«Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын, Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 386, 505-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2), 4-3) тармақшаларына, 2-2-тармағына және «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген) сәйкес, «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 облыстық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасын әзірледі.
Аталмыш шешім жобаның негізгі мақсаты - облыстық мәслихаттың шешімін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келтіру.
Көрсетілген қаулы жобаның жүзеге асырылуы қосымша қаржыландыруды және штаттық санын көбейтуді талап етпейді.