2630761 "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" ММ 2021 жылғы бюджетінің жоспары (бюджетті нақтылау наурыз айы 2021) бойынша азаматтық бюджеті

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2021-2023 жылдарға арналған   бюджеттік өтініміне түсіндірме жазба

            Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

              2020  жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының ішкі  саясат басқармасы бойынша төмендегідей  жұмыстар  атқарылды:

-   үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыс бойынша жалпы құны 29,8 млн. теңгені құрайтын 8 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды.

-  облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен «Ақтөбе облысының ауылдық аумақтары тұрғындарының әлеуметтік жағдайы» тақырыбында әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізілді.

- Ұлт Жоспары шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жыл ішінде өңірлік «Ақтөбе ақпарат» орталығының баспасөз алаңында барлығы 163 баспасөз мәслихаты, брифингтер, 7 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен пресс-релиздер жарияланды.

Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы: Стратегиялық жоспар 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР №150-V Заңымен алынып тасталды.        

Орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жай-күйінің қысқаша сипаттамасы: 

263 007 015 бағдарламасы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мемлекеттік саясатты түсіндіру және мемлекеттік органдардың жүргізіп жатқан жұмыстары туралы халықты ақпараттандыру үшін қосымша 100 000,0 мың теңге қажет.

Мемлекеттік ақпараттық саясаттың басты мақсаты - Президенттің тапсырмаларын, Үкіметтің мемлекеттік бағдарламаларын, облыс әкімінің басшылығымен атқарылып жатқан қоғамдық маңызды іс-шаралары мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халыққа насихаттау, түсіндіру, жеткізу бойынша мақалалар мен материалдар жариялау, телевидение және радио арқылы хабарлар ұйымдастырып ақпарат тарату, бейнероликтер дайындау және көрсету.

Биыл 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдық мерейтойын атап өту бойынша мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес еліміздің 30 жылдағы жеткен жетістіктерін халыққа кеңінен көрсету, насихаттау шаралары қолға алынуда. Мемлекет Басшысының саясатын, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жағдайын жақсартуға, еліміздің экономикасын дамытуға, өркендетуге бағытталған тапсырмаларын, Үкіметтің қабылдап жатқан мемлекеттік бағдарламалары мен жоспарларын, атқарылып жатқан оң өзгерістерді ел тұрғындарына кеңінен жеткізу, ақпараттандыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 2021 жылға облыстық бюджеттен қосымша қаржы керек.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен жоспарланған түпкілікті, тікелей нәтижелерінің сипаттамасы, бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпарат:

263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру үшін басқару аппаратының қызметін қамтамасыз ету. Ұлттың бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

2021 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын 11 әлеуметтік жобалар саны қайта қаралып, жалпы сомасы 33 431 000 теңгемен 12 әлеуметтік жобаларға өзгертілді.

«ҮЕҰ-ды жұмылдыруға және дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру». Жалпы сомасы 5 000 000 теңге.

Ақтөбе қаласының және облыстың аудандарында тұратын азаматтарын жеке сұрақтары бойынша  қабылдау үшін  фронт-кеңсесіне психологтарды, медиаторларды және заңгерлерді тарту, сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҮЕҰ облыстық конференциясын ұйымдастыру мақсатында 500 000 теңге  қосымша бөлінді.

 «Қарт адамдардың әлеуметтік - қоғамдық белсенділігін арттыру, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру бойынша әлеуметтік маңызды шаралар өткізу». Жалпы соммасы 2 500 000 теңге.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ардагерлердің қатысуымен шара өткізілуіне байланысты 500 000 теңге  қосымша бөлінді.

 «Тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізу». Жалпы соммасы 5 500 000 теңге.

Елде болып жатқан коронавирус пандемиясына байланысты бірқатар қоғамдық іс-шаралар өткізілмеуі мүмкіншілігін ескере отырып, 3 031 000 тг. ақша шегерілді.

«Журналистер қоғамының қызметін жұмылдыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы өзара әріптестік пен диалогты дамыту, журналистер құқықтарын қорғау». Жалпы соммасы 4 600 000 теңге.

ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты  шара  өткізу және шара аясында 20 үздік қызметкерлерді марапаттау, сондай-ақ фуршет ұйымдастыру үшін (шаралардың ауқымдылығына байланысты) қосымша 200 000 теңге ақша бөлінді.

«Тұрғындар арасында тұтынушылар құқығын қорғау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу». Жалпы соммасы 1 800 000 теңге. 

Тұрғындар арасында тұтынушылар құқығын қорғау туралы  ақпараттық-түсіндіру  жұмыстарын жүргізу үшін Орталық қызметіне заңгерлерді тарту мақсатында 300 000 теңге қосымша бөлінді.

 «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылатын жобаларына мониторинг және бағалау жүргізу». Жалпы соммасы 1 231 000 теңге.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын барлық әлеуметтік жобаларға бағалау жүргізіледі. Осыған орай, Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының жауапты қызметкерлерін оқыту мақсатында 31000 теңге қосымша бөлінді.

 «Қоғам үні» жобасы аясында облыс тұрғындарының өзекті мәселелерін анықтау және бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу». Жалпы соммасы  1 500 000 теңге.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, яғни халықпен тығыз қарым-қатынас орнату үшін «Қоғам үні» жобасы аясында облыс тұрғындарының өзекті мәселелерін анықтау және бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» жобасы қосылды.

              Тікелей нәтиже көрсеткіштері - Басқарма аппаратын ұстау: мемлекеттік қызметшілер -19 бірлік, тех.персонал - 4 бірлік; Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іске асырылған шаралар мен жобалардың саны - 12 бірлік; Біліктілігін көтеру және қайта даярлау курстарынан өтетін аппарат қызметкерлерінің саны - 4 бірлік.

              263 007 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының мақсаты: Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру; Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға -  100,0 млн. теңге.

Ағымдағы жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемі 415 млн. теңгені ғана құрап отыр. Бұл өткен 2020 жылмен салыстырғанда шамамен 110 млн. теңгеге аз. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы халықты ақпараттандыру жөніндегі жұмыстарды одан әрі үздіксіз іске асыру үшін 2021 жылдың соңына дейін қосымша 100,0 млн.теңге талап етіледі.

2021 жылы бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей  нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:

Мемлекеттік ақпараттық саясатты газеттер мен журналдар арқылы насихаттау бойынша материалдар дайындау және орналастыру бойынша қызмет – ш.см жалпы сомасы  15 910 000 тенге, келесі тақырыптар бойынша:

  • Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын және негізгі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық оқиғаларды республикалық мерзімді баспа басылымдары арқылы мемлекеттік тілде көрсету

(13 715,5  кв.см х 580 = 7 955 000)

  • Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын және негізгі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық оқиғаларды республикалық мерзімді баспа басылымдары арқылы орыс тілінде көрсету (13 715,5 кв.см х 580 = 7 955 000)

Мемлекеттік ақпараттық саясатты телерадиохабарлар арқылы насихаттау бойынша материалдар дайындау және орналастыру бойынша қызмет – 84 090 000 тенге, келесі тақырыптар бойынша:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген басты міндеттердің жүзеге асырылу барысын және өңірдегі қоғамдық-маңызды шараларды республикалық телевидение арқылы мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде көрсету (78 минут х 400 000 теңге = 31 200 000)
  • Ақтөбе облысында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, отбасы құндылықтарын насихаттау, өңірдің рухани-мәдени дамуы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысын өңірлік телевидение арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау(334 минут х 15000 теңге=5 010 000)
  • «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамыту, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламаларының және басқа да қоғамдық, әлеуметтік-маңызды бағыттарынының өңірде жүзеге асырылу барысын, облыстың мемлекеттік органдарының қызметі туралы, мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері түсіндіру бойынша интернет-портал/сайт арқылы мемлекттік және/немесе орыс тілдерінде жариялау (25 материал х 400 000 тенге = 10 000 000)
  • Өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуы, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың Ақтөбе облысында жүзеге асырылу барысы туралы материалдарды интернет-портал/сайт арқылы мемлекттік және/немесе орыс тілдерінде дайындау және жариялау (35 материал х 300 000 теңге = 10 500 000)
  • Ақтөбе облысының маңызды әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси оқиғаларын және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы материалдарды интернет-портал/сайт арқылы орыс тілінде дайындау және жариялау (50 материал х 200 000 теңге = 10 000 000)
  • Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауында көрсетілетін басты міндеттердің жүзеге асырылу барысын және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды шараларды интернет-портал/сайт арқылы мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде дайындау және жариялау (60 материал х 100 000 теңге = 6 000 000)
  • Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысын, Ақтөбе облысы тұрғындарының тыныс-тіршілігінің өзекті мәселелерін шешу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін интернет-портал/сайт арқылы мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде дайындау және жариялау (40 материал х 100 000 теңге = 4 000 000)
  • Қоғамдық көліктердегі мониторларда, халық көп шоғырланатын орындарда, көшелерде орналасқан LED экрандарда әлеуметтік  бейнероликтер орналастыру (42 бейнеролик – 7 380 000 теңге)

 

Басқарма  басшысы                                                                А.Купенов

Дата публикации
09 марта 2021