«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қоғамдық келісім» КММ директоры бос лауазымына тағайындау үшін ашық конкурс жариялайды.

«Ақтөбе облысының ішкі   саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі

«Қоғамдық келісім» КММ директоры бос лауазымына  

тағайындау үшін ашық конкурс жариялайды.

«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қоғамдық келісім» КММ ( мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы 20а)   директоры лауазымына

Лауазымдық міндеттері:  Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара іс-қимылын жандандыру жөніндегі мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету. Ұлттық мәдениетті сақтау мен дамыту, Қазақстан халқының тілдері мен дәстүрлерін жаңғырту үшін жағдайлар жасау. Әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсету, Қазақстан халқы Ассамблеясының Тұжырымдамасын, Қазақстанның Ел бірлігі доктринасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу. Қоғамдық қатынастар мониторингін жүзеге асыру, қоғамдық пікірді зерделеу бойынша әлеуметтік және басқа да ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Жеке мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен, оның ішінде ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, білім беру мекемелерімен, ақпараттық орталықтармен, этномәдени бірлестіктермен ынтымақтастықты дамытуды ұйымдастыру. Мемлекеттік ұлттық саясатты, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді, демократиялық өзгерістердің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру процесінде теріс қабылдауға жол бермеу үшін оларды қолдау үшін қоғамдық пікір қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Тиісті саладағы уәкілетті органға қоғамдық және этномәдени бірлестіктердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Мекеменің  әкімшілік-қаржылық шаруашылық қызметіне қатысты жұмыстарды жүзеге асырады. Мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді. Мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, мекеменің қызметшілерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, өз орынбасарының және мекеменің басқа да қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды, еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жазалар қолданады. Іссапарларға, қызметшілерді оқытуға, қызметшілердің біліктілігін арттыруға және басқа да нысандарға қатысты тәртіп пен жоспарларды бекіту. Қаржы және шаруашылық қызмет мәселелерін белгіленген тәртіпте шешу, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылауды жүзеге асыру. ҚХА құрылымдарына, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарға қайырымдылық қызметін ұйымдастыру мен өткізуде әдістемелік көмек көрсетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады. Мекемедегі санитарлық-гигиеналық жағдайды, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауды, құқықтары мен бостандықтарын ҚР Заңдарында белгіленген тәртіпте сақтауды іске асырады. Мекеме іс-қағаздарының жүргізілуін, заңды құжаттарының сақталуын, есептерінің уақтылы тапсырылуын бақылап отырады. Жалпы ұжымда және қарасты этно мәдени бірлестіктерде қолайлы моральдық – психологиялық ахуал болуын қамтамасыз етеді. Жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау тиіс және қызметкерлер,  этно мәдени бірлестіктер өкілдері арасында «татулық», «ауызбіршілік», «достық» принциптерін ұстануды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен мекеме қызметіне қатысты байланыс жүргізеді. Мекемеге қарасты этно мәдени бірлестіктер жұмысын үйлестіреді. Мекеменің Ережесімен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және тиісті саладағы уәкілетті органмен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады. Мекеме директоры ұжымға жалпы басшылық жасап, мекемеге жүктелген міндеттерді орындауды бақылап, іске асыруды ұйымдастырады.

Білуге міндетті нормативтік құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Конституциясын;  Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Комерциялық емес ұйымдар туралы» заңдарын және саласына қатысты құқықтық актілер.

Лауазымдық жалақысы: еңбек өтіліне сәйкес анықталады.

Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және басшылық лауазымда кемінде 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болу қажет.    

Мамандығы: Құқықтану, Мемлекеттік және жергілікті басқару, әлеуметтік ғылымдар (саясаттану,  әлеуметтану, конфликтология, философия, дінтану, психология, мәдениеттану).

 Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде) соңғы жарияланған күнінен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде  «Ақтөбе облысының ішкі саясат  басқармасы» ММ-не  төмендегідей құжаттарды тапсырады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын  құжат көшірмесі;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) кадрларды  есепке  алу  жеке парағы және  3х4  фото;

7) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

8)  соттылығының  жоқ екендігі  туралы  анықтама.

Конкурсқа қатысушы қосымша өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзеді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде) соңғы жарияланған күнінен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде  «Ақтөбе облысының ішкі саясат  басқармасы» ММ-не  мына  мекен-жайға тапсыру керек:

030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, № 302 кабинет. Анықтама үшін телефон: 8 (7132) 548141.  r.tashkaraeva@aktobe.gov.kz

Осы лауазымға ие болған адамға көтерме ақы төленбейді, тұрғын үй мен жеңілдіктер берілмейді

Дата публикации
16 ноября 2021