Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2022 жылдың 1 мамырына бюджет қаражатының игерілуі туралы ақпарат
2022 жылдың 1 мамырына ішкі саясат басқармасы бойынша бюджеттен қаржыландыру үшін 160 926.0 мың теңге бөлініп, оның 156919.3 мың теңге немесе 97,5% игерілді. Оның ішінде:
|
|
2022 жыл (мың теңге) |
||
|
Жоспар |
Орындалуы |
% |
|
|
263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» |
53570.0 |
53156.2 |
99.2% |
|
263 003 «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру қызметін қамтамасыз ету» |
14081.0 |
14079.7 |
100% |
|
263 007 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер » |
48214.0 |
44665.2 |
92,6% |
|
263 075 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» |
45061.0 |
45018.2 |
99,9% |
|
Барлығы |
160926.0 |
156919.3 |
97.5% |
263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
2022 жылдың 1 мамырына еңбекке ақы төлеу қорына – 015- «Жергілікті бюджет есебінен»– 9443.8 мың теңге, 011- «Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен»– 1920.0 мың теңге барлығы 11363.8 мың теңге . Өзге де қорларды сатып алуға -43.9 мың теңгеге дизинфекция порошогы сатып алынды. Коммуналдық қызметтерге 1326.9 мың теңге; оның ішінде электроэнергия – 235.4 мың теңге, жылу энергиясына – 1091.5 мың теңге жұмсалды. «ПарусКаз» бағдарламасына- 71.2 мың теңге, картридждерді толтыру кызметіне-32.1 мың теңге, К2 бағдарламасын техникалық қолдау кызметіне-175.0 мың теңге, компьютерлер мен принтерлерді техникалық қолдау- 34.0 мың теңге, дизенфекциялау қызметіне-21.8 мың теңге, шараларды гүлмен безендіру қызметіне – 96.2 мың теңге, бейне бақылау құрылғысын техникалық қолдау қызметіне -48.0 мың теңге, баннер дайындау қызметіне-352.1 мың теңге, банк қызметтері үшін – 13.8 мың теңге жұмсалды. Өзге де ағымдағы шығындарға -428.6 мың теңге іс-шараларды өткізуге сыйлықтар сатып алуға, қоршаған ортаға эмиссия үшін -5.4 мың теңге төленді.
263 075 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 84,5 штаттық бірлікпен «Қоғамдық келісім» КММ-сі қаржыландырылады.
2022 жылдың 1 мамырына еңбекке ақы төлеу қорына – 015- «Жергілікті бюджет есебінен»– 32885.4 мың теңге, 011- «Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен»– 5841.1 мың теңге барлығы 38726.5 мың теңге бөлінді. Өзге де тауарлар сатып алу үшін -1063.5 мың теңге; оның ішінде – мекемеге мерзімді баспассөз басылымдарға жазылуға-69.2 мың теңге, шаруашылық заттар (хлорка, дезинфекциялық заттар, порошок, резеңке қолғаптар, сұйық сабын, порошок, ) сатып алу үшін-357.1 мың теңге, шаруашылық құралдар (люминиценттік шам, бояу щеткасы, су краны, шеге, су сүзгіш, ) үшін -229.4 мың теңге, қатты қағаз А4 -120.0 мың теңге, фоторамкаға- 170.5 мың теңге, папка сатып алу үшін -69.4 мың теңге, күнделік сатып алуға-35.0 мың теңге, 13.0 мың теңгеге файл сатып алынды. Коммуналдық қызметтерге – 2208.8 мың теңге, оның ішінде; электроэнергияға – 860.0 мың теңге, жылу энергиясына – 992.3 мың теңге, суға -356.7 мың теңге жұмсалды. Байланыс қызметтеріне – 338.2 мың теңге жұмсалды. Көлік құралдарын жүргізушісімен жалға алу қызметіне – 787.9 мың теңге, «ПарусКаз» бағдарламасына-94.5 мың теңге, бейнебақылау қызметтеріне-17.0 мың теңге, картридждерді толтыру кызметіне-27.6 мың теңге, өрт дабылы қызметтері үшін-10.2 мың теңге, тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне -34.6 мың теңге, К2 бағдарламасын техникалық қолдау кызметіне-175.0 мың теңге, газ қондырғыларына техникалық қолдау қызметтеріне -125.3 мың теңге, автокөлікті жөндеу қызметіне -28.5 мың теіге, санитарлық қызметтерге-32.2 мың теңге жұмсалды.
263 007 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 44665,2 мың теңге жұмсалды, оның ішінде 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»- 10714.0 мың теңге, 049 «Мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістікке республикалық субвенциялар есебінен»- 33951.2 мың теңге.
Облыстық телевизиялық бағдарламаның көтерілуі және таралуы қызметіне – 10428.3 мың теңге, Ақтөбе облысында Мемлекеттік ақпараттық саясатты бекітілген тақырыптық бағыттар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде өңірлік мерзімді баспасөз басылымдары (газет) арқылы жүргізу қызметіне - 20651.8 мың теңге, өңірлік телевидение арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу қызметіне – 13299.3 мың теңге, Дін саласындағы саясатты, қоғамдық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін, жалпыұлттық бірліктің және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін Ақтөбе облысында өңірлік мерзімді баспасөз басылымы арқылы орыс тілінде жүргізу қызметіне – 285.8 мың теңге жұмсалды.