"Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" ММ 2022-2024 жылдардағы бюджеттің нақтылануы бойынша азаматтық бюджет (Қазан)
2021 жылы ішкі саясат басқармасының аппаратын ұстауға 288 634,0 мың теңге бөлініп, бюджет қаражаты 22 бірлік мемлекеттік қызметшілер мен 4 штаттан тыс қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге – 82 472,0 мың теңге, ел ішінде және одан тыс жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарларға – 1 791,0 мың теңге, Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға – 4375,0 мың теңге, кеңсе тауарларын сатып алуға және газеттер мен журналдарға жазылуға – 1 526,0 мың теңге, байланыс қызметтерін төлеуге – 2 606,0 мың теңге, көлік қызметтеріне ақы төлеуге – 6 761,0 мың теңге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге ақы төлеуге – 108 684,0 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге – 9 506,0 мың теңге.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жалпы құны 108 684,0 мың. теңгені құрайтын 12 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды. Оның ішінде, 6 жобаны - «Қазақстанның жастар фракциясы» ҚБ, 3 жобаны – «Ақтөбе облысының ҮЕҰ Ассоциациясы» ЗТБ, 1 жобаны – «Ақтөбе облысының медиаторлар Кеңесі» ҚБ, 1 жобаны – «Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі Кеңес» ҚБ, 1 жобаны - «Аңсар-Байғанин» ҚБ жүзеге асырды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының жастар еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыру және дамыту бойынша қосымша төлем жобасы бойынша және «Жасыл Ел» және «Студенттік құрылыс» жасақтарында маусымдық қызмет атқарған сарбаздарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ынталандыру шаралар қызметі бойынша "Атамекен" студенттер отрядының жастар қоғамдық бірлестігімен келісім-шарт жасақталып, жұмыстар жүргізілді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әзіл-сықақ ойындарын өткізу қызметі "Қазақстан КВН Одағы" Республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен жүзеге асырылды.
Отбасы құндылығын насихаттау бойынша көпбалалы отбасылардың проблемасын талқылау мақсатында кездесулер өткізілді, ажырасу алдында тұрған отбасыларға психологтарды, медиаторларды тарта отырып, практикалық көмек көрсетілді. Отбасы күніне орай салтанатты шара өткізілді.
Қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту бойынша көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Ақпараттық материалдар дайындалып, тұрғындарға таратылды.
Қарт адамдардың әлеуметтік-қоғамдық белсенділігін арттыру, оларды әлеуметтік шараларға тарту. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында іс-шаралар ұымдастырылды.
Журналистер қоғамының қызметін жұмылдыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында семинар-тренингтер өткізілді. БАҚ қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылып, облыс әкімі атынан үздік БАҚ өкілдері марапатталды.
2021 жылы облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық техникалық реттеу және метрология департаменті бірлесіп 23 облыстық басқармада ҚР Мемлекеттік рәміздерін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларының орындалуына мониторинг жүргізді.
Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық ішкі саясат басқармасы патриоттық тәрбие беру жұмысын күшейту, ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану мақсатында облыстық басқармалардың жауапты қызметкерлеріне, мәдениет саласындағы ұйымдардың басшыларына,
мектептер мен колледж, балабақша директорларына арналған арнайы семинарлар ұйымдастырып, 560 адам қамтыды.
Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп 2021 жылғы 4 маусымда – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғимаратында ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау орталығының ашылуы өтті. Насихаттау орталығына ғимараттың бірінші қабатынан арнайы кабинет бөлінді.
Қазіргі таңда аталған орталықта оқушылар, студенттер және этномәдени бірлестіктер өкілдері арасында ҚР Мемлекеттік рәміздері жөнінде білім беру және қолдану практикасын насихаттауға қатысты түрлі шаралар өткізілуде.
2021 жылы 8 тақырыпта әлеуметтік зерттеу жұмысын жүргізу жоспарланды. Оның ішінде 6 тақырып бойынша зерттеу жұмысы жүргізіліп, 2 тақырып бойынша әлеуетті жеткізуші техникалық ерекшеліктегі талаптарды орындамауына байланысты сотқа берілді.
Ұлт Жоспары шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында, 2021 жылы өңірлік «Ақтөбе ақпарат» орталығының баспасөз алаңында барлығы 182 баспасөз мәслихаты, брифингтер, 8 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен пресс-релиздер жарияланды.
2022 жылдың жоспары бойынша Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылады:
- Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыс бойынша жалпы құны 145 млн. 991 мың теңгені құрайтын 10 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру. Бүгінгі күні 1 жоба бойынша келісім-шарт бір жақты бұзылды.
- 2022 жылы 8 тақырып бойынша әлеуметтік зерттеу жұмысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 1 әлеуметтік зерттеу жұмысы (Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу) 5 мәрте өткізілді. Конкурсқа қатысқан өнім берушілердің техникалық ерекшелікке сәйкес құжаттарды толығымен тапсырмауына байланысты, конкурс өткізілмей отыр. 1 әлеуметтік зерттеу жұмысына (Ақтөбе облысы бойынша 5 өзекті мәселені зерттеу бойынша жедел сауалнама, қорытынды есептерді ұсыну) бір ғана өнім берушінің конкурсқа қатысуына байланысты, конкурс қайта жарияланды.
Жоғарыда аталғандарға сәйкес, 155 ерекшелік бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізу қызметі бойынша конкурс өткізіліп, «Ақтөбе дамуы» қоғамдық қоры ұтып алды. Келісім-шарт сомасы – 4411,0 мың теңге. Өнім берушінің техникалық ерекшелікте көрсетілген мерзімге сәйкес жұмыстарды уақытылы орындамауына байланысты, келісім-шарт бір жақты бұзылды. Осыған сәйкес, 4411,0 мың теңгені азайту қажет.
154 ерекшелік бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу әлеуметтік зерттеу жұмыстары 5 мәрте өткізілді. Конкурсқа қатысқан өнім берушілердің техникалық ерекшелікке сәйкес құжаттарды толығымен тапсырмауына байланысты, конкурс өткізілмей отыр.
Осы зерттеу жұмысына бөлінген қаржыны – 1500,0 мың теңгені азайту қажет.
159 ерекшелік бойынша - құқық бұзушылықтың алдын алуға қоғамды тартуға бағытталған іс-шаралар өткізу қызметіне бөлінген 19640,0 мың теңгені азайту қажет.
161 ерекшелік бойынша – қосымша 24141,0 мың теңге. Себебі, басқарма басшысының Астана қаласына ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтетін біліктілікті арттыру семинарына қатысу үшін, сайлау мәселелерін пысықтау үшін, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының Алматы қаласында өтілетін республикалық аналар кеңесіне қатысу үшін және басқарма басшысының орынбасары «Азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары» санаты бойынша оқудан өту мақсатында іс-сапарлар жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бөлім басшыларының ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру мақсатында аудандарға барып, халықпен кездесу ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда, жоғарыда аталған іс сапар шығындарын өтеу үшін, қосымша 24141,0 мың теңге қаражат қажет етіледі.
012 ерекшелік бойынша - өңірдегі жастарды, жас отбасыларды қолдау мақсатында жеңілдікпен несие беру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қосымша 300 000,0 мың теңге қажет етіледі.
Сонымен қатар, басқармада және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығында бос орын болуына байланысты, үнемделген 263 001 011 – «Республикалық бюджет есебінен» - 1286,0 мың теңге және 263 001 005 – «Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт есебінен» - 122,0 мың теңге бюджет қорына қайтарылады.
Стратегиялық жоспар әзірленбейді.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар
көзделмеген.
263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы:
мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру үшін басқару аппаратының қызметін қамтамасыз ету. Ұлттың бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;
154 ерекшелік бойынша зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеу–
- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу қызметіне бөлінген - 1500,0 мың теңге қысқарту;
155 ерекшелік бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде қызметтерге ақы төлеу – Тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізу - 4411,0 мың теңгені азайту;
159 ерекшелік бойынша басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу - Құқық бұзушылықтың алдын алуға қоғамды тартуға бағытталған іс-шаралар өткізу – 19640,0 мың теңгені қысқарту қажет.
161 ерекшелік бойынша іс сапар шығындарын өтеу үшін – 24141,0 мың теңге қаражат қажет.
263 001 011 – «Республикалық бюджет есебінен» - 1286,0 мың теңгені азайту қажет. 111 ерекшелік бойынша – 1 145,0 мың теңге; 131 ерекшелік бойынша – 132,0 мың теңге; 135 ерекшелік бойынша – 9,0 мың теңге.
263 001 055 – «Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт есебінен» - 122,0 мың теңгені азайту қажет.
111 ерекшелік бойынша – 20,0 мың теңге, 121 ерекшелік бойынша – 47,0 мың теңге, 122 ерекшелік бойынша – 31,0 мың теңге, 124 ерекшелік бойынша – 24,0 мың теңге.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында 2021 жылы "Облыстық жастар ресурстық орталығы" КММ 40 іс – шара, 3810 қатысушы; ҚӨК-215, қатысушылар саны-5170, аудандық ҚӨК-1423 іс-шара өткізіліп, оған 49 351 жастар қатысты (оның ішінде кездесулер – 327, дөңгелек үстелдер – 3,спорттық жарыстар – 44, 58331 жастардың қатысуымен семинар – тренингтер – 59, акциялар-652, конкурстар - 158, мәдени - танымдық – 8, концерттер-35, өзге де іс-шаралар-442) өткізілді. Оның ішінде:
Патриотизмді дамыту бағытындағы 255 шаралар, 7751жас қамтылды;
Жастар мен жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау бағытындағы 169 шараларға, 6286 жас қамтылды;
Құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауатын, мәдениетін арттыру бағытындағы 151 шаралар, 2400 жас қамтылды;
Радикалды экстремизм және теріс діни ағымдардың алдын алу бағытындағы 65 шаралар, 1977жас қамтылды;
Салауатты өмір салтын ұстануы, зиянды әдеттердің алдын алу және бұқаралық спортты насихаттау бағытындағы 92 шараға, 3865 жас қамтылды;
Өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша ұйымдастырылған 157 шараға, 7446 жас қамтылды;
Жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағыт-бағдар беру бағытындағы 47 шараға, 3285 жас қамтылды;
Инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыру бағытындағы 25 шараға, 1901 жас қамтылды;
Волонтерлық қызметті қолдау және дамыту бойынша 603 шаралар, 18643 жас қамтылды;
Жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарға отбасылық өмірге дайындалуға ықпалдасу бағытындағы 54 шараға, 2929 жас қамтылды;
NЕЕТ жастарымен жүргілген 52 шараларға, 1184 жас қамтылды;
Жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу -58, жастар саны – 664.
Жастар ресурстық орталықтарына түрлі сұрақ-мәселелермен барлығы 2667 жас (облыстық ЖРО - 122, қалалық – 324, аудандық ЖРО - 2221) жүгінген.
Оларға психологиялық (238), әлеуметтік (ақпараттық) – 2049 (оның ішінде жұмыссыздық - 1778, ақпараттық - 271), заңгерлік-құқықтық (380) - көмек көрсетілді.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында 2064 шара (облыстық ЖРО 209 шара, қатысушы 7089; ҚЖРО –133, қатысушы саны – 5670, аудандық ЖРО 1722 шара, қатысушы 46607(оның ішінде кездесу – 315, спорттық сайыстар – 74, семинар –тренингтер – 43, акция –387, байқау – 52, өзге шаралар –1193) өткізіліп, 59366 жас қатыстырылды.
263 003 «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» КММ қаржыландырылады.
«Облыстық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің есепті қаржы жылына жоспар бойынша іс - сапар шығындары 161 ерекшелікке - 702,0 мың теңге бөлінген болатын, а.ж. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында байланысты мекеме басшысы мен мамандардың түсіндіру мақсатында аудандарға іс сапраға шығуларына орай, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан қалаларында семинар, форумдар іс-шараларға қатысуларына байланысты іс - сапар шығындары қаражатың жетпеуі, сонымен қатар а. тамыз, қыркүйек айларында жоспардан тыс іс сапарға барған қызметкерлердің іс сапар шығындары қаражаты жетіспегендіктен іс сапар шығындары төлемі төленбеді. Осы орайда, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін облыс жастарының бірлескен жобалар мен іс-шараларын ұйымдастыруға 2732 мың теңге көлемінде іс - сапар шығындарына қаражат қажет.
Стратегиялық жоспар әзірленбейді.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар көзделмеген.
Мақсаты: жастарға ұйымдастырушылық, консультативтік-әдістемелік көмек көрсету.
161 – ерекшелік бойынша – іс сапар шығындары – 2732 мың теңге.
2022 жылы бюджеттік бағдарламаны (қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
III. 263 005 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының мақсаты: басқару аппаратының материалдық - техникалық жағдайын жақсарту.
Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:
2.Орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жай-күйінің, есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:
2021 жылы басқармаға А3 форматындағы планшеттік сканері және 6 дана телефон аппараттары алынды.
Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу порталында өткізілген жұмыстар бойынша үнемделген сома – 1236,0 мың теңге және Т.Ахтанов көшесінде орналасқан № 54 әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ дайындау үшін сұралған – 3 360,0 мың теңгені азайту қажет.
Стратегиялық жоспар әзірленбейді.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар көзделмеген.
Түпкілікті нәтиже – Басқару аппаратын материалдық-техникалық жақсарту – 100%.
414 – ерекшелік бойынша – -1236,0 мың теңге. 421 – ерекшелік бойынша – -3360,0 мың теңге.
2022 жылы бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
Кондиционер – 1 дана, флаг – 1 дана, шредер – 3 дана, сканер – 2 дана, принтер – 5 дана, телефон аппараты – 8 дана.
2021 жылы осы бағдарламаны іске асыруға 128 837,0 мың теңге бөлініп, бюджет қаражаты 84,5 қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге – 70 342,0 мың теңге, ел ішінде және одан тыс жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарларға – 614 202,0 мың теңге, Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға – 402 256,0 мың теңге, кеңсе тауарларын сатып алуға және газеттер мен журналдарға жазылуға – 1 150,0 мың теңге, байланыс қызметтерін төлеуге – 1 354,0 мың теңге, көлік қызметтеріне ақы төлеуге – 2 500,0 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге – 15 407,0 мың теңге.
«Қоғамдық келісім» КММ-сі 2021 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген іс-шаралардың жалпы саны – 149. Оның ішінде: Дөңгелек үстелдер – 11, Мерекелік іс-шара – 13, Қойылым – 7, Мәдени іс-шаралар – 7,Отырыс – 7, Қайырымдылық акциялары – 19,Кездесулер, сұхбаттар – 8, Мақалалар – 6, Концерт – 4, Онлайн іс-шара – 2 , Онлайн конференция,дәріс – 5, Ақпараттық танымдық іс-шара – 4 Семинар, тренинг, пікірталастар – 4, Онлайн дөгелек үстел -5, Онлайн семинар – 6, Челлендж – 2, Түсірілім – 6, Онлайн көрме – 4, Акция – 8, Көрме – 2, Интеллектуалдық ойын – 1, Байқау –1, Сессия – 1, Жоба - 1, Онлайн кездесулер – 5, Онлайн концерт - 4, Сұқбаттасу - 4, Онлайн құттықтаулар - 1, Әдеби композиция - 1.
«Қоғамдық келісім» КММ 2022 жылы өткізілуі жоспарланып отырған іс-шаралардың жалпы саны – 102. Оның ішінде: Дөңгелек үстелдер – 4, Мерекелік іс-шара – 13, мәдени және көпшілік іс-шара–19, Отырыс – 6, Қайырымдылық акциялары – 4, Кездесулер, сұхбаттар – 8, концерт, фестиваль – 13, конференциялар, семинарлар – 4, көрмелер – 1, ойындар-6, жоба, байқау – 16, мақалалар, сұхбаттар – 8.
«Қоғамдық Келісім» КММ қызметкерлердің іссапарларына бөлінген қаржы жетпей қалуына байланысты, қосымша 10 100,0 мың теңге қаржы қажет етіледі.
Мекемеде бос орын болуына байланысты, 263 075 011 – «Республикалық бюджет есебінен» - 2398,0 мың теңгені және 263 075 055 - Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт есебінен – 982,0 мың теңге бюджет қорына қайтарылады.
Стратегиялық жоспар әзірленбейді.
Қазақстан Республикасына көшкен отандастардың (қандастардың) саны: 2022 – 171 мың.
Мақсаты: Ақтөбе облысында ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту. 2023 жылы бюджеттік бағдарламаны (қаржыландыру арқылы төмендегідей түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктермен және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастық деңгейін арттыру – 2023 – 72%.
2023 жылы бюджеттік бағдарламаны (қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
Облыстық этномәдени бірлестіктердің саны – 16;
Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған қоғамдық-саяси, ғылыми және өзге де іс-шаралардың саны – 65.
263 075 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қоғамдық Келісім» КММ қаржыландырылады – 10 100,0 мың теңге:
Мақсаты: Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру;
161 - ерекшелік бойынша – 10 100,0 мың теңге ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар шығыны «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы (барлық енгізілген өзгерістерді және АЕК - 3201 теңге екендігін ескере отырып) негізінде есептелінді;
263 075 011 – «Республикалық бюджет есебінен» - 2398,0 мың теңгені азайту қажет.
263 075 055 - Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт есебінен – 982,0 мың теңгені азайту қажет. 111 - ерекшелік бойынша – 452,0 мың теңге, 121-ерекшелік бойынша – 103,0 мың теңге, 122 ерекшелік бойынша – 226,0 мың теңге, 124 ерекшелік бойынша – 201,0 мың теңге.
"Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлерінің (84,5 штаттық бірлік) еңбекақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы негізінде есептелінді;
Есепті жылы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы болған жоқ.
Елімізде жастардың үлесі көп екені белгілі. Бүгінгі күні кез-келген тұрғынға қаржы жинап, баспана алу оңай дүние емес. Әсіресе, диплом иеленіп, енді ғана кәсіби маман атанған жастар үшін үй мәселесі қиынға тиеді.
Қазіргі кезде облыста тұрғын үй алуға кезекте тұрған 18-35 жас аралығындағы жастар саны - 14 154 адам.
Осы тұрғыда өңірдегі жастарды, жас отбасыларды қолдау мақсатында қандай да бір жеңілдікпен тұрғын үй мәселесін шешетін бағдарлама қабылданғаны жөн.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 4 – бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының 25 тармағына сәйкес, "Аманат" партиясының "өзгерістер болсын: әркімге лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының 74 тармақшасына сәйкес және облыс әкімі Е.Тоғжановтың креативті жастармен кездесу бойынша жиналыстың хаттамасының 1.3. тармағына сәйкес, Ақтөбе облысының жастарына жеңілдікпен несие беру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қосымша 300 млн. теңге қажет етіледі.
Стратегиялық жоспар әзірленбейді.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар көзделмеген.
263 012 ««Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бюджеттік кредиттеу» бюджеттік бағдарламасы:
мақсаты: Өңір жастарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау;
Жастарды тұрғын үймен қамту арқылы Ақтөбе облысында тұрғын үйге мұқтаждар санынын 0,3 % азайту.
513 – ерекшелік бойынша – 300 млн. теңге. Өңір жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында – 300 млн. теңге қаражат қажет етіледі.
Тікелей нәтиже көрсеткіштері :
Басқарма басшысы Л.Уразбаева