Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік өтініміне түсіндірме жазба

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2021-2023 жылдарға арналған   бюджеттік өтініміне түсіндірме жазба

 

         263 001 015 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы

  1. Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

              2020  жылы осы бағдарламаны іске асыруға 131 326,0 мың теңге бөлініп, бюджет қаражаты 19 бірлік мемлекеттік қызметшілер мен 4 штаттан тыс қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге – 79 611,3 мың теңге, ел ішінде және одан тыс жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарларға – 1 282,3 мың теңге, отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға – 258,2 мың теңге, кеңсе тауарларын сатып алуға және газеттер мен журналдарға жазылуға – 1 289,5 мың теңге, байланыс қызметтерін төлеуге – 808,4 мың теңге, 2 көлік қызметтеріне ақы төлеуге – 4 208,5 мың теңге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерге ақы төлеуге – 29 755,4 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге – 8 335,0 мың теңге, өзге де ағымдағы  шығындарға – 337,6 мың теңге, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүккәмал сатып алуға – 3 439,8 мың теңге жұмсалды.

              2020 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының ішкі  саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жалпы құны 29,8 млн. Теңгені құрайтын 8 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды. Бас бостандығынан айрылғандар мен бұрын сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мақсатында 20-дан астам іс шаралар (кездесулер, семинарлар, спорттық шаралар, тренингтер) өткізілді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Open space» қызметін ашу сияқты халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға арналған жобалар әзірленді, ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді, облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 5 отырысы өткізілді, жоспарға сәйкес облыс

аумағында 24 мониторингтік шығулар мен іс-шаралар өткізілді, Ақтөбе облысының ауылдық аумақтарындағы халықтың әлеуметтік жағдайы тақырыбына әлеуметтік зерттеу жүргізілді, «Ақтөбе ақпарат» өңірлік орталығының баспасөз алаңында барлығы 163 баспасөз конференциясы, брифингтер, сондай-ақ  7 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен баспасөз релиздері жарияланды.

  1. Орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жай-күйінің қысқаша сипаттамасы:

«Ақтөбе облысы аумағында 2021 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу» жобасы бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу қызметін өнім беруші орындамауына байланысты, жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін экономикалық сотқа беріліп, қаржысын бюджетке қайтару.

2021 жылы қараша-желтоқсан (Алматы қаласы 25-26 қараша Азаматтық форумға, Шымкент қаласы 4-7 қараша Әкелер форумына, Нұр-сұлтан қаласы семинарға қатысуға) айларында жоспардан тыс іс сапарлар көбейіп, қаржы шығындарының артуына алып келді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін                   іс-шаралардың көбеюіне байланысты, сахналық жарық диодты экранды жалға алу, алғыс хат, құттықтау папкалары және баннерлер әзірлеу.

Басқармадағы орындықтардың жыл өте шаң басып, кірленіп қалуына байланысты, барлық орындықтар химиялық тазалауға берілуді қамтамасыз ету.

Облыс әкімдігінің құпиялық режимін қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуын тексеруде анықталған кемшіліктерді жою үшін, кабинеттердегі кабельдерді жаңарту жұмыстарын жүргізу.

Автокөліктің автоматты беріліс қорабын жөндеу және іштен жану қозғалтқышты ашып, жөндеу.

2021 жылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру бойынша қызметтерді жүзеге асыру үшін 9 500 мың теңге қажет.

  1. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы:

Стратегиялық жоспар әзірленбейді.

  1. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақтық дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы:

Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша нысаналы индикаторлар көзделмеген.

  1. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен жоспарланған түпкілікті, тікелей нәтижелерінің сипаттамасы.

мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру үшін басқару аппаратының қызметін қамтамасыз ету. Ұлттың бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

263 001 015 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар – 8170,0 мың теңге: 

154 – ерекшелік бойынша «Ақтөбе облысы аумағында 2021 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу» жобасы бойынша әлеуметтік зерттеулер – 1330,0 мың теңге қысқартуға;

159 - ерекшелік  бойынша – 6350,0 мың теңге,  оның ішінде:

- Жарықдиодты сахналық жарықдиодты экранды жалға алу. Монтаждау, бөлшектеу – 2 000 000 теңге, алғыс хат – 350 000 теңге, модернизация ЛВС – 1 000 000 теңге, телефон қызметіне техникалық қолдау көрсету – 1 000 000 теңге, автокөлікке техникалық қызмет көрсету қызметтері – 1 000 000 теңге, орындықтарды тазалау – 350 000 теңге, баннер әзірлеу – 500 000 теңге, құттықтау папкасын дайындау – 150 000 теңге.

161 – ерекшелік бойынша 3150,0 мың теңге ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар шығыны (басшы, басшысының орынбасары және бөлім

басшысы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына) «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы (барлық енгізілген өзгерістерді және АЕК – 2917 теңге екендігін ескере отырып) негізінде есептелінді;

Тікелей нәтиже көрсеткіштері - Басқарма аппаратын ұстау: мемлекеттік қызметшілер -22 бірлік, тех.персонал - 4 бірлік; Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іске асырылған шаралар мен жобалардың саны - 16 бірлік; Біліктілігін көтеру және қайта даярлау курстарынан өтетін аппарат қызметкерлерінің саны - 4 бірлік.

 

Басқарма басшысы                                                    Л.Уразбаева

 

 

Дата публикации
13 декабря 2021