«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ
2021 жылдың 4 айдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша талдамалық анықтамасы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында мекеме директорының 2021 жылдың 4 мамырында № 15 бұйрығымен (2021 жылдың 05 қаңтарындағы № 4 бұйрыққа өзгерістер енгізілді) жұмыс тобы құрылып, 2021 жылдың қаңтар – сәуір айлары аралығында мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
2021 жылдың 5 қаңтарында бекітілген штаттық кесте бойынша «Қоғамдық келісім» КММ штат саны 84,5 бірлікті құрады, 2021 жылдың 07 мамырына нақты жұмыс істейтіндер – 76 адам, бос лауазымдық орын – 8,5 штаттық бірлік:
іс - шараларды ұйымдастыру қызметінің сарапшысы – 1 штатық бірлік бірлік (тұрақты);
– 1 штаттық бірлік (уақытша орын);
(уақытша орын);
вокалды – хореографиялық ансамблінің хормейстері – 0,5 штаттық бірлік бірлік (тұрақты);
вокалды – хореографиялық ансамблінің сүйемелдеушісі – 1 штаттық бірлік бірлік (тұрақты);
бірлік (тұрақты);
- Славян ЭМО "Радуга – престиж" би тобының балетмейстері – 1 штаттық бірлік (уақытша орын);
- "Шатлык" татар және башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестігінің "Сайра гармун" ансамблінің көркемдік жетекшісі – 0,5 штаттық бірлік (тұрақты);
- "Сығандар қауымдастығының" қоғамдық бірлестігінің "ДЭШ" ән – би ансамблінің қоюшы балетмейстері – 0,5 штаттық бірлік (тұрақты);
- Қызметті қамтамасыз ету бөлімінің маманы – 0,5 штаттық бірлік (тұрақты).
Қаңтар айынан бастап сәуір айына дейін жұмысқа 4 қызметкер қабылданды, өз еркімен жұмыстан 4 адам босатылды, оның ішінде тұрғылықты мекен – жайының ауысуына байланысты 1 адам және денсаулық жағдайына орай 1 адам.
Қаңтар – сәуір айлары аралығында тәртіптік теріс – қылық жасалып, сыбайлас жемқорлық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жоқ.
«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ 2021 қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу туралы бекітілген жылдық жоспарға сәйкес сәуір айындағы жағдай бойынша 47 шарт жасалды.
Оның ішінде монопалистермен Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен - 3 шарт, баға ұсынысын сұрату тәсілімен – 9 шарт, өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен – 4 шарт, зияткерлік меншік болып табылатын Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен – 1 шарт, 39 – баптың 3 – тармағының 42 – 30 тармақшаларына сәйкес шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу әдісі.
Жүргізілген талдау нәтижесінде, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында кешен қызметіне қажетті тауар, жұмыс пен қызметтер мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы айқын және ашық электрондық түрде жүргізіліп және жеткізушімен қандайда бір байланысқа түсуге мүмкіндіктің болмауына байланысты, сыбайлас жемқорлықтың белгілері анықталмаған.
Этносаралық қатынастар саласын талдау және мониторинг бөлімі.
Этносаралық қатынастар саласын талдау және мониторин қызметінің мақсаты: этносаясаттың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және үйлестіру. Қызметтің негізгі міндеті:
- этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын зерттеу, мемлекеттік этносаясат саласындағы ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды сарапшылық сүйемелдеу;
- Республикалық, облыстық ғылыми конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және т.б. ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу;
- этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелері бойынша аналитикалық материалдарды дайындау және мониторинг жүргізу;
- этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жасап шығару;
- Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясының, Ассамблея Кеңесінің отырыстарын және басқа да іс-шараларын сараптамалық және ғылыми-талдамалық қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына жауап беретін және мекеменің ережесіне қайшы келмейтін, қызметтің құзырына кіретін басқа да жұмыс түрлерін жүзеге асырады.
Сонымен қатар облыстық Ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топпен, Қ.Жұбанов ат. АӨМУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасымен өзара байланыста әрекеттеседі. Өз жиналыстарында аудан әкімдіктерінің ішкі саясат басшыларын, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін өз құзыреті шеңберінде ҚР заңнамалық актілерін орындау бойынша олардың жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндамаларын тыңдайды.
Бұқаралық ақпарат және ҚХА жанындағы кеңестер жұмысын іске асыру қызметінің жұмысы: қоғамдық келісім кеңесінің, аналар кеңесінің, "Бірлік" ақсақалдар кеңесінің жұмысын, медиация және БАҚ жұмысын үйлестіреді.
Бөлімнің негізгі қызметі БАҚ және халықпен ынтымақтастық жолымен кеңестер туралы, сондай-ақ "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" ММ "Қоғамдық келісім" КММ туралы тұрақты оң қоғамдық пікірді қалыптастыру және қолдау, облыста кеңестердің қызметіне жәрдемдесу және оны ұйымдастыру, кеңестердің қайырымдылық бағдарламаларын, акцияларын үйлестіру және қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарында (оның ішінде әлеуметтік бұқаралық ақпарат құралдарында) орналастыру болып табылады
Бөлім "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" ММ "Қоғамдық келісім" КММ қызметін ақпараттық қамтамасыз ету және жариялауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары БАҚ арқылы жүргізетін саясатты түсіндірумен, халықпен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасаумен айналысады, өскелең ұрпаққа патриоттық және рухани тәрбие беру жөніндегі іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қоғамдық қабылдаулар өткізеді.
Бөлім перспективалық, тоқсандық, ай сайынғы, сондай-ақ іс-шараларды дайындау және өткізудің жиынтық жоспарларын дайындаумен айналысады, жүргізілетін іс-шараларды жарықтандыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырумен қатар, бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша аудандар кеңестерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Медиация: Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша 12 ауданда медиация кабинеттері ашылып кәсіпқой және кәсіпкой емес медиаторлармен жұмыстар жүргізіліп өз нәтижесін беріп келеді. Ырғыз, Байғанин, Қобда, Мартук, Алға, аудандарында кәсіпкой медиаторларға кәбинеттер ашылуда.
Ақтөбе қаласы бойынша № 4 емханадан және № 10,23,28,37,40,63,77 мектептерінен медиация кабинеттері ашылып мектеп оқушыларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарылып, жас медиаторлар сайланып, мектеп ішілік жас өспірімдер дауларын реттеуде. Жыл сайын 5 тамыз республикалық медация күніне орай қалада және барлық аудандарда шаралар атқарылып келеді.
Этномәдени, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс және мәдени көпшілік іс – шараларды ұйымдастыру қызметі.
Бөлім «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өз жұмысында Мекеменің Ережесін және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
Бөлім жұмысы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру шеңберінде этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылына және жұмысын үйлестіруге, атап айтқанда, ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында республиканың, облыстың, қаланың, аудандардың қоғамдық-бұқаралық іс-шараларын, өзара рухани және мәдени байыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және оларға қатысу, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы өзара сенімді нығайту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, қазақстандық этностардың тілдері мен мәдениеттерін қолдау, ұлттық бірлікті нығайту және т. б.
Өз құзыреті шеңберінде жұмысқа қажетті ақпаратты және өзге де материалдар мен мәліметтерді этномәдени бірлестік өкілдерінен сұратады және алады.
Қорытындылай келе,
2021 жылдың қаңтар – сәуір айлары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұзуды болдырмау бойынша жұмыстарды жалғастыру ұсынылып, «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ екендігі анықталды.
Талдамалық анықтама жұмыс тобының мүшелерімен келісілді.
Жауапты тұлға:
- Директордың орынбасары – С.Жарыкова ____________
Комиссия мүшелері:
- Әкімшілік - қаржы қызметі бас есепші – А.Өтепов ________
- Этносаралық қатынастар саласын талдау және мониторинг қызметінің басшысы – Қ.Тел ________
- Бұқаралық ақпарат және ҚХА жанындағы кеңестер жұмысын іске асыру қызметінің басшысы – Р.Сергалина ____________
- Этномәдени, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс және мәдени көпшілік іс - шараларды ұйымдастыру қызметінің басшысы – А.Подольянова ________
- Қызметті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – М.Қартбаев ________
- «Халықаралық» «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының орынбасары – Ж.Қабақбаев ________