Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік өтініміне түсіндірме жазба
Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:
- үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыс бойынша жалпы құны 29,8 млн. теңгені құрайтын 8 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды.
- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауларының, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Жыл ішінде облыстық ақпараттық топтары 4357 кездесу өткізіп, оған 496 мыңнан астам тұрғын қамтылды.
- облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының 5 отырысы ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес облыс аумағында 24 мониторинг іс-шарасы жүргізілді.
- облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен Ақтөбе облысының ауылдық аумақтары тұрғындарының әлеуметтік жағдайы тақырыбында әлеуметтік зерттеу жұмысы жүргізілді.
- Ұлт Жоспары шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жыл ішінде өңірлік «Ақтөбе ақпарат» орталығының баспасөз алаңында барлығы 163 баспасөз мәслихаты, брифингтер, 7 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен пресс-релиздер жарияланды.
Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы: Стратегиялық жоспар 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР №150-V Заңымен алынып тасталды.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен жоспарланған түпкілікті, тікелей нәтижелерінің сипаттамасы, бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпарат:
263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар - 131 619,0 мың теңге:
мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру үшін басқару аппаратының қызметін қамтамасыз ету. Ұлттың бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;
Тікелей нәтиже көрсеткіштері - Басқарма аппаратын ұстау: мемлекеттік қызметшілер -19 бірлік, тех.персонал - 4 бірлік; Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іске асырылған шаралар мен жобалардың саны - 11 бірлік; Біліктілігін көтеру және қайта даярлау курстарынан өтетін аппарат қызметкерлерінің саны - 4 бірлік.
2021-2023 жылдарға бюджеттік өтінім ҚР Қаржы Министрлігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағида талаптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасы, заттай нормалардың негізінде жасалды.
111 - ерекшелік бойынша – 48 164,0 мың теңге, 113-ерекшелік бойынша – 6 885,0 мың теңге, басқарма қызметкерлерінің (19 шаттық бірлік) еңбек ақысы және өтемақы төлемдері Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» №150, 2004 жылғы 17 қантардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» № 1284 Жарлықтарын басшылыққа ала отырып және олардың еңбек өтілдеріндегі өзгерістерді ескере отырып, "Рухани жаңғыру" КММ қызметкерлерінің (12 шаттық бірлік) еңбекақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы негізінде есептелінді;
121 - ерекшелік бойынша – 2 601,0 мың теңге, әлеуметтік салықты есептеуде «Салық кодексі» басшылыққа алынды;
122 - ерекшелік бойынша – 1 518,0 мың теңге, әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21маусымдағы «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережелерін бекіту туралы» № 683 қаулысы незінде есептелінді;
123 - ерекшелік бойынша - 19,0 мың теңге - басқарма балансындағы 1 автокөлікті сақтандыруға «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446 Заңы басшылыққа алынды;
124 - ерекшелік бойынша - 964,0 мың теңге - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңы басшылыққа алынды;
131 - ерекшеліктер бойынша – 2 792,0 мың теңге, штаттан тыс қызметкерлердің (3 штаттық бірлік) еңбекақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы негізінде есептелді;
135 - ерекшеліктер бойынша - 295,0 мың теңге, штаттан тыс қызметкерлер бойынша әлеуметтік салықты есептеуде «Салық кодексі» басшылыққа алынып, әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережелерін бекіту туралы» № 683 қаулысы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңы негізінде есептелінді;
136 - ерекшеліктер бойынша - 401,0 мың теңге, "техникалық персоналдың ел ішіндегі іссапарлары мен қызметтік сапарлары" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы (барлық енгізілген өзгерістерді және АЕК - 2917 теңге екендігін ескере отырып) негізінде есептелінді;
144 - ерекшелік бойынша - 495,0 мың теңге, оның ішінде бензин - 157,32 мың теңге, газ –337,82 мың теңге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы N 1210 қаулысы негізінде есептелді;
149 - ерекшелік бойынша – 1 046,0 мың теңге, оның ішінде мерзімді баспа өнімдеріне жазылуға - 80,7 мың теңге, кеңсе тауарларын сатып алуға – 965,30 мың теңге есептелді;
152 - ерекшелік бойынша байланыс қызметтеріне ақы төлеуге 3 066,0 мың теңге қаралған, оның ішінде қалалық телефон нөмірлеріне -154,30 мың теңге, пошта қызметіне - 30,0 мың теңге, интернет желісіне кіру қызметтері – 2449,10 мың теңге , ұялы байланыс – 223,70 мың теңге, өзге де қызметтер – 210,0 мың теңге есептелінді;
153 ерекшелік бойынша көлiктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеу- 5 376,0 мың теңге - басқармаға және "Рухани жаңғыру" КММ - жеңіл автокөлікті жалға алу;
155 - ерекшелік бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде қызметтерге ақы төлеу – 33 431,0 мың теңге - Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау жөніндегі қызметтер (11 жоба) ;
159 - ерекшелік бойынша – 20 016,0 мың теңге, оның ішінде банк қызметіне – 50,0 мың теңге, баннер дайындау – 317,0 мың теңге, ҚР Президентінің Жолдауына брошюралар әзірлеу – 655,30 мың теңге, құттықтау хаттарын дайындау – 135,0 мың теңге, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға – 508,5 мың теңге, семинарларға – 50,0 мың теңге, әлеуметтік зерттеулер жүргізуге (8 қызмет) - 13000,0 мың теңге, қаптауы бар экран астына фермалық конструкцияны жалға алу жөніндегі қызметтер – 600,0 мың теңге, іс-шараға гүл композицияларымен безендіру бойынша қызметтер – 500,0 мың теңге, Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге (хостинг - виртуалдандыру технологиясын пайдаланумен шоғырландырылған есептеу алаңын ұсынуда) жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділік үшін техникалық талаптарды құруды қамтамасыз ету – 463,8 мың теңге, «Парус» бюджетті қаржыландыру және бюджеттік жоспарлау бағдарламасына техникалық қызмет көрсетуге – 1367,9 мың теңге, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету – 150,0 мың теңге,қол қоюға арналған папкалар – 283,2 мың теңге, құттықтау папкаларын дайындау – 430,5 мың теңге, компьютерлерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер – 410,0 мың теңге, антивирус ұзарту – 54,0 мың теңге, видеороликтер дайындау – 700,0 мың теңге, алғыс хат – 43,2 мың теңге, диплом дайындау – 18,8 мың теңге, сертификат дайындау – 51,5 мың теңге, буклет әзірлеу – 77,8 мың теңге және т.б.;
161 - ерекшелік бойынша – 3 260,0 мың теңге ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар шығыны «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы (барлық енгізілген өзгерістерді және АЕК - 2917 теңге екендігін ескере отырып) негізінде есептелінді;
169 - ерекшелік бойынша – 1 290,0 мың теңге - қоршаған ортаға эмиссия есептеуде - 10,0 мың теңге және «Рухани жаңғыру» басқару орталығының мерекелік іс-шараларына – 1280,0 мың теңге.
263 007 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының мақсаты:Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру;
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға - 415 000,0 мың теңге қажет. оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы мен Ақтөбе облысының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік және орыс тілдерінде мерзімді баспа басылымдары және ресми жариялау арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік мерзімді басылымдар арқылы жүргізу – 215 000 мың теңге
- Мәдени мұра және рухани даму, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту саласындағы, діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясатты өңірлік мерзімді баспа басылымдары арқылы орыс тілінде жариялау - 4000,0 мың теңге
- Мемлекеттік жастар саясатының басымдықтары мен іске асырылу барысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін өңірлік мерзімді баспа басылымдары арқылы насихаттау туралы ақпараттық, шолу, талдау материалдарын дайындау және жариялау - 4000,0 мың теңге
- Ақтөбе облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси оқиғаларын және әлеуметтік-экономикалық дамуын республикалық мерзімді баспасөз басылымы арқылы мемлекеттік тілде көрсету -5800,0 мың теңге
- Ақтөбе облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси оқиғаларын және әлеуметтік-экономикалық дамуын республикалық мерзімді баспасөз басылымы арқылы орыс тілінде көрсету – 5800,0 мың теңге
- Ақтөбе облысында облысты индустриялық-инновациялық дамыту, шағын және орта бизнесті дамыту саласын дамыту бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ақпараттық, шолу, талдау материалдарын дайындау және өңірлік бағдарламалар арқылы жариялау – 4000,0 мың теңге
- Облыстың ауылдық аумақтарын, агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл шаруашылығы саласын дамыту жөніндегі мәселелердің басымдықтары мен іске асырылу барысы, облыс ауылдарының өміріндегі оқиғалар туралы ақпараттық, шолу, талдау материалдарын дайындау және жариялау – 4000,0 мың теңге
- Ақтөбе облысында өңір арқылы гендерлік теңдік және отбасылық-демографиялық саясат, отбасылық құндылықтар, мәдени және рухани даму стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша ақпараттық, шолу, талдау материалдарын дайындау және жариялау – 12 000,0 мың теңге
- Ақтөбе облысында өңірлік теледидар арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу – 114 100,0 мың теңге
- Құқық бұзушылықтарға және қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясатты өңірлік теледидар арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау – 4500,0 мың теңге
- Рухани, конфессияаралық келісімді нығайту мәселелерін, дәстүрлі дін негіздерін түсіндіру бойынша өңірлік телевидение арқылы мемлекеттік және орыс тілінде көрсету – 3875,0 мың теңге
- Спутниктік байланыс арнасы бойынша облыстық телевизиялық бағдарламаны көтеру – 37 925,0 мың теңге
2020 жылы бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
- Мемлекеттік тапсырысты іске асыру шеңберінде шығарылған өңірлік телевизиялық және радиохабарлар көлемі - 201сағат;
- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (газеттер) – 805 жол;
- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (журналдар) – 13 баспа беті.
263 077 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» бюджеттік бағдарламасының мақсаты: Ақтөбе облысында таратылатын жаңалықтар бағдарламаларының сурдо аудармасын қамтамасыз ету ;
263 077011 бюджеттік бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысы бойынша таратылатын жаңалықтар телебағдарламаларын сурдоаудармамен қамтамасыз ету - 5953,0 мың теңге (3439 х 1556 минут) ;
273077015 бюджеттік бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысы бойынша таратылатын жаңалықтар телебағдарламаларын сурдоаудармамен қамтамасыз ету - 45869,0 мың теңге (3439 х 13629 минут).
2021 жылы бюджеттік бағдарламаны (қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
- сурдоаудармамен тарату көлемі - 227 сағат;
2021 жылы бюджеттік бағдарламаны (қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:
- сурдоаудармамен тарату көлемі - 26 сағат;
263 075 Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету – 121 838,0 мың теңге:
мақсаты: Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру;
111 - ерекшелік бойынша – 78 506,0 мың теңге, 113-ерекшелік бойынша – 4 895,0 мың теңге, "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлерінің (84,5 шаттық бірлік) еңбекақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы негізінде есептелінді;
121 - ерекшелік бойынша – 4 239,0 мың теңге, әлеуметтік салықты есептеуде «Салық кодексі» басшылыққа алынды;
122 - ерекшелік бойынша – 2 473,0 мың теңге, әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21маусымдағы «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережелерін бекіту туралы» № 683 қаулысы незінде есептелінді;
123 - ерекшелік бойынша - 63,0 мың теңге - басқарма балансындағы 1 автокөлікті сақтандыруға «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446 Заңы басшылыққа алынды;
124 - ерекшелік бойынша - 1 570,0 мың теңге - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңы басшылыққа алынды;
144 - ерекшелік бойынша – 1 266,0 мың теңге, оның ішінде ПАЗ (қыс –ДТ- 382,0 мың теңге, ПАЗ (жаз –ДТ- 414,0 мың теңге, бензин - 39,0 мың теңге, газ –431,0 мың теңге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы N 1210 қаулысы негізінде есептелді;
149 - ерекшелік бойынша - 1631,0 мың теңге, кеңсе тауарларын сатып алуға оның ішінде, А4 пішінде қағаз - 300,0 мың теңге, картридж – 721,0 мың теңге, жылтыр қағаз – 185,0 мың теңге, күңгірт қағаз – 150,0 мың теңге, рамка - 275,0 мың теңге есептелді;
151 - ерекшелік бойынша коммуналдық қызметтерге ақы төлеу 5 387,0 мың теңге қаралған, оның ішінде суық су – 397,0 мың теңге, кәріз – 563,0 мың теңге, тамақ дайындауға арналған газ – 2 230,0 мың теңге және электр энергиясына арналған тариф – 2 197,0 мың теңге есептелінді;
152 - ерекшелік бойынша байланыс қызметтеріне ақы төлеуге 1 471,0 мың теңге қаралған, оның ішінде қалалық телефон нөмірлеріне - 391,0 мың теңге, интернет желісіне кіру қызметтері – 1 080 мың теңге есептелінді;
153 ерекшелік бойынша көлiктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеу- 2500,0 мың теңге;
159 - ерекшелік бойынша – 10 997,0 мың теңге, оның ішінде мусор шығаруға – 264,0 мың теңге, картридж толтыру – 264,0 мың теңге, баннер дайындау – 1 200,0 мың теңге, өрт сөндіру сигнализациясына қызмет көрсету – 264,0 мың теңге, кондиционерлерге қызмет көрсету – 264,0 мың теңге, Парус бағдарламасын жоспарлау – 216 мың теңге, жерге қосу орталығының контурын профилактикалық сынау – 87,0 мың теңге, сараптама жүргізу бойынша жұмыстар – 514,0 мың теңге, К2 бюджет бойынша деректер базасын сүйемелдеу – 540,0 мың теңге, газ қазандықтарына қызмет көрсету – 300,0 мың теңге, компьютерлерге қызмет көрсету – 264,0 мың теңге, автокөлікке қызмет көрсету – 300,0 мың теңге, газ құбырларына техникалық қызмет көрсету – 53,0 мың теңге, бейне бақылау қызметі – 264,0 мың теңге, қара түсті үй-жайдың ағаш конструкцияларын сіңдіру қызметі – 803,0 мың теңге, дезинфекция қызметтері – 300,0 мың теңге, мерекелік іс-шараларды өткізу – 1 325,0 мың теңге,қағаздарды түптеу бойынша қызметтер – 300,0 мың теңге, жеке тапсырыс бойынша гүл композицияларын жасау бойынша қызметтер – 1 325,0 мың теңге, К2 бюджет бойынша деректер базасын техникалық қолдау жөніндегі қызметтер – 248,0 мың теңге, мерекелік іс-шараларды эстетикалық безендіру жөніндегі қызметтер – 1 325,0 мың теңге, полиграфиялық қызметтерге (блокнот эмблемасымен) – 248,0 мың теңге, полиграфиялық қызметтерге (брошюра) – 175,0 мың теңге, полиграфиялық қызметтерге (А3 плакат басып шығару) – 15,0 мың теңге, полиграфиялық қызметтерге (фирмалық бланктерді басып шығару) – 23,0 мың теңге, полиграфиялық қызметтерге (эмблемаларды басып шығару) – 40,0 мың теңге, 2016-2017 ж. Ж. КҚК-да жұмыс істеуге дайындық бойынша энергия жабдықтарын сараптамалық тексеру (жылу бөлігі) – 78,0 мың теңге және т.б.;
161 - ерекшелік бойынша – 2 359,0 мың теңге ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар шығыны «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы (барлық енгізілген өзгерістерді және АЕК - 2917 теңге екендігін ескере отырып) негізінде есептелінді;
169 - ерекшелік бойынша – 4 481,0 мың теңге өзге де ағымдағы шығындар – оның ішінде – ҚХА сессиясына жіберу - 1481,0 теңге, жаңа жылдық ертеңгілікке сыйлықтар – 1000,0 мың теңге, облыстық ҚХА сессиясы – 2000,0 мың теңге.
236032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары – 230,0 мың теңге. «Рухани жаңғыру» КММ компьютер сатып алуға.
мақсаты: Мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту. Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Рухани жағыру» КММ мекемелері үшін тиімді материалдық-техникалық жабдықтау жүйесін құру.
Басқарма басшысы А.Купенов