Бөлім мақсаты – саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру, аймақтағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа мониторинг жүргізу болып табылады.
Ақтөбе облысысында 809 үкіметтік емес ұйым тіркелген (қоғамдық бірлестіктер – 461, қоғамдық қорлар – 222, заңды тұлғалар бірлестігі – 37, жеке меншік мекемелер – 89). Оның ішінде, 150-ге жуық ұйым белсенді жұмыс жасайды.
Үкіметтік емес ұйымдардың 80 % (653) Ақтөбе қаласында тіркелсе, 20 % (156) аудандарда тіркелген.
Бөлім әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың іске асырылуын қамтамасыз етеді, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың орындалу барысына мониторинг жүргізеді, үкіметтік емес ұйымдарға әдістемелік, ақпараттық кеңес беріп, қолдау көрсетеді.
Құрамына мемлекеттік орган басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізілген Ақтөбе облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің жұмысын үйлестіреді.