2630761 "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" ММ 2021-2023 жылдардағы бюджеттің жоспары бойынша азаматтық бюджет

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2021-2023 жылдарға арналған   бюджеттік өтініміне түсіндірме жазба

  1. Есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

              2020  жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы бойынша төмендегідей  жұмыстар  атқарылды:

-   үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыс бойынша жалпы құны 29,8 млн. теңгені құрайтын 8 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды.

   - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауларының, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Жыл ішінде облыстық ақпараттық топтары 4357 кездесу өткізіп, оған  496 мыңнан  астам  тұрғын  қамтылды.

-  облыс әкімдігі  жанындағы  Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының 5 отырысы ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес облыс аумағында 24  мониторинг іс-шарасы жүргізілді.

-  облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен Ақтөбе облысының ауылдық аумақтары тұрғындарының әлеуметтік жағдайы тақырыбында                             әлеуметтік зерттеу жұмысы жүргізілді.

- Ұлт Жоспары шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында, 2020 жыл ішінде өңірлік «Ақтөбе ақпарат» орталығының баспасөз алаңында барлығы 163 баспасөз мәслихаты, брифингтер, 7 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен пресс-релиздер жарияланды.

 

Ағымдағы қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы:

2021  жылы Ақтөбе облысының ішкі  саясат басқармасы бойынша төмендегідей  жұмыстар  атқарылады:

-   Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыс бойынша жалпы құны 33,431 млн. теңгені құрайтын 12 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырады.

-  облыс әкімдігі  жанындағы  Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының 2 отырысы ұйымдастырылады. Жоспарға сәйкес облыс аумағында 23  мониторинг іс-шарасы жүргізіліп, 6 оқу семинарлары өтеді деп жоспарлануда.

-  облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен 8 әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.

- Ұлт Жоспары шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында, 2021 жылы өңірлік «Ақтөбе ақпарат» орталығының баспасөз алаңында барлығы 182 баспасөз мәслихаты, брифингтер, 8 мыңнан астам ақпараттық материалдар мен пресс-релиздер жарияланады.

  1. Орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жай-күйінің қысқаша сипаттамасы:

2021 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің №495 Жарлығымен «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 Жарлығына» өзгерістер енгізілуіне байланысты, басқармадағы бөлім басшысы D-O-3 санатының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  D-O-2 санатына өзгеруіне орай қосымша 568,0 мың теңге қажет етеді.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» АҚ бас директоры Р.Кажибаева облыс басшысы О.Оразалинге «Сильные регионы – сильный Казахстан» деректі фильмі жөнінде хат жолданған болатын.

Жаңа медиа-жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерді және 2021 жылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында іске асырылуда. Деректі фильмдерде аумақтарды тұрақты дамытудың, экономикалық және өндірістік мамандандыру мәселелерін шешудің, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың неғұрлым тиімді практикасы көрсетілетіндігін,  жергілікті атқарушы биліктің өнеркәсіптік әлеуетті іске асыру, инвестициялық тартымдылықты, экспорттық қызметті арттыру, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды жайластыру, өңір халқының әл-ауқатын арттыру жөніндегі жұмысының нәтижелерін кеңінен таратуға ерекше назар аударылатындығы көрсетілген.

Осыған орай, «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» АҚ арнайы әзірлеген «Сильные регионы – сильный Казахстан» деректі фильмін сатып алу үшін қосымша 15,0 млн теңге қаражат талап етіледі.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі өндірістік пайдаланылуға берілді. Ақпараттық база ұйымның істер номенклатурасы мен тізімдемесін жасауға, құжаттарды құрылымдық цифрлауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде, басқармада аталған базаға құжаттарды жүктеу А4 форматындағы сканер арқылы жүзеге асырылуда. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануына және базаны құжаттармен толықтыру жылдамдығына кері әсерін тигізеді.

Осы ретте, құжаттарды базаға еш кедергісіз өткізуге мүмкіндік жасау мақсатында А3 форматындағы сканер алу қажеттігі туындап отыр.

Осыған орай, «Avision» А3 форматындағы планшеттік сканер алу үшін,қосымша 1000,0 мың теңге қаражат талап етіледі.

  1. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы:

Стратегиялық жоспар 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан  Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР №150-V Заңымен алынып тасталды.

  1. Жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақтық дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы: бұл бағдарламада жоспарланған нысаналы индикаторлар қарастырылмаған.
  2. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы, бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпарат:

263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар – 15 568,0 мың теңге:

мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру үшін басқару аппаратының қызметін қамтамасыз ету. Ұлттың бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

111 - ерекшелік бойынша – 300,0 мың теңге, 113-ерекшелік  бойынша – 101,0 мың теңге,  басқарма қызметкерінің  еңбек ақысы және өтемақы төлемдері Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы»  №150, 2004 жылғы 17 қантардағы  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» № 1284 

Жарлықтарын басшылыққа ала отырып және еңбек өтіліндегі өзгерістер негізінде есептелінді;        

121 - ерекшелік  бойынша – 141,0 мың теңге,   әлеуметтік салықты есептеуде  «Салық кодексі»   басшылыққа алынды;

122 - ерекшелік  бойынша – 16,0 мың теңге, әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21маусымдағы «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережелерін бекіту туралы» № 683 қаулысы незінде  есептелінді;

124 - ерекшелік  бойынша -  10,0 мың теңге - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті медициналық сақтандыру туралы»  Заңы басшылыққа алынды;

263 007 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының мақсаты:Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру;

Түпкілікті нәтиже – Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы хабардар ету және халыққа жеткізу. Халықтың БАҚ-та мемлекеттік саясатты жария етуге қанағаттану деңгейі, 2021 жылы-66%, 2022 жылы-66%, 2023 жылы-66%.

159 - ерекшелік  бойынша – 15 000,0  мың теңге – «Қуатты өңірлер-Қуатты Қазақстан» деректі фильмінің топтамасынан «Арайлы Ақтөбе» деректі фильмін шығару қызметі;

Мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерді және Үкіметтің 2021 жылғы 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында іске асырылады.

Түпкілікті нәтиже – «Сильные регионы – сильный Казахстан» деректі фильмі қоғамның аумақтық дамудағы жаңа тәсілдерді іске асыру барысы туралы.

263 005 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының мақсаты: басқару аппаратының материалдық - техникалық жағдайын жақсарту.

414 - ерекшелік  бойынша – 1000,0  мың теңге – А3 форматындағы планшеттік сканерін сатып алу;

Түпкілікті нәтиже - Басқару аппаратын материалдық-техникалық жақсарту – 100%.

  1. 6. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен жоспарланған тікелей нәтижелерінің сипаттамасы, бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпарат:

263 001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар – 15 568,0 мың теңге:

мақсаты: Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру үшін басқару аппаратының қызметін қамтамасыз ету. Ұлттың бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

Тікелей нәтиже көрсеткіштері - Басқарма аппаратын ұстау: мемлекеттік қызметшілер -19 бірлік, тех.персонал - 4 бірлік; Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іске асырылған шаралар мен жобалардың саны - 12 бірлік; Біліктілігін көтеру және қайта даярлау курстарынан өтетін аппарат қызметкерлерінің саны - 4 бірлік.

263 007 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының мақсаты:Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру;

2021 жылы бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру арқылы төмендегідей тікелей  нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілетін болады:

- Мемлекеттік тапсырысты іске асыру шеңберінде шығарылған өңірлік телевизиялық және радиохабарлар көлемі  - 201сағат;

- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (газеттер) – 805  жол;

- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығарылған өңірлік баспа БАҚ материалдарының көлемі (журналдар) – 13 баспа беті.

159 - ерекшелік  бойынша – 15 000,0  мың теңге – «Қуатты өңірлер-Қуатты Қазақстан» деректі фильмінің топтамасынан «Арайлы Ақтөбе» деректі фильмін шығару қызметі;

Тікелей нәтиже – «Сильные регионы – сильный Казахстан» деректі фильмінде өңірді тұрақты дамытудың, экономикалық және өндірістік мамандандыру мәселелерін шешудің, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың неғұрлым тиімді тәжірибелері көрініс табатын болады.

Өнеркәсіптік әлеуетті іске асыру, инвестициялық тартымдылықты, экспорттық қызметті арттыру, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды жайластыру, өңір халқының әл-ауқатын арттыру бойынша жергілікті атқарушы билік жұмысының нәтижелерін танымал етуге ерекше назар аударылатын болады.

      263 005 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының мақсаты: басқару аппаратының материалдық - техникалық жағдайын жақсарту.

Тікелей нәтиже – Сатып алынатын құрал-саймандар, шаруашылық мүкәммал және материалдық емес активтер саны, 2021 жыл – 1 сканер.

«Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі арқылы ведомстволық архив жұмысын цифрландыру.

Басқарма басшысы                                                       А.Купенов

Дата публикации
14 мая 2020