Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2021 жылғы бюджет қаражатының игерілуі туралы түсіндірме жазбасы

                    Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының

2021  жылғы бюджет қаражатының игерілуі туралы түсіндірме жазбасы

 

«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 24 тамыздағы №283 қаулысына сәйкес 2021 жылдың 1 қарашасынан «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-не қосу жолымен заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылды, 2021 жылы ішкі саясат басқармасы бойынша бюджеттен қаржыландыру үшін 1 089 808.0 мың теңге бөлініп, оның 1 086 367.5 мың теңге немесе  99,7%   игерілді. Оның   ішінде:

263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша: 291 986.0 мың теңге бөлініп оның 98.9% игерілді. Осы бюджеттік бағдарлама бойынша ішкі саясат басқармасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы қаржыландырылады.

Басқарма аппаратын ұстауға штаттық саны 26 адам (мемлекеттік қызметшілер – 22 бірлік, техникалық персонал – 4 бірлік) жалпы сомасы 131199.5 мың теңгені құрады, оның ішінде: мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы қорына– 124758.8 мың теңге; техникалық персоналдың еңбекақы қорына - 6440.7 мың теңге; техникалық персоналдардың іс сапар шығындарына-313.4 мың теңге, жанар-жағар май сатып алуға- 437.4 мың теңге, кеңсе құралдарын сатып алуға -94.1 мың теңге, А4 форматтағы ақ қағаз сатып алуға - 353.5 мың теңге, принтерлерге картридж сатып алуға -368.4 мың теңге, авто қосалқы бөлшек (шина) сатып алуға -288.5 мың теңге,  автокөлік орындығына чехол сатып алуға -25.0 мың теңге, 2022 жылға мекемеге мерзімдік басылымдарға жазылуға - 56.9 мың теңге; байланыс қызметтеріне ақы төлеу -1682.9 мың теңге, оның ішінде: телефон байланысына - 808.1 мың теңге, интернет желісіне- 874.8 мың теңге; почта қызметіне- 30.0 мың теңге; автокөлікті жүргізушісімен жалға алу - 4970.7 мың теңге; әлеуметтік зерттеулер бойынша 8 жобаға -5415.0 мың теңге; мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылатын 14 жоба бойынша 108 684.3 мың теңге толығымен игерілді, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу– 8725.9 мың теңге, оның ішінде «ПарусКаз» бағдарламасына - 2934.1 мың теңге; компьютерлерге техникалық қызмет көрсетуге - 532.5 мың теңге; қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін - 535.7 мың теңге; ЭҚЖ бағдарламасын есептеуіш қуатымен қамтамасыз ету қызметі үшін - 453.2 мың теңге; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сәйкестендіру карталарын әзірлеу жұмыстары үшін - 177.0 мың теңге; құттықтау хаттарын, брошюра жасату қызметтеріне - 772.5 мың теңге; мерекелік шараларды гүлмен безендіру қызметтеріне - 546.4 мың теңге;  жергілікті есептеу желісін жаңғырту - 600.0 мың теңге; баннер жасату үшін -610.2 мың теңге; техникалық қызметтерге - 925.8 мың теңге;  К2- бағдарламасы қызметіне - 638.5 мың теңге; қоршаған ортаны ластағаны үшін эмиссия (автокөлік) - 8.4 мың теңге; су сатып алуға - 21.6 мың теңге жұмсалды.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын басқару орталығына (12 штаттық бірлік) еңбекке ақы төлеу қорына –17985.0 мың теңге, принтерлерге картридж сатып алу -117.8 мың теңге, А4 форматтағы ақ қағаз сатып алуға - 154.1 мың теңге, мерзімдік басылымдарға жазылу- 68.6 мың теңге; байланыс қызметтеріне ақы төлеу - 923.4 мың теңгені құрады, оның ішінде: телефон байланысына-17.4 мың теңге, интернет желісіне - 906.1 мың теңге; автокөлікті жүргізушісімен жалға алу -1790.9 мың теңге; өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу– 780.6 мың теңге, оның ішінде: компьютерлерге техникалық қызмет көрсетуге - 107.1 мың теңге; «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді тәсілдері» атты семинарға сертификат пен брошюраға - 277.6 мың теңге; «Ұлы даланың ұлы есімдері жобасы бойынша тарихи-танымдық-мәдени шаралар цикліне» қойын дәптер жасау қызметіне - 395.9 мың теңге; қызметкерлердің ел ішіндегі іс-сапарлары үшін - 127.2 мың теңге, өзге де ағымдағы шығындарға: мерекелік шараларды гүлмен безендіру және т.б. қызметтерге -169.6 мың теңге; Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысына материалдар жинағын шығару қызметіне- 1599.6 мың теңге, брошюра шығару-190.4 мың теңге, баннер шығару – 268.9 мың теңге, гүл шоғына 130.0 мың теңге жұмсалды.

263 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасынан "Рухани жаңғыру" бағдарламасын басқару орталығына бір ноутбук -147.0 мың теңгеге сатып алынды.

«Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 22 штаттық бірлікпен  «Облыстық жастар ресурстық орталығы» КММ-сі қаржыландырылады.

2022  жылдың  1 қаңтарына еңбекке ақы төлеу қорына – 31128.1  мың теңге, автокөлікті міндетті сақтандыру қызметіне -18.8 мың теңге, жанар-жағар май сатып алуға - 136.6 мың теңге; өзге де қорлар сатып алуға - 887.3 мың теңге, оның ішінде: кеңсе тауарларын сатып алуға -306.3 мың теңге, картридждер сатып алуға-314.9 мың теңге, шаруашылық заттар сатып алуға  - 266.1 мың теңге; коммуналдық қызметтерге ақы төлеу -3059.0 мың теңге, оның ішінде: электро энергияға -839.2 мың теңге, жылу үшін төлем (суға)-2219.8 мың теңге; байланыс қызметтеріне ақы төлеу -239.1 мың теңге; автокөлікті жүргізушісімен жалға алу қызметіне - 162.5 мың теңге; өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу - 21299.3 мың теңге, оның ішінде: «ПарусКаз» бағдарламасына - 473.0 мың теңге, бейне бақылау қызметіне -302.6 мың теңге, картридждерді бояумен толтыру қызметіне - 297.4 мың теңге, орг. техникаға қызмет көрсету - 307.8 мың теңге, дезинфекциялық қызметтерге - 341.0 мың теңге, қалдықтарды (мусор) шығару қызметіне -352.4 мың теңге, полиграфиялық қызметке - 2869.8 мың теңге, көлік құралдарын ағымдағы жөндеу қызметіне - 939.3 мың теңге, «К2» бағдарламасына техникалық қызмет көрсету - 671.6 мың теңге, баннер жасату қызметіне - 2296.8 мың теңге, музыкалық аппаратура қызметіне -1135.2 мың теңге, видеооператор мен фотограф қызметіне -349.9 мың теңге, логотиппен футболка дайындау қызметіне - 2050.0 мың теңге, психолог-тренер қызметіне - 1983.3 мың теңге, іс-шара өтетін орынға жарықтандырылған jas AGTOBE әріптерін дайындау қызметіне -350.0 мың теңге, дизайнердің қызметіне-1500.0 мың теңге,  ғимараттын ішкі бөлмелерін әктеп-сырлау жұмыстарына -550.0 мың теңге, сайттарды техникалық қолдау бойынша қызметтер - 553.8 мың теңге, іс-шара өтетін орынды лэд экранмен, гулмен, логотиппен  безендіруге -3250.0 мың теңге, видео құрлылғысы мен өрт құрлылғысын техникалық қолдау қызметіне – 570.4 мың теңге, мекемеге маңдайша дайындату қызметіне -155.0 мың теңге; іс сапар шығындарына -393.0 мың теңге; өзге де ағымдағы шығындарға мерекелік іс-шараларды өткізу қызметіне - 31458.1 мың теңге, оның ішінде -25 600.0 мың теңгесі Ақтөбе облысы әкімінің қаулысына сәйкес жоғарғы және арнайы оқу орындарында оқитын талантты және дарынды, оқу үлгерімі өте жақсы студенттерге әкімнің арнайы степендиясы төленді, әр-түрлі шараларға үлестірме материал (футболка, бейсболка, спортивный шейкер, кружка с логотипом) сатып алуға -1567.2 мың теңге, іс-шараларды өткізуге сыйлықтар сатып алуға – 2706.2 мың теңге, 30 дана медаль сатып алуға – 654.0 мың теңге, 20 дана кубок сатып алуға – 371.7 мың теңге, гүл сатып алуға – 559.0 мың теңге жұмсалды.   

263 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасынан -5032.5 мың теңге, оның ішінде: ғимаратты жабдықтау үшін жабдықтар, құралдар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандарын сатып алуға - 2212.7 мың теңге, 2 ноутбук сатып алуға -389.3 мың теңге, 6 дана принтерлер сатып алуға -724.3 мың теңге, 4 телефон аппаратын сатып алуға -53.8 мың теңге, ту мен тутұғыр сатып алуға -259.7 мың теңге, антивирус бағдарламасын 13 компьютерге сатып алуға - 88.4 мың теңге, 1 фотоаппарат сатып алуға- 422.2 мың теңге,  терезелерге перделер 43 дана жалюзи сатып алуға -418.5 мың теңге, проектор (экраны мен штативін қоса алғанда) сатып алуға – 420.0 мың теңге; құжаттарды жоятын 1 аппарат сатып алуға - 43.6 мың теңге жұмсалды.

263 007 «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша баспа және электрондық БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге (әлеуметтік-экономикалық даму туралы материалдарды дайындау және жариялау, Ақтөбе облысының негізгі қоғамдық - саяси оқиғаларын, мерзімді баспасөз басылымы, интернет - портал арқылы, телевидение және т .б. арқылы жариялау) 522 117.0 мың теңге бөлініп, оның 522 116.7 мың теңгесі игерілді немесе 100%.

263 075 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 84,5 штаттық бірлікпен  «Қоғамдық келісім» КММ-сі қаржыландырылады.

2022  жылдың  1 қаңтарына еңбекке ақы төлеу қорына – 94 825.3  мың теңге, автокөлікті міндетті сақтандыру қызметіне - 63.0 мың теңге, жанар-жағар май сатып алуға - 402.3 мың теңге, оның ішінде бензин - 265.7 мың теңге, сұйытылған газға - 136.6 мың теңге; өзге де қорлар сатып алуға - 1151.0 мың теңге, оның ішінде: мекемеге мерзімдік басылымдарға жазылуға - 64.3 мың теңге, А4 форматтағы ақ қағаз сатып алуға -252.0 мың теңге, жиіктемеге (рамка)- 135.0 мың теңге, картридж сатып алуға – 301.3 мың теңге, шаруашылық заттар сатып алуға -111.2 мың теңге; коммуналдық қызметтерге ақы төлеу -5349.7 мың теңге, оның ішінде: электро энергияға -2322.2 мың теңге, жылу үшін төлем (суға) - 3027.5 мың теңге; байланыс қызметтеріне ақы төлеу -1354.0 мың теңге; автокөлікті жүргізушісімен жалға алу қызметіне - 2500.0 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу - 15407.5 мың теңге жұмсалды, оның ішінде: «ПарусКаз» бағдарламасына - 216.0 мың теңге, бейне бақылау қызметіне - 264.0 мың теңге, картридждерді бояумен толтыру қызметіне - 264.0 мың теңге, орг. техникаға қызмет көрсету - 308.0 мың теңге, дезинфекциялық қызметтерге -225.0 мың теңге, қалдықтарды (мусор) шығару қызметіне - 339.1 мың теңге, қаптама (переплет) қызметіне - 300.0 мың теңге, полиграфиялық қызметке -557.6 мың теңге, көлік құралдарын ағымдағы жөндеу қызметіне - 300.0 мың теңге, газ қазандықтарына техникалық қызмет көрсетуге - 300.1 мың теңге, «К2» бағдарламасына техникалық қызмет көрсету -597.1 мың теңге, өрт дабылы, сөндіру жүйелерінің қызметтері -242.0 мың теңге, климаттық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету -264.0 мың теңге,  мерекелік шараларды ұйымдастыру қызметіне - 1954.3 мың теңге, баннер жасату қызметіне - 1259.5 мың теңге, лэд экранды жалдау қызметіне – 1458.5 мың теңге, энергожүйені сараптамалық тексеру қызметіне- 114.1 мың теңге, ҚР рәміздері кабинетін жасақтау қызметіне- 480.0 мың теңге, жерге қосу тізбегін өлшеу (алдын алу сынақтары)- 78.0 мың теңге, өлшеу құралдарын тексеру жөніндегі қызметтерге - 698.0 мың теңге, мерекелік шараларды гүлмен безендіру және т.б. қызметтерге - 2281.1 мың теңге, рәміздер жасату жұмысына - 18.0 мың теңге, жалюз (жапқыш) жасату жұмысына 255.0 мың теңге, стенд жасату жұмысына -275.0 мың теңге, ғимараттын ішкі бөлмелерін әктеп-сырлау жұмыстарына - 275.0 мың теңге, қызметкерлерді оқыту бойынша қызметтерге-350.5 мың теңге,  мәдени ойын-сауық бағдарламалары қауымдастықтары ұсынатын қызметтер үшін - 828.0 мың теңге, декоративті жарықтандыруды қамтамасыз ету, қабырға экранын безендіру және жалға алу,  жарықтандыруды жалға алу бойынша қызметтер - 905.6 мың теңге жұмсалды. Іс сапар шығындарына - 614.2 мың теңге; өзге де шығындарға 7170.8 мың теңге; оның ішінде эмиссияға -18.7 мың теңге,  этно мәдени бірлестіктердің өкілдерінің іс сапар шығындарына -923.1 мың теңге, мемлекеттік бажға - 8.8 мың теңге, автокөлікті техникалық тексеру қызметіне - 20.2 мың теңге, облыс әкімінің жыл сайынғы сыйақысына - 6200.0 мың теңге жұмсалды.

263 077 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" бюджеттік бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысы бойынша таратылатын жаңалықтар телебағдарламаларын сурдорпереводпен қамтамасыз ету бойынша қызметтерге 51 822.0 мың теңге бөлініп 100% игерілді.

 

 

 

  

Дата публикации
24 января 2022