Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік өтініміне түсіндірме жазба
2021 жылы осы бағдарламаны іске асыруға 288 634,0 мың теңге бөлініп, бюджет қаражаты 19 бірлік мемлекеттік қызметшілер мен 4 штаттан тыс қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге – 82 472,0 мың теңге, ел ішінде және одан тыс жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарларға – 1 791,0 мың теңге, Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға – 4375,0 мың теңге, кеңсе тауарларын сатып алуға және газеттер мен журналдарға жазылуға – 1 526,0 мың теңге, байланыс қызметтерін төлеуге – 2 606,0 мың теңге, көлік қызметтеріне ақы төлеуге – 6 761,0 мың теңге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге ақы төлеуге – 108 684,0 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге – 9 506,0 мың теңге.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жалпы құны 108 684,0 мың. теңгені құрайтын 12 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды. Оның ішінде, 6 жобаны - «Қазақстанның жастар фракциясы» ҚБ, 3 жобаны – «Ақтөбе облысының ҮЕҰ Ассоциациясы» ЗТБ, 1 жобаны – «Ақтөбе облысының медиаторлар Кеңесі» ҚБ, 1 жобаны – «Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі Кеңес» ҚБ, 1 жобаны - «Аңсар-Байғанин» ҚБ жүзеге асырды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының жастар еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыру және дамыту бойынша қосымша төлем жобасы бойынша және «Жасыл Ел» және «Студенттік құрылыс» жасақтарында маусымдық қызмет атқарған сарбаздарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ынталандыру шаралар қызметі бойынша "Атамекен" студенттер отрядының жастар қоғамдық бірлестігімен келісім-шарт жасақталып, жұмыстар жүргізілді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әзіл-сықақ ойындарын өткізу қызметі "Қазақстан КВН Одағы" Республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен жүзеге асырылды.
Отбасы құндылығын насихаттау бойынша көпбалалы отбасылардың проблемасын талқылау мақсатында кездесулер өткізілді, ажырасу алдында тұрған отбасыларға психологтарды, медиаторларды тарта отырып, практикалық көмек көрсетілді. Отбасы күніне орай салтанатты шара өткізілді.
Қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту бойынша көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Ақпараттық материалдар дайындалып, тұрғындарға таратылды.
Қарт адамдардың әлеуметтік-қоғамдық белсенділігін арттыру, оларды әлеуметтік шараларға тарту. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында іс-шаралар ұымдастырылды.
Журналистер қоғамының қызметін жұмылдыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында семинар-тренингтер өткізілді. БАҚ қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылып, облыс әкімі атынан үздік БАҚ өкілдері марапатталды.
2021 жылы облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық техникалық реттеу және метрология департаменті бірлесіп 23 облыстық басқармада ҚР Мемлекеттік рәміздерін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларының орындалуына мониторинг жүргізді.
Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық ішкі саясат басқармасы патриоттық тәрбие беру жұмысын күшейту, ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану мақсатында облыстық басқармалардың жауапты қызметкерлеріне, мәдениет саласындағы ұйымдардың басшыларына, мектептер мен колледж, балабақша директорларына арналған арнайы семинарлар ұйымдастырып, 560 адам қамтыды.
Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп 2021 жылғы 4 маусымда – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғимаратында ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау орталығының ашылуы өтті. Насихаттау орталығына ғимараттың бірінші қабатынан арнайы кабинет бөлінді.
Қазіргі таңда аталған орталықта оқушылар, студенттер және этномәдени бірлестіктер өкілдері арасында ҚР Мемлекеттік рәміздері жөнінде білім беру және қолдану практикасын насихаттауға қатысты түрлі шаралар өткізілуде.
2021 жылы 8 тақырыпта әлеуметтік зерттеу жұмысын жүргізу жоспарланды. Оның ішінде 6 тақырып бойынша зерттеу жұмысы жүргізіліп, 2 тақырып бойынша әлеуетті жеткізуші техникалық ерекшеліктегі талаптарды орындамауына байланысты сотқа берілді.
Ұлт Жоспары шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында, 2021 жылы өңірлік «Ақтөбе ақпарат» орталығының баспасөз алаңында барлығы 182 баспасөз мәслихаты, брифингтер, 8 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен пресс-релиздер жарияланды.
2022 жылдың жоспары бойынша Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылады:
- Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыс бойынша жалпы құны 145 млн. 991 мың теңгені құрайтын 10 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру. Бүгінгі күні 9 жоба бойынша келісім шарт жасалып, қалған 1 жоба бойынша конкурстық процедуралар жүргізілуде.
- 2022 жылы 7 тақырып бойынша әлеуметтік зерттеу жұмысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 5 әлеуметтік зерттеу жұмысын жүргізу бойынша келісім-шарт жасалды. 1 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу жүзеге аспай, 1 жоба бойынша конкурстық процедуралар жүргізілуде.
Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы 2022 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 9 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарлады. Бөлінген қаражат – 145 млн 991,0 мың.тг.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын ұйымдастыру үшін ағымдағы жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларына комиссия мүшелерінің жалақысын төлеу үшін 5 460 000 теңге қаражат қажет етіледі.
Стратегиялық жоспар әзірленбейді.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар көзделмеген.
263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы:
мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру үшін басқару аппаратының қызметін қамтамасыз ету. Ұлттың бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;
Тікелей нәтиже көрсеткіштері - Басқарма аппаратын ұстау: мемлекеттік қызметшілер - 22 бірлік, тех.персонал - 4 бірлік; Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іске асырылған шаралар мен жобалардың саны - 10 бірлік; іске асырылатын әлеуметтік зерттеулер жобаларының саны-7.
2022 – 2024 жылдарға бюджеттік өтінім ҚР Қаржы Министрлігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағида талаптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасы, заттай нормалардың негізінде жасалды.
112 – ерекшелік бойынша қосымша ақшалай төлемдер - 14 419,0 мың теңге, басқарма қызметкерлерінің (22 штаттық бірлік) еңбек ақысы және өтемақы төлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» №687 қаулысына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №451 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып есептелінді;
121 – ерекшелік бойынша – 1 553,0 мың теңге, әлеуметтік салықты есептеуде «Салық кодексі» басшылыққа алынды.
122 – ерекшелік бойынша – 688,0 мың теңге, әлеуметтік аударымдар салық салынатын еңбекақы төлеу қорының 3,5% мөлшерінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережелерін бекіту туралы» қаулысы негізінде есептелінді.
124 – ерекшелік бойынша – 406,0 мың теңге, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы №405-V ҚРЗ «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңы негізінде есептелген еңбекақы қорының жалпы сомасының 3% көлемінде есептелді.
159 – ерекшелік бойынша – 5460,0 мың теңге. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын ұйымдастыру үшін.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында 2021 жылы "Облыстық жастар ресурстық орталығы" КММ 40 іс – шара, 3810 қатысушы; ҚӨК-215, қатысушылар саны-5170, аудандық ҚӨК-1423 іс-шара өткізіліп, оған 49 351 жастар қатысты (оның ішінде кездесулер – 327, дөңгелек үстелдер – 3,спорттық жарыстар – 44, 58331 жастардың қатысуымен семинар – тренингтер – 59, акциялар-652, конкурстар - 158, мәдени - танымдық – 8, концерттер-35, өзге де іс-шаралар-442) өткізілді. Оның ішінде:
Патриотизмді дамыту бағытындағы 255 шаралар, 7751жас қамтылды;
Жастар мен жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау бағытындағы 169 шараларға, 6286 жас қамтылды;
Құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауатын, мәдениетін арттыру бағытындағы 151 шаралар, 2400 жас қамтылды;
Радикалды экстремизм және теріс діни ағымдардың алдын алу бағытындағы 65 шаралар, 1977жас қамтылды;
Салауатты өмір салтын ұстануы, зиянды әдеттердің алдын алу және бұқаралық спортты насихаттау бағытындағы 92 шараға, 3865 жас қамтылды;
Өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша ұйымдастырылған 157 шараға, 7446 жас қамтылды;
Жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағыт-бағдар беру бағытындағы 47 шараға, 3285 жас қамтылды;
Инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыру бағытындағы 25 шараға, 1901 жас қамтылды;
Волонтерлық қызметті қолдау және дамыту бойынша 603 шаралар, 18643 жас қамтылды;
Жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарға отбасылық өмірге дайындалуға ықпалдасу бағытындағы 54 шараға, 2929 жас қамтылды;
NЕЕТ жастарымен жүргілген 52 шараларға, 1184 жас қамтылды;
Жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу -58, жастар саны – 664.
Жастар ресурстық орталықтарына түрлі сұрақ-мәселелермен барлығы 2667 жас (облыстық ЖРО - 122, қалалық – 324, аудандық ЖРО - 2221) жүгінген.
Оларға психологиялық (238), әлеуметтік (ақпараттық) – 2049 (оның ішінде жұмыссыздық - 1778, ақпараттық - 271), заңгерлік-құқықтық (380) - көмек көрсетілді.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында 2064 шара (облыстық ЖРО 209 шара, қатысушы 7089; ҚЖРО –133, қатысушы саны – 5670, аудандық ЖРО 1722 шара, қатысушы 46607(оның ішінде кездесу – 315, спорттық сайыстар – 74, семинар –тренингтер – 43, акция –387, байқау – 52, өзге шаралар –1193) өткізіліп, 59366 жас қатыстырылды.
263 003 «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» КММ қаржыландырылады. Мақсаты: Жастарға ұйымдастырушылық, консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
Көшедегі жылу жүйесіне (жалпы құдықтан ғимаратқа дейін) ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет, өйткені көшедегі жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жағдайда, жылыту құбырларының бұзылуына әкелуі мүмкін. Ағымдағы жөндеуге қажетті сома – 600,0 мың теңге.
Стратегиялық жоспар әзірленбейді.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар көзделмеген.
Мақсаты: жастарға ұйымдастырушылық, консультативтік-әдістемелік көмек көрсету.
159 – ерекшелік бойынша – құбырларды жөндеуге – 600,0 мың теңге.
2022 жылы бюджеттік бағдарламаны (қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
III. «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» 263.007 бағдарламасы бойынша:
Конкурс нәтижесінде 23 республикалық және жергілікті БАҚ-пен елісімшарт жасалып, тиісті ақпараттық жұмыстар жүргізілді.
Мемлекеттік тапсырыс аясында Мемлекет Басшысының Жолдауын, мемлекеттік бағдарламалардың өңірде іске асырылуын ақпараттық сүйемелдеу, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, денсаулық сақтау, індеттің алдын алу, білім, мәдениет, жастар, ауыл шаруашылығы, сыбайлас жемқорлық, заң, 2020 жылы аталып өтілетін мерейтойлық даталар, т.б. бағыттар бойынша кең ауқымды насихаттау-түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, облыстық «Ақтөбе» мен «Рика ТВ» телеарналарында мемлекеттік тапсырыс аясында 40жуық тақырыптық хабарлар мен бағдарламалар көрсетілді. Мәселен, «Жолдау – дамудың даңғыл жолы», «АгроИнвест», «Жастар», «Желіде 103», «Заң КЗ», «Прокурор уақыты», «Отбасы берекесі», «Ступени успеха», «Ақтөбеде жасалған», «Қылмыс пен жаза», «Иман нұры», «Кәусар», т.б. бағдарламалар бар.
Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу, жаһандық пандемиядан кейінгі облыстық экономикалық-әлеуметтік дамуын көтеру, басқа да облыстағы өзекті мәселелерге арналған тікелей эфирде 114 мәрте «Ақпараттық сағат» хабары да көрсетілді.
Өңірлік телеарналарда 42 жаңа бейнеролик әзірленіп, 25 дайын бейнеролик эфирден берілді.
Қала көшелерінде орналасқан 10 LED-экрандар арқылы 40 әлеуметтік бейнероликтер орналастырылып, таратылды.
Республикалық телеарналар арқылы 33 сюжет көрсетіліп, ақпарат порталдарынан 282 материал жарияланды. Республикалық және өңірлік 10 баспасөз беттерінде материалдар жарияланымдары ұйымдастырылды. Облыстық телевизиялық бағдарламаларды спутниктік байланыс арналары арқылы спутникке көтеру және тарату мақсатында «Қазақтелерадио» АҚ-мен де тиісті жұмыстар атқарылды.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты БАҚ арқылы жүзеге асыру бойынша 2021 жылғы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурстық тәртіппен өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша 21 республикалық және жергілікті БАҚ-пен келісімшарт жасалып, тиісті ақпараттық жұмыстар жүргізілді.
2021 жылғы мемлекеттік тапсырыс бойынша жергілікті телеарналар арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде 42 тақырыптық телебағдарламалар көрсетілуде. Олардың ішінде, «Регион 04», «Маслихат лайв», «За строкой Послания», «Жолдау – дамудың даңғыл жолы», «АгроИнвест», «Жастар», «Желіде 103», «Заң КЗ», «Прокурор уақыты», «Отбасы берекесі», «Давай поговорим», «Ступени успеха», «Ақтөбеде жасалған», «Қылмыс пен жаза», «Иман нұры», «Кәусар», «Шұғыл желі», т.б. бағдарламалар бар.
Телеарналар эфирінен жаңалықтар сюжеттермен қатар жаңа 42 бейнеролик әзірленіп, көрсетіліп, дайын 25 бейнеролик берілді.
ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауында көрсетілетін басты міндеттердің Ақтөбе облысында жүзеге асырылу барысы, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды шаралар туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сюжеттер «Хабар» мен «Хабар24» телеарналарында көрсетілді. Коронавирустық инфекцияның алдын алу, вакциналау, жаһандық пандемиядан кейінгі облыстық экономикалық-әлеуметтік дамуын көтеру, басқа да облыстағы өзекті мәселелерге арналған тікелей эфирде «Ақпараттық сағат» хабары берілуде. Бүгінге дейін хабардың 55 мәрте көрсетілімі ұйымдастырылды.
Қала көшелерінде орналасқан 10 LED-экрандар арқылы 57 әлеуметтік бейнероликтер орналастырылып, таратылды. Республикалық телеарналар арқылы 33 сюжет көрсетіліп, ақпарат орталдарынан 160 материал жарияланды.
Республикалық және өңірлік 10 жуық газет-журнал беттерінде материалдар жарияланымдары ұйымдастырылды. Облыстық телевизиялық бағдарламаларды спутниктік байланыс арналары арқылы спутникке көтеру және тарату мақсатында «Қазақтелерадио» АҚ-мен де тиісті жұмыстар жүргізілді. Өңір тұрғындарын облыста ашылатын жаңа нысандар, қоғамдық маңызы бар, ауқымды мерекелік іс-шаралар туралы хабардар ету, өңір өмірін жариялау мақсатында бүкіл ел жұртшылығы үшін жұмысты өңірлік мерзімді баспа басылымдары арқылы жүргізу үшін қосымша 70 млн. теңге қажет.
Ақтөбе облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты бекітілген тақырыптық бағыттар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде өңірлік мерзімді баспасөз басылымдары арқылы жүргізу - (70 000 000 теңге= 185 теңге х 420420 х 0,9 коэфициент шаршы см) ; 185 теңге – 1 см/кв – қаулымен бекітілген тариф, 0,9 коэффициент – газеттердің апталық тарылымы.
Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесіне сәйкес мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, гаезттердегі көрсетілетін қызметтің құны;
Bn - газетте орналастырылатын көрсетілетін қызметтің базалық бағасы бір шаршы сантиметр;
V - газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін қызмет көлемі;
Стратегиялық жоспар әзірленбейді.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар көзделмеген.
Мақсаты: Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы хабардар ету және халыққа жеткізу.
Түпкілікті нәтиже Халықтың БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге қанағаттану деңгейі, 2022 жылы - 66%, 2023 жылы - 66%, 2024 жылы - 66%.
263.007.000 «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер»
2022 жылы бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
- Мемлекеттік тапсырысты іске асыру шеңберінде шығарылған өңірлік телевизиялық және радиохабарлар көлемі - 213 сағат;
- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (газеттер) – 1336119,78 см 2;
- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (журналдар) – 78377,15 см2.