GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 октября 2026
🏗️ Жақында ашылады: Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің IT Hub оқу-өндірістік корпусы

🏗️ Жақында ашылады: Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің IT Hub оқу-өндірістік корпусы

Ақтөбе қаласында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжіне арналған заманауи IT Hub оқу-өндірістік корпусының құрылысы аяқталды. Нысан Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырыс беруімен салынды.

Үш қабатты жаңа ғимарат 300 студентке арналған. Мұнда заманауи оқу аудиториялары, компьютерлік сынып, конференц-зал, IT бөлімі мен серверлік бөлме қарастырылған. Әрбір оқу аудиториясы 25 студентке есептелген.

Жаңа корпус студенттердің заманауи технологияларды меңгеруіне, цифрлық дағдыларын дамытуына және кәсіби білім алуына қолайлы жағдай жасайды.

Құрылыс жұмыстары «Бабәк-Құрылыс» ЖШС бас мердігерлігімен жүзеге асырылды.

Жаңа нысанның ашылуы колледждің білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңірдегі IT саласының дамуына үлес қосады деп күтілуде.

19 октября 2026
🏗️ Қайтарылған активтер есебінен медициналық инфрақұрылым дамуда

🏗️ Қайтарылған активтер есебінен медициналық инфрақұрылым дамуда

🏥 Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында Мұғалжар аудандық ауруханасына жапсарлас ғимарат салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылып, мұнда тері арқылы коронарлық араласу орталығын ашу көзделген.

⚒️ Құрылыс жұмыстары 2026 жылғы 30 сәуірде басталды. Бас мердігер – «Интерстиль» ЖШС. Бір қабатты ғимараттың жалпы ауданы 562,58 м², ал құрылыс көлемі 2 526,29 м³ құрайды. Орталықтың қабылдау қуаттылығы ауысымына 6 келушіні құрайды.

📌Қазіргі уақытта нысанның жалпы құрылысқа әзірлік деңгейі 30%-ды құрайды. Жер қазу, негізді дайындау және іргетас блоктарын орнату жұмыстары толық аяқталған. Қабырғаларды қалау жұмыстары 40%-ға орындалды.

✨ Аталған жобаның жүзеге асырылуы аудан тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Қайтарылған активтерді әлеуметтік маңызы бар нысандарға бағыттау – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған маңызды қадам.

19 октября 2026
ҚФФ басшысы Ақтөбедегі салынып жатқан стадион мен футбол манежіне барды

«Ақтөбе» — «Ордабасы» матчы қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровпен бірге жаңа стадионның құрылыс алаңына барды.

Мердігер ұйымның өкілі құрылыс барысы, жұмыстың қазіргі кезеңдері және жобаның техникалық ерекшеліктері туралы баяндады.

Сондай-ақ Марат Омаров жабық футбол манежінде болды. Бұл — Батыс Қазақстандағы бірегей спорт нысандарының бірі. Манеж ауа райына қарамастан, жыл бойы футбол жаттығуларын өткізуге мүмкіндік береді. 2024 жылы аталған нысан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырылған-ды.

Ақтөбе облысында спорт инфрақұрылымын дамыту, дене шынықтырумен айналысу мүмкіндіктерін кеңейту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл міндеттер Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту және спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа стадионның құрылысы мен өңірдегі футбол инфрақұрылымын одан әрі дамыту отандық футболды қолдау, жас спортшыларды даярлауға қажетті жағдай жасау және өскелең ұрпақты спортпен тұрақты айналысуға тартуға бағытталған.

14 октября 2026
Ақтөбе облысында тағы бір ауқымды құрылыс: 5000 көрерменге арналған әмбебап спорт кешенінің құрылысы басталды

Кешен қаланың қалыптасып келе жатқан «Алтын Орда» әлеуметтік-іскерлік орталығында салынып жатыр.

Жаңа арена ірі жарыстар, жаттығулар мен бұқаралық іс-шараларды өткізуге жол ашады. Құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімі Асхат Шахаров танысты.

Жоба аясында кәсіби спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындарға арналған заманауи спорт кеңістігі құрылады. Кешен құрамына 5 мың көрерменге арналған орталық спорт аренасы, 50 метрлік жүзу бассейні, спорттық және көркем гимнастика, баскетбол мен волейбол залдары кіреді. Сондай-ақ жаттығу залы, йога және пилатеспен айналысуға арналған бөлмелер қарастырылған.

Ғимараттың жалпы ауданы 31 мың шаршы метрден асады. Кешен 6,1 гектар аумаққа орналасады. Мұнда түрлі деңгейдегі жарыстар өткізуге және бірнеше спорт түрі бойынша тұрақты жаттығу жүргізуге жағдай жасалады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде спорт инфрақұрылымын дамыту және дене шынықтыру мен спортпен айналысуға жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандардың құрылысы тұрғындарды белсенді өмір салтына тарту, кәсіби спортшыларды қолдау және түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, кешен сапалы салынып, белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі керек», - деді Асхат Шахаров.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңын қоршау, топырақтың құнарлы қабатын алу және қазаншұңқыр қазу жұмыстары аяқталған. Қазір мамандар геодезиялық жұмыстар жүргізіп, іргетас тақтасын орнатуға қажетті арматураны дайындап жатыр.

13 октября 2026
🏥 Хромтауда қайтарылған активтер есебінен медициналық орталықтың құрылысы жүргізілуде

🏗️ Хромтау ауданында аудандық ауруханаға жапсарлас ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба өңірдің медициналық инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

📌 Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Нысанның бас мердігері — «Многопрофильная строительная фирма „Мунайкурылыс“» ЖШС. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 2 576,02 шаршы метрді құрайды.

🩺 Жаңа орталықта науқастарды жоспарлы және шұғыл қабылдауға арналған жеке кіреберістер қарастырылған. Ғимаратта операциялық блок, реанимация және қарқынды терапия палаталары, инсульт орталығы, оңалту бөлімі, сондай-ақ МРТ кабинеті мен басқа да медициналық және қызметтік бөлмелер орналасады. Оңалту бөлімінде науқастардың сауығуына арналған массаж, емдік дене шынықтыру және тренажермен жаттығу кабинеттері қарастырылған.

✨ Жобаның маңызы зор. Әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде уақытылы әрі мамандандырылған медициналық көмек көрсету адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарады. Жаңа орталықтың іске қосылуы Хромтау ауданы тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің ауқымын кеңейтіп, диагностика, емдеу және оңалту бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді.

🔹Қайтарылған активтерді халықтың игілігіне бағыттау — әлеуметтік маңызы бар нысандарды дамытуға қосылған үлес. Ал денсаулық сақтау саласына салынған инвестиция — тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және болашақ ұрпақтың саулығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

13 октября 2026
📈 Ақтөбе облысының тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды

2026 жылдың тоғыз айындағы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды.

Отырыста экономиканың негізгі салаларындағы оң динамиканы сақтау, инвестициялық белсенділікті арттыру және жылдық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді.

🔹 Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Адайбек Есенаманов баяндама жасап, өңір дамуының негізгі көрсеткіштерін таныстырды.

2026 жылғы қаңтар–қыркүйек қорытындысы бойынша облыстың қысқамерзімді экономикалық индикаторы 101,8%-ды құрады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, негізгі капиталға салынған инвестициялар, сауда және тұрғын үй құрылысы сияқты жеті негізгі көрсеткіштің алтауы бойынша оң динамика қалыптасты.

📌 Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,3 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 101,1%-ды құрады. Ауыл шаруашылығында 337,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 102,8%-ға жетті.

Құрылыс саласында 12,3%-дық өсім тіркелді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 353,3 млрд теңге. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 880,3 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға өсті.

Өңірдегі тауар айналымы 2 трлн теңгені құрап, өсім 1,3% болды. Тоғыз айда облыста 633 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға жоғары.

Жиын барысында Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының даму қарқыны да қаралды. Қатысушылар инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын, өндірістік қуаттарды дамыту, құрылыс пен инфрақұрылым мәселелерін, сондай-ақ жергілікті жерлердегі экономикалық белсенділікті одан әрі арттыру мүмкіндіктерін талқылады.

Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға баса назар аударылды. Қала және аудан әкімдеріне бейінді басқармалармен бірлесіп, кәсіпорындар және инвесторлармен жұмысты жандандыру, перспективалы жобаларды сүйемелдеу және оларды іске асыруда туындайтын мәселелерді уақытылы шешу тапсырылды.

🏭 Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік пен құрылыс саласын дамыту, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек. Бұл бағыттардағы жүйелі жұмыс облыстың экономикалық әлеуетін нығайтып, жыл қорытындысы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Отырысты қорытындылаған облыс әкімі Асхат Шахаров мемлекеттік органдар жұмысының үйлесімділігін қамтамасыз етіп, нысаналы көрсеткіштердің орындалуын бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

«Тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының негізгі бағыттарында оң динамика сақталып отыр. Біздің міндетіміз – қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп, жылдық жоспарлардың толық орындалуын қамтамасыз ету.
Ол үшін бейінді басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінің өзара іс-қимылын күшейтіп, кәсіпорындар және инвесторлармен жұмысты жандандыру қажет. Жобаларды іске асыру барысында туындайтын мәселелерді уақытында шешу маңызды. Инвестиция тарту, өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашуға назар аудару керек.
Әрбір басшы өз бағыты бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, нақты нәтижелерге бағдарлануы және жүктелген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Жыл соңына дейін облыс экономикасын одан әрі дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет»,


– деді өңір басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты басшыларға әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру, бизнеспен өзара іс-қимылды күшейту және 2026 жылдың соңына дейін белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету міндеттелді.

12 октября 2026
Ақтөбе облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 24 млн теңгеге жуық өнімді сатты

Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Aqtobe Creative Days» екі күндік жәрмеңкесі аяқталды.

Ақтөбе облысынан келген креативті индустрияның 100-ге жуық өкілі 22 бағыт бойынша өз жобаларын ұсынды. Көпшілік дизайнерлік киімдер, әшекейлер, былғарыдан, ағаштан, сүйек пен киізден жасалған бұйымдар, ұлттық нақыштағы аксессуарлар мен кәдесыйларды сатып алды.

Мәдени бағдарлама аясында «Aqtobe Design» сән көрсетілімі, «Алақай» қуыршақ театрының «Жыл мезгілдері» инклюзивті қойылымы, Ақтөбе туралы анимациялық фильмнің таныстырылымы, композитор Серік Закарияның шығармашылық кеші, «SherTer» және «Жеребе life» жобаларының концерттері өтті.

Сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің өнер жолы мен халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Book Market кітап алаңында ақтөбелік қаламгерлердің шығармалары таныстырылды. Бұдан бөлек, зергерлік өнер, киіз басу, тері және ағаш өңдеу бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, екі күнде жәрмеңкеге 9 500 адам барды, жалпы 23 млн 850 мың теңгеге өнім сатылды.

Creative Aimaq жобасы өңірлердегі креативті индустрияларды қолдауды, отандық брендтерді танытуды және шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.

05 октября 2026
Қалай алданған үлескер болмауға болады?
01 октября 2026
Қарт жандарға жайлы жағдай жасау – басты назарда
Қарт жандарға жайлы жағдай жасау – басты назарда

Ақтөбе қаласында №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындары үшін жаңа санитарлық-тұрмыстық нысанның құрылысы аяқталуға жақын.

Жаңа ғимарат әлеуметтік қызмет алушылардың күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Нысан 15 адамға арналған және келушілерге қажетті барлық жағдай бар.

Бірқабатты ғимаратта киім ілетін орны бар вестибюль, санитарлық тораптар, бу бөлмелері, жуыну орындары, сондай-ақ техникалық және қосалқы бөлмелер қарастырылған. Нысанның құрылысы 2026 жылғы 13 сәуірде басталған. Ғимараттың жалпы аумағы 603,2 шаршы метр. Бас мердігер – «Стройком+Сервис» ЖШС.

Қарттар үйінің тұрғындары бұл нысанды асыға күтіп жүр. Жалпы ғимаратты салудағы басты мақсат – әлеуметтік қызмет алушылар үшін күнделікті өмірде қажетті қолайлы әрі қауіпсіз жағдай қалыптастыру.
30 сентября 2026
Әкімдік туралы Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Ақтөбе облысындағы әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосу 2 қазаннан басталады

Өңірдің алдағы жылу беру маусымына дайындығы мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың айтуынша, күзгі-қысқы кезеңді тұрақты өткізу үшін қажетті негізгі жұмыстар орындалған. Жылу, электр, су құбыры және кәріз желілері қалыпқа келтіріліп, қазандықтар мен жабдықтар тексерілді.

Отын қорына да көңіл бөлінді. Бюджеттік ұйымдар көмірмен және дизель отынымен толық қамтамасыз етілген. Әлеуметтік нысандардың қажеттілігін өтеуге жеткілікті қор қалыптастырылған.

Тұрғындар үшін сатылатын көмір жеткізілімі де тұрақты. Кезекті партиялар теміржол арқылы келіп түсуде, отын жоспарлы түрде сатылып жатыр. Басқарма мәліметінше, қазіргі таңда көмір тапшылығы жоқ.

Аймақтың негізгі коммуналдық кәсіпорындары жылу беру маусымына дайын.

Ақтөбе ЖЭО-да негізгі жабдықтар тексеріліп, қажетті газ көлемі қамтамасыз етілді және резервтік отын қарастырылған. Кәсіпорын маусым бойы жылумен жабдықтаудың қажетті параметрлерін сақтай алады.

«Aqtobe su-energy group» кәсіпорнында қазандықтар мен жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталды. Кәсіпорын тұтынушыларға жылу мен суды үздіксіз беруге қажетті жағдайларды қамтамасыз етті.

«Энергосистема» мекемесінде күзгі-қысқы кезеңде электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ететін электр желілері мен жабдықтар нормативтік жағдайға келтірілді.

Тұрғын үй қоры да жылу беру маусымына әзір. Көппәтерлі тұрғын үйлердегі ішкі жылу жүйелері, инженерлік желілер мен жабдықтар тексерілді. Нысандарға дайындық паспорттары мен актілері рәсімделді.

Апаттық жағдайларды жою үшін арнайы бригадалар жасақталды. Олар қажетті техника және материалдармен қамтамасыз етіліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Осылайша, өңірде жылу беру маусымын бастауға қажетті ресурстар бар. 2 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарды жылумен жабдықтау жүйесіне қосу басталады. Жылу беру және жылыту маусымының өту барысы - тұрақты бақылауда.

«Қазір басты міндет – күзгі-қысқы кезеңде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Барлық коммуналдық қызмет үйлесімді жұмыс істеп, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруі тиіс. Былтырғы жылы проблемалар туындаған учаскелерге баса назар аудару қажет. Қажетті ресурстардың болмауы салдарынан тұрғындардың жылусыз қалуына жол берілмейді. Тиісті ұйымдардың басшылары жағдайды жеке бақылауда ұстап, қажетті шараларды уақтылы қабылдауы керек», – деп тапсырды облыс әкімі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы