Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының 2020 жылғы бюджет қаражатын игерілуі туралы ақпарат
"Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2020 жылы ішкі саясат басқармасы бойынша бюджеттен қаржыландыру үшін 852 221,0 мың теңге бөлініп, оның 852 166,8 мың теңге немесе 100% игерілді, оның ішінде:
263 001 "Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
263 007 "Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша баспасөз басылымдары, телевидение, радио таратылымдары және интернет БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге - 525373,2 мың теңге жұмсалды.
263 077 "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту" бюджеттік бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысы бойынша таратылатын жаңалықтар телебағдарламаларын сурдорпереводпен қамтамасыз ету бойынша қызметтерге 28117,0 мың теңге жұмсалды.
263 075 "Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша 87 штаттық бірлікпен "Қоғамдық келісім" КММ-сі қаржыландырылады.
2020 жылы жұмсалған шығыстардың жалпы сомасы 159867,9 мың теңгені құрады, оның ішінде: еңбекке ақы қорына – 94721,3 мың теңге; байланыс және интернет қызметтеріне – 1542,0 мың теңге; автокөлікті жалға алуға және міндетті сақтандыру қызметтеріне – 2520,4 мың теңге, антисептик, қорғану құралдарын сатып алуға -1359,0 мың теңге, ЖЖМ сатып алуға - 460,3 мың теңге, өзгеде тауарлар сатып алуға - 3678,0 мың теңге (шаруашылық тауарларын сатып алуға – 656,9 мың теңге, кеңсе тауарларын сатып алуға – 1401,7 мың теңге, картридждерді сатып алуға – 448,0 мың теңге, электр тауарларын сатып алуға – 1116,4 мың теңге, мерзімді баспа басылымдарына жазылуға-55,0 мың теңге); іссапар шығыстарына - 673,6 мың теңге; Коммуналдық қызметтерге – 4250,0 мың теңге ( суық су және кәріз бойынша шығыстар - 990,0 мың теңге, газ өткізуге (жылытуға) шығын – 1579,3 мың теңге, электр энергиясына шығын - 1680,8 мың теңге); этносаралық қатынастар жағдайы бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу бойынша– 1850,0 мың теңге; автокөлік құралына техникалық қызмет көрсету – 300,0 мың теңге; полиграфиялық және типографиялық қызметтер - 1700,0 мың теңге; архивтік құжаттарды өңдеу қызметі- 300,0 мың теңге; ірі көлемді әріптерді орнату қызметі - 827,0 мың теңге; ЭМҰ қоса алғанда, іс – шаралар өткізу бойынша қызметтер - 19552,5 мың теңге; газ қазандығына техникалық қызмет көрсету, қазандықтар мен түтіндікті жөндеу – 931,2 мың теңге; мекеме қызметкерлерін оқытуға- 83,0 мың теңге; компьютерлік және оргтеникаларға техникалық қамтамасыз ету және бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу бойынша қызметтер – 1747,8 мың теңге; ғимаратты ағымдағы жөндеу, күтіп - ұстау, жабдықтау және қайта жабдықтау бойынша қызметтер (ағымдағы жөндеу, бейнебақылау орнату, пандус орнату, терезелерді жуу, қалқаны орнату, дизенфекция, күзет, өртке қарсы дабылқаққыш жүйесіне техникалық қызмет көрсету) - 23300,8 мың теңге; эмиссия және мемлекеттік баж салығы - 71,0 мың теңге.
263 032 "Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша - 7529,7 мың теңге игерілді, оның ішінде: 5 дана қатты диск сатып алуға, ҚР Мемлекеттік рәміздерін сатып алуға (Елтаңба 5 дана, ТУ 39 дана, тутұғыр 1 дана, Мемлекеттік рәміздері бар стендтер 18 дана), 1 аккумуляторлық дрель, 3 металл шкаф, 11 моноблок, 1 МФУ, 2 телефон аппаратты сатып алынды.
Басқарма басшысы А. Купенов