Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2022 жылдың 1 наурызына бюджет қаражатының игерілуі туралы ақпарат
2022 жылдың 1 наурызына ішкі саясат басқармасы бойынша бюджеттен қаржыландыру үшін 49 764.0 мың теңге бөлініп, оның 48939.9 мың теңге немесе 98,2% игерілді. Оның ішінде:
|
|
2021 жыл (мың теңге) |
||
|
Жоспар |
Орындалуы |
% |
|
|
263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» |
22929.0 |
22736.1 |
99.1% |
|
263 003 «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру қызметін қамтамасыз ету» |
5048.0 |
5048.0 |
100% |
|
263 007 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер » |
2994.0 |
2994.0 |
100% |
|
263 075 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» |
18793.0 |
18161.7 |
96,6% |
|
Барлығы |
49764.0 |
48939.9 |
98.2% |
263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
2022 жылдың 1 наурызына еңбекке ақы төлеу қорына – 015- «Жергілікті бюджет есебінен»– 3678.0 мың теңге, 011- «Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен»– 960.0 мың теңге барлығы 4638.0 мың теңге бөлінді. Коммуналдық қызметтерге 400.0 мың теңге; оның ішінде электроэнергия – 107.0 мың теңге, жылу энергиясына – 293.0 мың теңге жұмсалды. Банк қызметтері үшін – 10.0 мың теңге жұмсалды.
263 075 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 84,5 штаттық бірлікпен «Қоғамдық келісім» КММ-сі қаржыландырылады.
2022 жылдың 1 наурызына еңбекке ақы төлеу қорына – 015- «Жергілікті бюджет есебінен»– 13 288.0 мың теңге, 011- «Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен»– 3025.2 мың теңге барлығы 16313.2 мың теңге бөлінді. Өзге де тауарлар сатып алу үшін -70.0 мың теңге; оның ішінде – мекемеге мерзімді баспассөз басылымдарға жазылуға-22.0 мың теңге, күнделік сатып алуға-35.0 мың теңге, 13.0 мың теңгеге файл сатып алынды. Коммуналдық қызметтерге – 1122.0 мың теңге ; оның ішінде электроэнергияға – 545.2 мың теңге, жылу энергиясына – 356.6 мың теңге, суға -220.2 мың теңге жұмсалды. Байланыс қызметтеріне – 128.8 мың теңге жұмсалды. Көлік құралдарын жүргізушісімен жалға алу қызметіне – 416.0 мың теңге, «ПарусКаз» бағдарламасына-37.8 мың теңге, бейнебақылау қызметтеріне-10.2 мың теңге, өрт дабылы қызметтері үшін-6.8 мың теңге, газ қондырғыларына техникалық қолдау қызметтеріне -37.3 мың теңге, санитарлық қызметтерге-19.5 мың теңге жұмсалды.
263 007 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 2994,0 мың теңге бөлінді.
Облыстық телевизиялық бағдарламаның көтерілуі және таралуы
қызметіне – 2994.0 мың теңге жұмсалды.