Управления внутренней политики Актюбинской области Информация об освоении бюджетных средств на 1 сентября 2021 года

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2021  жылдың 1 қыркүйегіне бюджет қаражатының игерілуі туралы   ақпарат

          2021 жылдың 1 қыркүйегіне ішкі саясат басқармасы бойынша бюджеттен қаржыландыру үшін 484 671.0 мың теңге бөлініп, оның 484 494.5 мың теңге немесе  100,0%   игерілді. Оның   ішінде:

Атауы

2021 жыл  (мың теңге)

Жоспар

Орындалуы

%

263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

77148.0

76976.8

99.8%

263 007 «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер»

307552.0

307552.0

100%

263 075 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету»

73448.0

73442.7

100%

263 077 «ҚР мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту»

26523.0

26523.0

100%

Барлығы

484 671.0

484 494.5

100.0%

         263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:

  1. Басқарма аппаратын ұстауға штаттық саны 23 адам (мемлекеттік қызметшілер – 19 бірлік, техникалық персонал – 4 бірлік) жалпы сомасы 49354.5 мың теңгені құрады, оның ішінде: мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы қорына– 46966.8 мың теңге; техникалық персоналдың еңбекақы қорына - 2387.7 мың теңге жұмсалған. Техникалық персоналдардың іс сапар шығындарына-151.7 мың теңге, жанар-жағар май сатып алуға- 311.2 мың теңге, А4 форматтағы ақ қағаз сатып алуға - 283.5 мың теңге, жиектеме сатып алуға -42.0 мың теңге, қалам сатып алуға -2.8 мың теңге, карандаш сатып алуға – 1,0 мың теңге, авто қосалқы бөлшек (шина)-128,9 мың теңге жұмсалды. Байланыс қызметтеріне ақы төлеу -754.6 мың теңге, оның ішінде: телефон байланысына - 287.9 мың теңге, интернет желісіне- 466.7 мың теңге, көлік құралдарын жалға алу қызметіне -1294.0 мың теңге, әлеуметтік зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеу-858.0 мың теңге, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу ерекшелігі бойынша- 0 мың теңге - «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында Қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту», «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жүзеге асырылатын жобаларына мониторинг және бағалау жүргізу» қызметтеріне -799.5 мың теңге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында «Бас бостандығынан айырылғандар мен бұрын сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мақсатында іс-шаралар өткізу», «"Қоғам үні" жобасы аясында облыс тұрғындарының қоғамдағы өзекті мәселелерін анықтау және бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» қызметтеріне- 642.9 мың теңге, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында ҮЕҰ-ды жұмылдыруға және дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру қызметтеріне -870.7 мың теңге, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында тұрғындар арасында тұтынушылар құқығын қорғау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қызметтеріне -433.9 мың теңге, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында Журналистер қоғамының қызметін жұмылдыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында мемлекеттік саясатты түсіндіру бағытында ақпараттық топтардың жұмысын ұйымдастыру қызметіне -2100.0 мың теңге, мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы өзара әріптестік пен диалогты дамыту, журналистер құқықтарын қорғау» қызметтеріне- 3679.0 мың теңге келісім шарт бойынша 30% алдын ала төлем.

        Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу– 2580.9 мың теңге, оның ішінде «ПарусКаз» бағдарламасына -912.7 мың теңге, компьютерлерге техникалық қызмет көрсетуге - 164.7 мың теңге, қағаз көшіру аппаратын жұмыс істеуін (техникалық қызмет көрсетуін) қамтамасыз ету үшін - 87.5 мың теңге, қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін - 535.7 мың теңге, ЭҚЖ бағдарламасын есептеуіш қуатымен қамтамасыз ету қызметі үшін - 226.6 мың теңге, қаржы қызметі үшін – 34.6 мың теңге жұмсалды; мекеме автокөлігіне техникалық қызмет көрсету -112.6 мың теңге, құттықтау хаттарын жасату қызметіне-249.1 мың теңге, кондиционерлерді қоңдыру, толтыру және техникалық қызмет көрсету қызметтеріне-98.0 мың теңге, мерекелік шараларды гүлмен безендіру қызметтеріне -99.3 мың теңге, LED экранды жалға алуға -60,0 мың теңге жұмсалды, қызметкерлердің ел ішіндегі іс-сапарлары үшін - 572.3 мың теңге, қоршаған ортаны ластағаны үшін эмиссия (автокөлік) -3.0 мың теңге, ауыз су сатып алуға -21,6 мың теңге жұмсалды.

  1. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын басқару орталығына (12 штаттық бірлік) еңбекке ақы төлеу қорына –9836.4 мың теңге, принтерлерге картридж сатып алу -90.8 мың теңге, байланыс қызметтеріне ақы төлеу-497.4 мың теңгені құрады, оның ішінде: телефон байланысына-28.1 мың теңге, интернет желісін пайдаланғаны үшін -469.3 мың теңге жұмсалды, көлік құралдарын жалға алу қызметіне -799.2 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу– 690.7 мың теңге, оның ішінде компьютерлерге техникалық қызмет көрсетуге - 58.4 мың теңге, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді тәсілдері» атты семинарға сертификат пен брошюраға - 230.3 мың теңге, «Ұлы даланың ұлы есімдері жобасы бойынша тарихи-танымдық-мәдени шаралар цикліне» қойын дәптер жасау қызметіне - 395.9 мың теңге, алғыс хат дайындату қызметіне-6,1 мың теңге, өзге де ағымдағы шығындарға: мерекелік шараларды гүлмен безендіру және т.б. қызметтерге -157.6 мың теңге жұмсалды.

263 007 «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» бойынша 307 552.0 мың теңге, оның ішінде:

Атауы

Төленген қаражат (мың теңге)

«Облыстық телевизиялық бағдарламаларды спутниктік байланыс арналары арқылы спутникке көтеру және тарату» қызметіне

19443.1

«Облыстық телевизиялық бағдарламаларды облыс елді мекендеріне тарату үшін құрал-жабдықтарды жалға алу, тарататын, қабылдайтын телевизиялық құралдарды техникалық қызмет көрсету және жөндеу» қызметіне

1190.1

«Құқық бұзушылық пен қылмысқа, наркобизнеске қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясатты» өңірлік телевидение арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсету қызметіне

2354.2

«Рухани, конфессияаралық келісімді нығайту мәселелерін, дәстүрлі дін негіздерін түсіндіру бойынша» өңірлік телевидение арқылы мемлекеттік және орыс тілінде көрсету қызметіне

2501.3

«Ақтөбе облысында мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағытарының жүзеге асырылу барысын өңірлік телевидение арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсету» қызметіне

1729.5

«Ақтөбе облысында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын және денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша» өңірлік телевидение арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсету қызметіне

2078.1

Облысты индустриялық-инновациялық дамыту, Ақтөбе облысында шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасының басымдықтары мен іске асырылу барысы туралы Өңірлік теледидар арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау қызметіне

1783.1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясат туралы, Ақтөбе облысының құқық қорғау органдарының заңнаманың сақталуын қадағалау, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңнама талаптарын түсіндіру жөніндегі қызметі туралы ақпараттық, шолу, талдау материалдарын өңірлік теледидар арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындау және орналастыру қызметіне

1367.5

«Облыстық индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы басымдықтары мен жүзеге асырылу барысы, Ақтөбе облысында шағын және орта бизнесті дамыту туралы ақпаратқа шолу, талдау материалын орыс тілінде өңірлік мерзімді баспа басылымдары арқылы дайындау және жариялау» қызметіне

3271.8

«Облыстың ауылдық аймақтарын, агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылық саласын дамыту жөніндегі басымдықтары мен жүзеге асырылу барысы туралы материалдарын, мемлекеттік тілде өңірлік мерзімді баспа басылымдары арқылы  жариялау» қызметіне

3233.4

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірдің қоғамдық-саяси және рухани-мәдени, әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, облыстың оң имиджін қалыптастыратын маңызды шаралар туралы материалдарды радиохабар тарату арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындау және тарату қызметіне

1198.0

Ақтөбе облысында қоғамдық бірлестіктердің қызметін, азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау бойынша материалдарды өңірлік радиохабар арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындау және жүргізу қызметіне

614.9

«Ақтөбе облысында өңірлік мерзімді баспа басылымы (журнал) арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде гендерлік теңдік және отбасылық-демографиялық саясат, отбасылық құндылық, мәдени және рухани даму стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша ақпараттық, шолу, талдау материалдарын дайындау және жариялау» қызметіне

5964.0

Мемлекеттік ақпараттық саясатты мерзімді баспа басылымдары және Қазақстан Республикасы мен Ақтөбе облысының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау арқылы өңірлік мерзімді баспа басылымдары арқылы жүргізу қызметіне

149178.2

Ақтөбе облысында өңірлік телевизия арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу қызметіне

74272.1

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, білім беру жүйесін жаңғырту, бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, кадрларды әлемдік стандарттарға сәйкес қайта даярлау саласындағы, инфекциялық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу және денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер жөніндегі мемлекеттік саясатты жария ету, салауатты өмір салтын насихаттау, медициналық кеңестер, Ақтөбе облысында орыс тіліндегі өңірлік мерзімді баспа басылымы арқылы арқылы жария қызметіне

2686.8

Мәдени мұра және рухани даму, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту саласындағы, діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясатты орыс тіліндегі өңірлік мерзімді баспасөз басылымы арқылы жария ету қызметіне

2609.3

Қазақстан Республикасы Президентінің Ақтөбе облысындағы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі міндеттердің және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралардың іске асырылу барысын республикалық телевизия арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау қызметіне

5400.0

Өңірлік теледидар арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде азаматтарды патриоттық, мәдени-адамгершілік және рухани тәрбиелеу жөніндегі әлеуметтік роликтерді дайындау және прокаттау қызметіне

2047.4

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси оқиғалары және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы материалдарды орыс тілінде интернет-портал арқылы дайындау және жариялау / сайт / қызметіне

892.9

Қазақстан Республикасы Президентінің Ақтөбе облысындағы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі міндеттердің және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралардың іске асырылу барысын республикалық телевизия арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау қызметіне

2700.0

Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қамту, Ақтөбе облысының жергілікті мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінің депутаттарының қызметін мемлекеттік және орыс тілдерінде облыстық теледидар арқылы халық өмірінің өзекті мәселелерін шешу жөніндегі қызметін қамту қызметіне

723.0

Әлеуметтік-экономикалық дамудың рефлексиясы және Ақтөбе облысының негізгі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық оқиғаларын республикалық мерзімді басылымдар арқылы мемлекеттік тілде көрсету қызметіне

1241.2

Мемлекеттік және орыс тіліндегі аймақтық мерзімді баспа басылымы (журнал) арқылы Ақтөбе облысында гендерлік теңдік және отбасылық -демографиялық саясат, отбасы құндылығы, мәдени және рухани даму стратегиясын іске асыру бойынша ақпарат, шолулар, талдамалық материалдар дайындау және жариялау қызметіне

1919.1

Көшелер мен қоғамдық орындарда орнатылған жарық диодты LED экрандарға бейнелерді орналастыру қызметіне

1929.8

Интернет -портал / сайт арқылы Ақтөбе облысының тұрғындарының өмірінің өзекті мәселелерін шешу бойынша аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, жергілікті атқарушы органдардың қызметін іске асыруды мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындау және жариялау қызметіне

223.1

Қуатты өңірлер-Қуатты Қазақстан деректі фильмінің топтамасынан Арайлы Ақтөбе деректі фильмін шығару қызметіне

15000.0

Барлығы

307 552.0

263 075 «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 84,5 штаттық бірлікпен  «Қоғамдық келісім» КММ-сі қаржыландырылады.

         2021  жылдың  1 қыркүйегіне еңбекке ақы төлеу қорына – 57 830.5  мың теңге, автокөлікті міндетті сақтандыру қызметіне -63.0 мың теңге, жанар-жағар май сатып алуға - 1081.4 мың теңге, оның ішінде дизель отынына -397.9 мың теңге, бензин -365.7 мың теңге, сұйытылған газға-317.8 мың теңге жұмсалды. Өзге де қорлар сатып алуға -849.7 мың теңге, оның ішінде: мекемеге газет журналға жазылуға -64.3 мың теңге, жылтыр қатты қағаз сатып алуға -232.0 мың теңге, батарея  -8.0 мың теңге, А4 форматтағы ақ қағаз сатып алуға -252.0 мың теңге, жиіктемеге (рамка)- 135.0 мың теңге, шаруашылық заттар сатып алуға -111.2 мың теңге, автокөлікке аккумуляторлы батарея сатып алуға -47.2 мың теңге жұмсалды. коммуналдық қызметтерге ақы төлеу -3143.5 мың теңге, оның ішінде: электро энергияға -1270.1 мың теңге, жылу үшін төлем (суға)-1873.4 мың теңге, байланыс қызметтеріне ақы төлеу -710.4 мың теңге, көлік құралдарын жалға алу қызметіне - 1665.6 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу- 7013.0 мың теңге жұмсалды, оның ішінде: «ПарусКаз» бағдарламасына -144.0 мың теңге, бейне бақылау қызметіне -176.0 мың теңге, картридждерді бояумен толтыру қызметіне -176.0 мың теңге, орг. техникаға қызмет көрсету -220.0 мың теңге, дезинфекциялық қызметтерге -183.5 мың теңге, қалдықтарды (мусор) шығару қызметіне -176.1 мың теңге, қаптама (переплет) қызметіне -300.0 мың теңге, полиграфиялық қызметке -247.8 мың теңге, көлік құралдарын ағымдағы жөндеу қызметіне -68.3 мың теңге, газ қазандықтарына техникалық қызмет көрсетуге -180.3 мың теңге, «К2» бағдарламасына техникалық қызмет көрсету -323.1 мың теңге, өрт дабылы, сөндіру жүйелерінің қызметтері -132.0 мың теңге, климаттық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету -132.0 мың теңге,  мерекелік шараларды ұйымдастыру қызметіне-959.8 мың теңге, банер жасату қызметіне -671.3 мың теңге, лэд экранды жалдау қызметіне-650 мың теңге, энергожүйені сараптамалық тексеру қызметіне- 87,0 мың теңге, госсимволика кабинетін жасақтау қызметіне- 480.0 мың теңге, жерге қосу тізбегін өлшеу (алдын алу сынақтары)- 78.0 мың теңге, өлшеу құралдарын тексеру жөніндегі қызметтерге-115.0 мың теңге, мерекелік шараларды гүлмен безендіру және т.б. қызметтерге -914.8 мың теңге, госсимволика жасату жұмысына-18.0 мың теңге, жалюз (жапқыш) жасату жұмысына 255.0 мың теңге, стенд жасату жұмысына -275.0 мың теңге, қызметкерлерді оқыту бойынша қызметтерге-50,0 мың теңге жұмсалды. Іс сапар шығындарына 161 ерекшеліктен -269.4 мың теңге, өзге де шығындарға 878.2 мың теңге; оның ішінде эмиссияға -17.4 мың теңге,  этно мәдени бірлестіктердің өкілдерінің іс сапар шығындарына -842.8 мың теңге, мемлекеттік бажға-8.8 мың теңге, автокөлікті техникалық тексеру қызметіне-10.1 мың теңге жұмсалды.

        263 077 «ҚР мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» бағдарламасы бойынша 26 523.0 мың теңге,                 

       Ақтөбе облысы бойынша таратылатын жаңалықтар телебағдарламаларын сурдоаудармамен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге-26 523.0 мың теңге жұмсалды.

 

   Басқарма басшысы                                                                  А.Купенов

Дата публикации
16 августа 2021