«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі "Облыстық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына (2022 жылдың 1 қазанына дейін бала күтімі бойынша демалыс уақытына)
Лауазымдық міндеттері: Орталық басшысы қызметінің бағыттары бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдесу:
2) бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, құзыретін және дербестігін дамыту:
3) жастар арасында сандық сауаттылықты арттыруға және жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу:
4) жастарға психологиялық көмек көрсету;
5) жастарға өтеусіз негізде консультациялық және заң көмегін көрсету:
6) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу:
7) жастар ортасында Волонтерлік қызметті қолдау және дамыту:
8) жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу:
9) жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу:
10) жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау:
11) ақпараттық кеңістікті кеңейту;
12) үздік тәжірибелер каталогын құру;
13) ресурстық орталықтардың қызметін жарықтандыру;
14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайшы келмейтін басқа да функцияларды орындау.
Лауазымдық жалақысы: еңбек өтіліне сәйкес анықталады.
Білімге қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және басшылық лауазымда кемінде 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болу қажет.
Мамандығы: Құқықтану, Мемлекеттік және жергілікті басқару, әлеуметтік ғылымдар (саясаттану, әлеуметтану, конфликтология, философия, дінтану, психология, мәдениеттану, менеджемент).
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде) соңғы жарияланған күнінен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-не төмендегідей құжаттарды тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) кадрларды есепке алу жеке парағы және 3х4 фото;
7) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
8) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы қосымша өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде) соңғы жарияланған күнінен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-не мына мекен-жайға тапсыру керек:
030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, № 302 кабинет. Анықтама үшін телефон: 8 (7132) 548141. r.tashkaraeva@aktobe.gov.kz
Осы лауазымға ие болған адамға көтерме ақы төленбейді, тұрғын үй мен жеңілдіктер берілмейді