2630761 2021 жылға арналған бюджетті жоспарлау жөніндегі Азаматтық бюджет (2021 жылғы тамыз нақтылау) "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы"ММ

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2021-2023 жылдарға арналған   бюджеттік өтініміне түсіндірме жазба

 

         Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

              2020  жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының ішкі  саясат басқармасы бойынша төмендегідей  жұмыстар  атқарылды:

-   үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыс бойынша жалпы құны 29,8 млн. теңгені құрайтын 8 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды.

   -  Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауларының, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.

- облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының 5 отырысы ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес облыс аумағында 24мониторинг іс-шарасы жүргізілді.

-  облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен Ақтөбе облысының ауылдық аумақтары тұрғындарының әлеуметтік жағдайы тақырыбында әлеуметтік зерттеу жұмысы жүргізілді.

- Ұлт Жоспары шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жыл ішінде өңірлік «Ақтөбе ақпарат» орталығының баспасөз алаңында барлығы 163 баспасөз мәслихаты, брифингтер, 7 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен пресс-релиздер жарияланды.

 

 

Ағымдағы қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

2021  жылдың жоспары бойынша Ақтөбе облысының ішкі  саясат басқармасы бойынша төмендегідей  жұмыстар  атқарылады:

-   Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыс бойынша жалпы құны 33 431мың теңгені құрайтын 12 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырады.

   - облыс әкімдігі  жанындағы  Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының 2 отырысы ұйымдастырылады. Жоспарға сәйкес облыс аумағында 23  мониторинг іс-шарасы жүргізіліп, 6 оқу семинарлары өтеді деп жоспарлануда.

-  облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен 8 әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.

- Ұлт Жоспары шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында, 2021 жылы өңірлік «Ақтөбе ақпарат» орталығының баспасөз алаңында барлығы 182 баспасөз мәслихаты, брифингтер, 8 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен пресс-релиздер жарияланады.

Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы:

Стратегиялық жоспар 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан  Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР №150-V Заңымен алынып тасталды.  Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы: Стратегиялық жоспар 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР №150-V Заңымен алынып тасталды.

Орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жай-күйінің қысқаша сипаттамасы:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі істері агенттігінің 2021 жылғы 12 тамыздағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» №138 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы  Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы №687 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақыларын көтеру мәселесіне қатысты бюджеттен қосымша 26 541 мың қаржы талап етіледі.
  2. Сондай-ақ, елдегі болып пандемиялық жағдайларға байланысты, 161 - ерекшелік бойынша семинар, концеренциялар, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстары т.б. қызметтік іс-сапарлар онлайн түрде өтіліп - 500,0 теңгеге үнемделіп отыр.  
  3. Сонымен қатар, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алу порталында 2 лот бойынша - 3500,0 мың теңге қаржы үнемделді.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен жоспарланған түпкілікті, тікелей нәтижелерінің сипаттамасы, бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпарат:

263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар – 26 541 мың теңге:

мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру үшін басқару аппаратының қызметін қамтамасыз ету. Ұлттың бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

Тікелей нәтиже көрсеткіштері - Басқарма аппаратын ұстау: мемлекеттік қызметшілер -19 бірлік, тех.персонал - 4 бірлік; Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іске асырылған шаралар мен жобалардың саны - 11 бірлік; Біліктілігін көтеру және қайта даярлау курстарынан өтетін аппарат қызметкерлерінің саны - 4 бірлік.

 2021-2023  жылдарға бюджеттік өтінім ҚР Қаржы Министрлігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағида талаптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасы, заттай нормалардың негізінде  жасалды.

111 - ерекшелік бойынша – 19 922 мың теңге, 113-ерекшелік  бойынша – 5 248 мың теңге,   басқарма қызметкерлерінің   (19 шаттық бірлік) еңбек ақысы және өтемақы төлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы                    30 қазандағы «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» №687 қаулысына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі істері агенттігінің 2021 жылғы 12 тамыздағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы»  № 138  бұйрығын басшылыққа ала отырып және олардың еңбек өтілдеріндегі өзгерістерді ескере отырып есептелінді;

121 - ерекшелік  бойынша – 842,0 мың теңге,   әлеуметтік салықты есептеуде  «Салық кодексі»   басшылыққа алынды;

122 - ерекшелік  бойынша – 644,0 мың теңге, әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21маусымдағы «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережелерін бекіту туралы» № 683 қаулысы незінде  есептелінді;

124 - ерекшелік  бойынша -  385,0 мың теңге - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті медициналық сақтандыру туралы»  Заңы басшылыққа алынды;

161 - ерекшелік  бойынша семинар, концеренциялар, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстары т.б. қызметтік іс-сапарлар елдегі болып жатқан пандемиялық жағдайға байланысты онлайн өтуіне орай іс-сапар шығындарын – 500,0 теңгеге үнемделіп отыр.  

263 007 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының мақсаты: Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру;

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік сатып алу порталында төмендегідей тақырыпта - 3500,0 мың теңге үнемделді.

- Ақтөбе облысында Қазақ ұлттық дәстүрлерін, отбасылық құндылықтарды насихаттау, өңірдің рухани-мәдени дамуы, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының іске асырылу барысын өңірлік телевизия арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау – 500,0 мың теңге;

- Aқтөбе облысында Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауында көрсетілетін басты міндеттердің жүзеге асырылу барысын және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды шараларды интернет-портал/сайт арқылы мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде дайындау және жариялау – 3000,0 мың теңге.

2021 жылы бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей  нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:

- Мемлекеттік тапсырысты іске асыру шеңберінде шығарылған өңірлік телевизиялық және радиохабарлар көлемі  - 224 сағат;

- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (газеттер) – 560 жол;

- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (журналдар) – 15 баспа беті.

Түпкілікті нәтиже – Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы хабардар ету және халыққа жеткізу. Халықтың БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге қанағаттану деңгейі, 2021 жылы-66%, 2022 жылы-66%, 2023 жылы-66%.

 

Басқарма басшысы                                                    А.Купенов

Дата публикации
01 сентября 2021