Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік өтініміне түсіндірме жазба
263 001 015 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы
2020 жылы осы бағдарламаны іске асыруға 131 326,0 мың теңге бөлініп, бюджет қаражаты 19 бірлік мемлекеттік қызметшілер мен 4 штаттан тыс қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге – 79 611,3 мың теңге, ел ішінде және одан тыс жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарларға – 1 282,3 мың теңге, Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға – 258,2 мың теңге, кеңсе тауарларын сатып алуға және газеттер мен журналдарға жазылуға – 1 289,5 мың теңге, байланыс қызметтерін төлеуге – 2 көлік қызметтеріне ақы төлеуге 808,4 мың теңге – 4 208,5 мың теңге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге ақы төлеуге – 29 755,4 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге – 8 335,0 мың теңге, өзге де ағымдағы шығындарға - 337,6 мың теңге, машиналар, жабдықтар, құрал – саймандар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал сатып алуға-3 439,8 мың теңге жұмсалды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жалпы құны 29,8 млн. теңгені құрайтын 8 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды. Бас бостандығынан айрылғандар мен бұрын сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мақсатында 20 - дан астам іс шаралар (кездесулер, семинарлар, спорттық шаралар, тренингтер) өткізілді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Open space" қызметін ашу сияқты халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға арналған жобалар әзірленді. ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді, облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 5 отырысы өткізілді, жоспарға сәйкес облыс аумағында 24 мониторингтік шығулар мен іс-шаралар өткізілді, Ақтөбе облысының ауылдық аумақтарындағы халықтың әлеуметтік жағдайы тақырыбына әлеуметтік зерттеу жүргізілді, "Ақтөбе ақпарат" өңірлік орталығының баспасөз алаңында барлығы 163 баспасөз конференциясы, брифингтер, сондай-ақ 7 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен баспасөз релиздері жарияланды.
2021 жылдың жоспары бойынша Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:
- Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыс бойынша жалпы құны 108 684,0 мың теңгені құрайтын 12 әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылды.
- Облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының 1 отырысы ұйымдастырылды. ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қағидаларға сәйкес қолданылуы туралы ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ақтөбе қаласы және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің, облыстық басқармалардың жауапты қызметкерлеріне, мәдениет, білім беру саласы ұйымдарының басшыларына арналған 5 оқыту семинарлары өткізіліп, барлығы 585 адам қамтылды.
- Облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен 8 әлеуметтік зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, оның 6 әлеуметтік зерттеу жұмыстары іске асырылды. Қалған екі әлеуметтік зерттеу жұмыстарымен жасалған келісім-шарттар бір жақты бұзылып, сотқа талап-арыз берілді.
- Ұлт Жоспары шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында, 2021 жылы өңірлік «Ақтөбе ақпарат» орталығының баспасөз алаңында барлығы 182 баспасөз мәслихаты, брифингтер, 8 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен пресс-релиздер жарияланды.
Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы 2022 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 9 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарлады. Бөлінген қаражат – 140 млн 991,0 мың.тг.
2022 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Балаеваның атынан келген №22-32-36.171 хатына сәйкес, «Жайдарман» бағдарламасын өңірлік және аймақтық филиалдары жұмысын дамыту, қолдаулар көрсету бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жастарды мәдени қоғамдық өмірге тартуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Жайдарман» ойындарына 2013 жылдан бастап облыстық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс аясында қаражат жыл сайын бөлініп келген болатын. Алайда елімізде орын алған пандемия кезіндегі карантиндік шектеулерге байланысты соңғы жылдары бюджеттен тиісті қаражат бөлінбей қалды.
Осы аталғандарға байланысты, «Жайдарман» ойындарын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізу үшін – 5000,0 мың теңге қаржы қажет етіледі.
Алайда, ұсынылып отырған жоба шығармашылық, ғылыми жұмыстардан тұратындықтан, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік cатып алуды жүзеге асыру тиімді болып отыр.
Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу қызметі көлемінің азаюына байланысты, 3 360,0 мың теңге азайтылды.
Стратегиялық жоспар әзірленбейді.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар көзделмеген.
263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы:
мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру үшін басқару аппаратының қызметін қамтамасыз ету. Ұлттың бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;
Тікелей нәтиже көрсеткіштері - Басқарма аппаратын ұстау: мемлекеттік қызметшілер - 22 бірлік, тех.персонал - 4 бірлік; Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іске асырылған шаралар мен жобалардың саны - 10 бірлік; іске асырылатын әлеуметтік зерттеулер жобаларының саны-7.
2022 – 2024 жылдарға бюджеттік өтінім ҚР Қаржы Министрлігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағида талаптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасы, заттай нормалардың негізінде жасалды.
155 - ерекшелік бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде қызметтерге ақы төлеу – 5 000,0 мың теңге - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Заңы басшылыққа алынды;
«Жайдарман» ойынын өткізу үшін – 5 000,0 мың теңге;
159 - ерекшелік бойынша құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу қызметі көлемінің азаюына байланысты, 3 360,0 мың теңге азайтылды
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында 2021 жылы "Облыстық жастар ресурстық орталығы" КММ 40 іс – шара, 3810 қатысушы; ҚӨК-215, қатысушылар саны-5170, аудандық ҚӨК-1423 іс-шара өткізіліп, оған 49 351 жастар қатысты (оның ішінде кездесулер – 327, дөңгелек үстелдер – 3,спорттық жарыстар – 44, 58331 жастардың қатысуымен семинар – тренингтер – 59, акциялар-652, конкурстар - 158, мәдени - танымдық – 8, концерттер-35, өзге де іс-шаралар-442) өткізілді. Оның ішінде:
Патриотизмді дамыту бағытындағы 255 шаралар, 7751жас қамтылды;
Жастар мен жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау бағытындағы 169 шараларға, 6286 жас қамтылды;
Құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауатын, мәдениетін арттыру бағытындағы 151 шаралар, 2400жас қамтылды;
Радикалды экстремизм және теріс діни ағымдардың алдын алу бағытындағы 65 шаралар, 1977жас қамтылды;
Салауатты өмір салтын ұстануы, зиянды әдеттердің алдын алу және бұқаралық спортты насихаттау бағытындағы 92 шараға, 3865 жас қамтылды;
Өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша ұйымдастырылған 157 шараға, 7446 жас қамтылды;
Жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағыт-бағдар беру бағытындағы 47 шараға, 3285 жас қамтылды;
Инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыру бағытындағы 25 шараға, 1901 жас қамтылды;
Волонтерлық қызметті қолдау және дамыту бойынша 603 шаралар, 18643 жас қамтылды;
Жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарға отбасылық өмірге дайындалуға ықпалдасу бағытындағы 54 шараға, 2929 жас қамтылды;
NЕЕТ жастарымен жүргілген 52 шараларға, 1184 жас қамтылды;
Жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу -58, жастар саны – 664.
жастар ресурстық орталықтарына түрлі сұрақ-мәселелермен барлығы 2667 жас (облыстық ЖРО - 122, қалалық – 324, аудандық ЖРО - 2221) жүгінген.
Оларға психологиялық (238), әлеуметтік (ақпараттық) – 2049 (оның ішінде
жұмыссыздық - 1778, ақпараттық - 271), заңгерлік-құқықтық (380) - көмек көрсетілді.
есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында есепті кезеңде 2064 шара (облыстық ЖРО 209 шара, қатысушы 7089; ҚЖРО –133, қатысушы саны – 5670, аудандық ЖРО 1722 шара, қатысушы 46607(оның ішінде кездесу – 315, спорттық сайыстар – 74, семинар –тренингтер – 43, акция –387, байқау – 52, өзге шаралар –1193) өткізіліп, 59366 жас қатыстырылды.
263 003 «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» КММ қаржыландырылады.
Стратегиялық жоспар әзірленбейді.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар көзделмеген.
Мақсаты: жастарға ұйымдастырушылық, консультативтік-әдістемелік көмек көрсету.
Мемлекет Басшысының 2021 жылғы 5 қаңтардағы «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған (талантты жастарды қолдау үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалсын) тапсырмасын орындау шеңберінде ҚР Үкіметі 2021 жылғы 8 шілдедегі №469 «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау туралы» қаулы қабылданды.
Нәтижесінде 2021 жылдың 8 желтоқсан күні «Ақорда» резиденциясында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында салтанатты түрде 30 жеңімпазға «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды.
Аталған жоба аясында «білім», «мәдениет», «бизнес», «медиа» және «ақпараттық технологиялар» бағыттары бойынша жастардың үздік 30 жобасына 300 мың теңгеден грант түрінде қолдау көрсетілетін болады.
Осы мақсатта «Тәуелсіздік ұрпағы» жобасын жүзеге асыру үшін – 9 200,0 мың теңге қаржы қажет.
2022 жылы бюджеттік бағдарламаны (қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
III. 263 005 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының мақсаты: басқару аппаратының материалдық - техникалық жағдайын жақсарту.
1.Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:
2.Орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жай-күйінің, есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:
2021 жылы басқармаға А3 форматындағы планшеттік сканері және 6 дана телефон аппараттары алынды.
Қазіргі таңда, Т.Ахтанов көшесінде орналасқан № 54 әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ дайындау қажет – 3 360,0 мың теңге.
Стратегиялық жоспар әзірленбейді.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар көзделмеген.
Түпкілікті нәтиже –Басқару аппаратын материалдық-техникалық жақсарту – 100%.
421 - ерекшелік бойынша ғимаратты күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге. Т.Ахтанов көшесі, 54 мекен-жайы бойынша орналасқан екі қабатты ғимарат 2021 жылдың шілде айында облыстық ішкі саясат басқармасының балансына берілді, қазір ғимарат бос, мамыр айында техникалық тексеру жүргізіліп, күрделі жөндеу қажет етіледі. Жөндеу: ішкі жөндеу жұмыстары (әктеу, сырлау, тегістеу т.б.), терезелер мен есіктерді толық ауыстыру, еден төсеу, инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарын қамтиды. Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ әзірлеуге – 3360,0 мың теңге қажет.
ІV. «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» 263.007 бағдарламасы бойынша:
Конкурс нәтижесінде 23 республикалық және жергілікті БАҚ-пен келісімшарт жасалып, тиісті ақпараттық жұмыстар жүргізілді.
Мемлекеттік тапсырыс аясында Мемлекет Басшысының Жолдауын, мемлекеттік бағдарламалардың өңірде іске асырылуын ақпараттық сүйемелдеу, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, денсаулық сақтау, індеттің алдын алу, білім, мәдениет, жастар, ауыл шаруашылығы, сыбайлас жемқорлық, заң, 2020 жылы аталып өтілетін мерейтойлық даталар, т.б. бағыттар бойынша кең ауқымды насихаттау-түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, облыстық «Ақтөбе» мен «Рика ТВ» телеарналарында мемлекеттік тапсырыс аясында 40жуық тақырыптық хабарлар мен бағдарламалар көрсетілді. Мәселен, «Жолдау – дамудың даңғыл жолы», «АгроИнвест», «Жастар», «Желіде 103», «Заң КЗ», «Прокурор уақыты», «Отбасы берекесі», «Ступени успеха», «Ақтөбеде жасалған», «Қылмыс пен жаза», «Иман нұры», «Кәусар», т.б. бағдарламалар бар.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу, жаһандық пандемиядан кейінгі облыстық экономикалық-әлеуметтік дамуын көтеру, басқа да облыстағы өзекті мәселелерге арналған тікелей эфирде 114 мәрте «Ақпараттық сағат» хабары да көрсетілді.
Өңірлік телеарналарда 42 жаңа бейнеролик әзірленіп, 25 дайын бейнеролик эфирден берілді.
Қала көшелерінде орналасқан 10 LED-экрандар арқылы 40 әлеуметтік бейнероликтер орналастырылып, таратылды.
Республикалық телеарналар арқылы 33 сюжет көрсетіліп, ақпарат порталдарынан 282 материал жарияланды. Республикалық және өңірлік 10 баспасөз беттерінде материалдар жарияланымдары ұйымдастырылды. Облыстық телевизиялық бағдарламаларды спутниктік байланыс арналары арқылы спутникке көтеру және тарату мақсатында «Қазақтелерадио» АҚ-мен де тиісті жұмыстар атқарылды.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты БАҚ арқылы жүзеге асыру бойынша 2021 жылғы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурстық тәртіппен өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша 21 республикалық және жергілікті БАҚ-пен келісімшарт жасалып, тиісті ақпараттық жұмыстар жүргізілді.
2021 жылғы мемлекеттік тапсырыс бойынша жергілікті телеарналар арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде 42 тақырыптық телебағдарламалар көрсетілуде. Олардың ішінде, «Регион 04», «Маслихат лайв», «За строкой Послания», «Жолдау – дамудың даңғыл жолы», «АгроИнвест», «Жастар», «Желіде 103», «Заң КЗ», «Прокурор уақыты», «Отбасы берекесі», «Давай поговорим», «Ступени успеха», «Ақтөбеде жасалған», «Қылмыс пен жаза», «Иман нұры», «Кәусар», «Шұғыл желі», т.б. бағдарламалар бар.
Телеарналар эфирінен жаңалықтар сюжеттермен қатар жаңа 42 бейнеролик әзірленіп, көрсетіліп, дайын 25 бейнеролик берілді.
ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауында көрсетілетін басты міндеттердің Ақтөбе облысында жүзеге асырылу барысы, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды шаралар туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сюжеттер «Хабар» мен «Хабар24» телеарналарында көрсетілді.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу, вакциналау, жаһандық пандемиядан кейінгі облыстық экономикалық-әлеуметтік дамуын көтеру, басқа да облыстағы өзекті мәселелерге арналған тікелей эфирде «Ақпараттық сағат» хабары берілуде. Бүгінге дейін хабардың 55 мәрте көрсетілімі ұйымдастырылды.
Қала көшелерінде орналасқан 10 LED-экрандар арқылы 57 әлеуметтік бейнероликтер орналастырылып, таратылды.
Республикалық телеарналар арқылы 33 сюжет көрсетіліп, ақпарат орталдарынан 160 материал жарияланды.
Республикалық және өңірлік 10 жуық газет-журнал беттерінде материалдар жарияланымдары ұйымдастырылды.
Облыстық телевизиялық бағдарламаларды спутниктік байланыс арналары арқылы спутникке көтеру және тарату мақсатында «Қазақтелерадио» АҚ-мен де тиісті жұмыстар жүргізілді.
Ақпараттық жұмыстарды республика деңгейінде кең ауқымда ұйымдастыру маңызды. Сондықтан, мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі бағыттарын кең ақпараттандыру үшін қосымша 30 млн. теңге қажет.
Бұл қаржыға республикалық телеарналар арқылы облыстағы шараларды кеңінен тарату мақсатында қосымша қаржыландыруды жоспарлап отырмыз.
Егер қосымша қаржыландыру оң шешімін тапқан жағдайда өңірдің имиджін көтеру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын облыспен қатар
республика көлемінде жүргізуге мүмкіндік болатын еді.
Стратегиялық жоспар әзірленбейді.
Мақсаты: Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы хабардар ету және халыққа жеткізу.
Түпкілікті нәтиже Халықтың БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге қанағаттану деңгейі, 2022 жылы-66%, 2023 жылы-66%, 2024 жылы-66%.
263.007.000 «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер»
Республикалық телевидение бойынша – 30 000,0 мың теңге.
Мемлекет басшысының (оның ішінде Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы, мақалалары және сұхбаттары), Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметін;
Өңірлерді дамыту, өңірлердің түрлі салалардағы қызметі, өңірлерде іске асырылатын жобалар, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы мәселелерін Ақтөбе облысында республикалық телевидение арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық қолдау және түсіндіру;
Білім беру және қазақстандық ғылымды дамыту, тіл саясатын дамыту, латын әліпбиіне көшу және қазақ тілін реформалау, педагог мамандығының беделін арттыру саласындағы қызметті, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын;
Денсаулық сақтау саласындағы қызметті ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру, медицина қызметкерлері мамандығын, «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын;
Қоғамдық маңызы бар, мерекелік, мерейтойлық және атаулы күндерді;
Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті, өнерді, мәдениетті, туризмді, оның ішінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра объектілерін дамыту саласындағы қызметті;
Еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон, әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы саясатты дамытуды Ақтөбе облысында республикалық телевидение арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық қолдау және түсіндіру;
Осы көрсетілген тақырыптық бағыттар бойынша республикалық телевидениеде ақпараттық жаңалықтарда сюжеттер шығару (30 000 000 теңге = 391 563 теңге х 76,5 минут); 76,5 минут көлеміндегі жаңалықтарды әрбір сюжеті 1,5-2 минут қазақ тілінде 1,5-2 минут орыс тілінде жарыққа шығады, жалпы барлығы 25 сюжет болады.
Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесіне сәйкес Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;
Btv - телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V - телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.
2022 жылы бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
- Мемлекеттік тапсырысты іске асыру шеңберінде шығарылған өңірлік телевизиялық және радиохабарлар көлемі - 212 сағат;
- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (газеттер) – 136921 см 2;
- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (журналдар) – 50 000 см2.
1.Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:
«Қоғамдық келісім» КММ-сі 2020 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 236 іс-шаралар өткізді, оның 36 іс-шарасы еліміздегі карантин жағдайына байланысты онлайн режимінде өтті. Қатысқан адамдардың жалпы саны 14 725.Оның ішінде: Дөңгелек үстелдер – 17, Конференция - 1, Мерекелік концерт – 17, Қойылым – 8, Іс-шаралар – 37,Отырыс – 6, Ашық есік күні – 1, Эстафета -1, ҚХА 25 жылдығы – 16, Қайырымдылық іс-шаралар –43, Форум – 1, Мәдени іс-шаралар – 12, Фестиваль – 1, Көрме – 1, Онлайн сабақ – 2, Онлайн акция – 4, Онлайн конкурс – 3, Онлайн дөңгелек үстел – 7, Онлайн концерт – 3, Онлайн құттықтаулар – 5, Онлайн фестиваль – 1, Онлайн сұхбат - 1, Сайыстар – 2, Онлайн байқау – 3, Мақалалар – 7, Танымдық, ақпараттық, кездесу жұмыстары - 25, Спорттық шара – 1, Семинар - 1.
«Қоғамдық келісім» КММ 2021 жылы өткізілген іс-шаралардың жалпы саны – 149. Оның ішінде: Дөңгелек үстелдер – 11, Мерекелік іс-шара – 13, Қойылым – 7, Мәдени іс-шаралар – 7,Отырыс – 7, Қайырымдылық акциялары – 19,Кездесулер, сұхбаттар – 8,0Мақалалар – 6, Концерт – 4, Онлайн іс-шара – 2 , Онлайн конференция, дәріс – 5, Ақпараттық танымдық іс-шара – 4 Семинар, тренинг, пікірталастар – 4, Онлайн дөгелек үстел -5, Онлайн семинар – 6, Челлендж – 2, Түсірілім – 6, Онлайн көрме – 4, Акция – 8, Көрме – 2, Интеллектуалдық ойын – 1, Байқау –1, Сессия – 1, Жоба - 1, Онлайн кездесулер – 5, Онлайн концерт - 4, Сұқбаттасу - 4, Онлайн құттықтаулар - 1, Әдеби композиция - 1.
2021 жылы өткізілетін шараларға қатысқан адамдардың жалпы саны – 14 700 құрайды.
169-ерекшелік бойынша бюджеттік өтінім сомасы - 9 800,0 теңге. Президенттің "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" Жолдауын іске асыру, жалпыұлттық бірлік пен бірлікті одан әрі нығайту жөніндегі қоғамдық-саяси іс-шаралар жоспары шеңберінде бірлікті дамыту мақсатындағы шараларға белсене қатысу, сондай-ақ, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге, халық бірлігін қалыптастыруға, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асырғаны үшін, облыс әкімінің сыйлығын беру.
263 075 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қоғамдық Келісім» КММ қаржыландыру.
мақсаты: Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру;
Стратегиялық жоспар әзірленбейді.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар көзделмеген.
2022 жылы бюджеттік бағдарламаны (қаржыландыру арқылы төмендегідей түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
Ақтөбе облысында ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктермен және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастық деңгейін арттыру – 2022 – 71%.
169-ерекшелік бойынша бюджеттік өтінім сомасы - 9 800,0 теңге. Президенттің "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" Жолдауын іске асыру, жалпыұлттық бірлік пен бірлікті одан әрі нығайту жөніндегі қоғамдық-саяси іс-шаралар жоспары шеңберінде бірлікті дамыту мақсатындағы шараларға белсене қатысу, сондай-ақ, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге, халық бірлігін қалыптастыруға, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асырғаны үшін, облыс әкімінің сыйлығын беру.
2022 жылы бюджеттік бағдарламаны (қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
Облыстық этномәдени бірлестіктердің саны – 16; Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған қоғамдық-саяси, ғылыми және өзге де іс-шаралардың саны – 77.