге көлемінде өткізілген сатып алулардан үнемделген сома.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ 416 – ерекшелік бойынша – антивирусты сатып алуда,  өнім берушілердің қатыспауына байланысты, 102,0 мың теңге қаржы қайтарылады.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Негізгі құралдарды сатып алуда, оның ішінде:

2020 жылы – 89;

2021 жылы – 84;

2022 жылы –35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 декабря 2022