«Ақтөбе облысының бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы»
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4- бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 мамырдағы №173 «Өңірлік деңгейде бұқарлық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қажеттігінің негіздемесі болып табылады.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Бұл нормативтік құқықтық акті https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat?lang=k сайтында 2021 жылдың 24 қарашасында орналастырылды, 2021 жылдың 25 қараша №136 «Актюбинский вестник» және 2021 жылдың 25 қараша №136 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің 2021 жылдың 2 желтоқсандағы № 44 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктері оң сараптамалық қорытындылар ұсынды.
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысына сәйкес, қаулы жобасында сыбайлас жемқорлық тәуекел факторлары анықталған жоқ.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің 2021 жылғы 22 қарашада № 01-2181 оң қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2021 жылдың 24 қарашасында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2021 жылдың 9 желтоқсанда аяқталды. Есептемені қарау 153 бірлік, жобаны қолдап 1 бірлік дауыс берді, «қарсы» дауыс, келіп түскен пікірлер саны жоқ.