2022 жылғы «__» __№ _
облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша
2015 жылғы «11» желтоқсандағы № 349
облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша
Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-15) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғау тәртібін айқындайды.
Қағидалар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды.
2.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жергілікті атқарушы органдар Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлейді.
1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;
2) ағаштарды кесу – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) 2-қосымшаның 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу жөніндегі жұмыс;
3) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган айқындаған учаскелерде жүзеге асырылатын ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу жөніндегі жұмыс;
4) дендрологиялық жоспар – құрылыс салу аймағын ескере отырып, көгалдардың, алаңдардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен үйлесімділікте өсіп тұрған және отырғызылуы жоспарланып отырған ағаш-бұта өсімдіктерінің жасыл екпелерінің сандық және түрлік құрамы көрсетілген жасыл екпелерді орналастырудың схемалық құжаты;
5) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;
6) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
7) жасыл алқап – түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
8) жасыл екпелер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және бірыңғай қалалық жасыл қорды құрайтын, табиғи өскен және жасанды отырғызылған ағашты-бұталы және шөпті өсімдіктер;
9) жасыл екпелерді жою – жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;
10) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау-жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және молықтыруға (оның ішінде кесілген жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;
11) жасыл екпелерді сақтау – абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
12) жасыл екпелерді орман-патологиялық зерттеу – зиянкестердің (жәндіктердің) болуын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, діңдерде, тамыр жүйесі мен ұшарбаста зең ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің болуын анықтау. Егер екпелердің 50 (елу) %-дан астамы аурулардан зақымданған болса, онда олар міндетті түрде кесілуі тиіс;
13) жасыл екпелерді түгендеу (тал басын қайта есептеу) – көгалдандыру объектілерінің сандық және сапалық сипаттамаларын толық сипаттай отырып, оларды есепке алу жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жоспарлы негізде әрбір көгалдандыру элементін графикалық бейнелеу;
14) жасыл екпелер тізілімі – жасыл екпелердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер жиынтығы;
15) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық және басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бірге азаматтың меншігіндегі, жеке (отбасында) тұруға арналған үй;
16) заңсыз кесу – уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылатын ағаштарды кесу;
17) көгалдандырылған аумақтар – шығу тегі табиғи өсімдіктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендері мен объектілері, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлзарлар орналасқан жер учаскесі;
18) көгалдандыру жөніндегі ұйым – шарт негізінде елді мекен аумағындағы жасыл еспелер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын көгалдандырылған аумақтарды көгалдандыру, күтіп-ұстау, күту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
19) көгал – шөп жамылғысы мен басқа да өсімдіктерді қамтитын, тротуардан, тұрақ қалталарынан, тұрақтардан және жолдың өзге де элементтерінен жиектас таспен және (немесе) әшекейлі қоршаумен қоршалған абаттандыру элементі (жер учаскесі);
20) күтіп-баптау жөніндегі жұмыстар – өсімдіктердің жерасты және жерүсті бөлігін күтіп-баптау (қоректендіру, суару, қопсыту, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар және өзге де іс-қимылдар);
21) мәжбүрлі түрде кесу – авариялық және төтенше жағдайларды жою кезінде уәкілетті органның келісімінсіз ағаштарды кесу;
22) өтемдік отырғызу жоспары – отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сондай-ақ жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;
23) өтемдік отырғызу – уәкілетті орган дендрологиялық жоспарға сәйкес айқындаған арнайы учаскелерде кесілген ағаштардың орнына отырғызу;
24) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
25) санитариялық кесу – авариялық жағдайлар туғызатын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың шатырын бұзатын, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін)ауру, құрғап бара жатқан, құрғақ және зақымдалған бұтақтарды кесу;
26) санитариялық мақсатта ағаш кесу – жасыл екпелердің санитариялық жай-күйін жақсарту мақсатында жүргізілетін ағаш кесу (ішінара, жаппай), бұл кезде ауру, зақымданған, қураған және қураған ағаштар кесіледі;
27) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
28) уәкілетті орган – жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
29) ұшарбасты қалыптастыру – белгілі бір эстетиқалық түр беру және жасыл екпелерді жасарту мақсатында олардың солып қалуына әкеп соқтырмайтын, пішіндеуге келетін бұтақтар мен өркендерді, жекелеген ағаштарды, бұталарды және жолдағы екпелерді кесу;
30) шағын сәулет нысандары – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсіндер, фонтандар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
31) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
2-тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
экологиялық теңгерімді сақтау;
оңтайлы температуралық режимді сақтау, оның ішінде жазғы кезеңде;
ауа ылғалдылығын сақтау;
ластанған ауаның адсорбциясы (пайдаланылған газдар, кәріз, өрттер, жинақталған коммуналдық қалдықтардың иісі және ауаны ластаудың басқа көздері);
белгілі бір аумақта ластануды және басқа да теріс әсер ету нысандарын сіңіру, тазарту, өзгедей жою;
сәндік-эстетикалық, қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру болып табылады.
3-тарау. Жасыл екпелерді есепке алу жөніндегі құжаттама жүргізу тәртібі
есепке алу объектісінің шекарасында орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелердің жерсіну актісін толтыру;
жасыл еспелер тізілімін жүргізу;
дендрологиялық жоспарды әзірлеу арқылы есепке алынады.
1) жасыл екпелердің саны, түрлік құрамы және жай-күйі туралы дұрыс деректерді есепке алу және алу;
2) елді мекеннің жасыл екпелерді қорғау, сақтау және көгалдандырылған аумақтарды дамыту саласындағы саясатының негізгі бағыттарын айқындау;
3) халықты және мүдделі тұлғаларды елді мекендегі жасыл екпелердің саны, жай-күйі және қоршаған орта туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;
4) елді мекен аумағындағы жасыл екпелердің жағдайын талдау;
5) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарда жасыл екпелерді тиімді басқару үшін бірыңғай ақпараттық база құру, оның ішінде жасыл екпелер санының қолданыстағы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкестігін белгілеу;
6) көгалдандырылған аумақтарды күтіп-ұстау, күрделі жөндеу және оларды қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды регламенттеу;
7) көгалдандырылған аумақтардың меншік иелерін айқындау және олардың сақталуы мен жай-күйіне жауапты заңды және жеке тұлғаларды белгілеу;
8) қаланың көгалдандырылған аумақтарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру;
9) көгалдандыру жобаларын, күтім жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын жасыл екпелерді күтіп-ұстау, күтіп-баптау және пайдалану жөніндегі ұсынымдар әзірлеу.
Бірінші бөлім – картографиялық бейнеден тұратын, онда әрбір жасыл еспе реттік нөмір беріледі және қайта есептеу ведомосімен сүйемелденеді. Картографиялық бейнеде жасыл еспелерден басқа, көшелерді, жолдарды (жүру бөлігін) қоса алғанда, құрылыс салу аймағын және жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды ескере отырып, көгалдардың, алаңдардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелері көрсетіледі.
Екінші бөлім – сипаттама, онда көгалдандырылған объектінің сәйкестендіру сипаттамалары, дендрологиялық жоспардың сәйкестендіру сипаттамалары, өсіп тұрған жасыл екпелердің сандық және түрлік құрамы көрсетіледі, мынадай:
кесу үшін (ауру, кепкен);
қайта отырғызуға арналған;
өңделмеген деген белгілерді көрсете отырып, жасыл екпелер өсетін жергілікті жердің бедері, топырақтың құрамы сипатталады.
4-тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар
1) отырғызу шұңқырлары мен траншеялардағы топырақты жерді ауыстыру, жасыл екпелерді отырғызу және оларды күтіп-баптау;
2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды әктеу, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;
3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;
4) жасыл екпелерді суару бүкіл вегетациялық кезеңде, жылдың ыстық және құрғақ уақытында суару үлкен жиілікпен жүзеге асырылады;
5) ұшарбасты қалыптастыру;
6) қаңқалы және жартылай қаңқалы бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып жүргізілетін жасарту;
7) тыңайтқыш енгізу;
8) жасыл екпелерді ң зиянкестерімен және ауруларымен күрес;
9) авариялық, қураған ағаштар мен бұталарды санитариялық кесу, түбірлерді жұлу;
10) жасыл екпелердің жай-күйіне мониторинг ұйымдастыру;
11) ағаштың қуысын тазалау және пломбалау, ағаштың кесілген жерлерін майлы баяумен өңдеу.
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде – уәкілетті орган жүзеге асырады;
2) саябақтар мен скверлерде меншік иелеріне немесе меншік иесі уәкілеттік берген адамға жүктеледі;
3) өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағында және басқа да меншік объектілерінде, сондай-ақ бөлінген және бекітілген аумақта және – осы объектілердің меншік иелеріне немесе пайдаланушыларына жүктеледі;
4) құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген аумақтарда – тапсырыс берушіге жүктеледі.
1) құрылыс алаңдарының қоршауы ағаштар мен бұталар олардың шегінен тыс қалатындай етіп орнатылады. Құрылыс алаңында қалған әр ағаштың немесе ағаштар тобының айналасында ағаштың діңі мен ұшарбасын зақымданудан сақтауды қамтамасыз ететін жеке қорғаныс жасалады. Ағашты-бұталы өсімдіктерді сақтау мақсатында төменгі және жоғарғы ұшарбастарды ішінара кесуге, оқпандарды байлауға, бұталардың ұшарбастарын байлауға жол беріледі;
2) сақталатын ағаштарды қоршауларды, шырақтарды және өзге де заттарды бекіту үшін бағаналар ретінде пайдалануға және зақым келтіруге жол берілмейді;
3) ағаштардың тамырларын жалаңаштауға және дің маңындағы шеңберлерді топырақпен, құрылыс материалдарымен және қоқыспен көмуге жол берілмейді;
4) жасыл еспелер ауданында жолдарды, тротуарларды және басқа да құрылыстарды реконструкцилау және салу кезінде бұрыннан барларға қарсы тік белгілерді өзгертуге жол берілмейді. Тамыр жүйесін толтыру немесе жалаңаштау мүмкін болмаған жағдайда, жобалар мен сметаларда ағаштардың қалыпты өсу жағдайларын сақтау үшін тиісті құрылғылар қарастырылған;
5) машиналардың көгалдарда тұруына, құрылыс материалдарын жинап қоюға, жанар-жағармай материалдарын, лас қалдықтарды төгуге жол берілмейді;
6) кірмежолдар мен көтергіш крандарды орнатуға арналған орындар жасыл еспелерден тыс орналастырылады және ағаштардың орнатылған қоршауларын бұзбайды;
7) ағаштар мен бұталардың тамыр жүйесі аймағында қазу жұмыстарын тамыр жүйесіне зақым келтірмей, негізгі қаңқа тамырлары орналасқаннан төмен жүргізеді;
8) жаңа құрылыстың барлық учаскелерінде жоғарғы өсімдік топырағын сақтайды, оны алуды және құрылыс алаңының шеттерінде үймелеуді жүргізеді. Бұрғыланған өсімдік топырағы аумақтарды көгалдандыру кезінде пайдаланылады және (немесе) көгалдандыру жөніндегі ұйымға беріледі.
5-тарау. Уәкілетті органның елді мекеннің аумақтарын көгалдандыру жөніндегі жұмыс жоспары
1) жасыл екпенің мекенжайын (орналасқан жерін), түрін, оның сипаттамаларын (оқпан диаметрі, биіктігі, жай-күйі және басқалары) көрсете отырып, болжанып отырған қураған ағашты кесу бойынша көлемді айқындау;
2) нақты учаскеде жоспарланған жаңа жасыл екпелердің көлемін анықтау (жасыл екпенің түрі мен атауы, отырғызу мерзімі);
3) түрі мен сипаттамаларын, отырғызу мерзімдерін айқындай отырып, өтемдік жасыл екпелер орналасатын учаскенің жоспарын айқындау;
4) ағаштың орналасқан жерін, көлемін (санын) көрсете отырып, түбірлерін қопарып қазып алу көлемін айқындау.
6-тарау. Ағаштарды кесу тәртібі
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне қызмет көрсету, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникациялары;
3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі;
5) адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаның мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жасалуы мүмкін;
6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған жағдайларда жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган халықтың өміріне қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген жасыл екпелерді кесуге рұқсат берілмейді.
жол қозғалысы қауіпсіздігіне кедергілер, оның ішінде жол белгілерін көзбен шолуды жабатын кедергілер болған, жол белгілерін ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда жүргізіледі.
7-тарау. Ағаштарды отырғызу, қайта отырғызу және өтемдік отырғызу
Көшеттердің жоғарғы тамыр жүйесінен діңінің диаметрі 3 сантиметрден кем емес болуы, дің бөлігінің 1,3 метр жоғары болуы қажет.
Өтемдік отырғызу үшін кесу орнынан 1 километр радиуста бос орын болмаған кезде өтемдік отырғызу аумағын уәкілетті орган жазбаша түрде көрсетеді.
| Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларына |
|
| 1-қосымша |
Нысан
____ жылғы 1 қаңтардағы Жасыл екпелер тізілімі
Жасыл екпелер объектілерінің (учаскелерінің) алаңын жердің санатына, өсімдіктің типтеріне, функционалдық мақсатына қарай бөлу
Қала/елді мекен
Әкімшілік аудан: (код)_____________________
Жауапты иесі:____________________________
Жасыл екпелер тізілімі
Кесте
| Р/с № түгендеу/жасыл екпе паспортының № | Жердің функционалдық мақсаты (екпелер санаты) | Ағаш өсімдігі | |||||||||||||||||||
| Бірлі-жарым ағаштар, дана | Топтар, куртиналар, дана | Тоғайлар, алқаптар, дана | Жол бойындағы екпелер, дана | Жиыны, дана | |||||||||||||||||
| Бұталы өсімдіктері | |||||||||||||||||||||
| Бірлі-жарым, дана | Жасыл қоршам қума метр(қ.м.) | Қатарлап отырғызу, дана | Топтық отырғызу, дана | Барлығы қ.м./дана | |||||||||||||||||
| Ашық кеңістіктер | |||||||||||||||||||||
| Гүлзарлар | Көгалдар | ||||||||||||||||||||
| Жазғы, м2 | Көпжылдық,м2 | Контейнерлік,дана | Вазон, м2 | Альпинарий, рокарий, м2 | Жиыны м2/дана | Партерлік, м2 | Кәдімгі, м2 | Жер қыртысының жамылғысы, м2 | Жиыны м2/дана | ||||||||||||
Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларына |
|||||||||||||||||||||
| 2-қосымша | |||||||||||||||||||||
Нысан
Жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісі
20__ж. «___»___________
| Р/с№ | Жасыл екпелердің табиғи құрамы | Сақталады | Кесуге рұқсат | Рұқсатсыз кесу | ||||||
| дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | ||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| 1 | ||||||||||
| 2 | ||||||||||
| Барлығы: | ||||||||||
| Қорытынды | ||||||||||
кестенің жалғасы
| Қайта отырғызу, тамырын қопарып қазу (жасарту) | Санитариялықкесу | Сапалық(нақты жай-күйі | Залалды өтеу мөлшері, бірлік | Залалды өтеу мөлшері бойыншазалалдың сомасы | Өтемдік қалпына келтіру, дана | ||||
| дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | АЕК | теңге | ||
| 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
Осы акт _______ данада жасалды.
Ескертпе: Зерттеп-қарау актісі жасыл екпелерді кесуге немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды.
Жеке немесе заңды тұлғаның өкілі ___________________________ қолы (Т.А.Ә.)
(мөрі бар болса)
Уәкілетті органның лауазымды адамы ________________________ қолы (Т.А.Ә.)
(мөрі бар болса)
| Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларына3-қосымша |
Нысан
| Жергілікті атқарушы органның (облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) басшысы |
|
| ____________________________ | |
| (тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты, мемлекеттік органның атауы) |
|
| ____________________________ | |
| (жеке тұлғаның тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты не көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға ұйымының атауы) және (немесе) сенімхат бойынша) |
|
| ____________________________ | |
| (ЖСН/БСН) | |
| Мекенжайы | |
| (заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жері) байланыстар |
|
| (электрондық мекенжайы,телефон) |
Кепілдік хат __________________________________________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
Ағаштарды кесуге рұқсат алған сәттен бастап алты ай ішінде ____________ дана көлемінде өтемдік ағаш отырғызуды жүргізуге кепілдік береді, ___________ тұқымдылар, ағаштардың орнына _________ дана, _________________ үшін кесілетін тұқымдар ____________________________________мекенжайы бойынша:
(себебі көрсетіледі)
__________________________________________________ 20 жылғы « « жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісіне сәйкес.
Отырғызылған көшеттер жойылған жағдайда, қайта отырғызуға кепілдік береді.
Өтемдік отырғызу сәтінен бастап үш жыл ішінде (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) осы Қағидалардың 26-тармағының 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес көшеттерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге және үш жыл өткеннен кейін оларды ағаштардың жерсіну актісі негізінде жергілікті атқарушы органның теңгеріміне беруге кепілдік береді
__________________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 381-1 және 386 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны хабарланды.
Күні: 20__ ж. «___» ____________
_____________________________
Басшының Т.А.Ә. және қолы (мөрі бар болса)
| Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларына4-қосымша |
Нысан
Жасыл екпелердің жерсіну актісі
20___ ж. «___» _________
Жасыл екпелердің отырғызған мекенжайы: ____________________________________
| № | Заңды және жеке тұлғалардың атауы | Рұқсаттың немесе келісудің нөмірі мен күні | Кесілген ағаштардың саны, дана | Қайта отырғызылған ағаштардың саны, дана | Өтемдік немесе бастамашылық отырғызу, дана тұқымы | Жағдайы | Қалпына келтіруге арналған көшеттер саны, дана | Ескертпе | |
| Тамыр алды, дана | Тамыр алмады, дана | ||||||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| 1 | |||||||||
| Қорытынды: | |||||||||
Жеке немесе заңды тұлғаның өкілі ________________________________________
(Т.А.Ә., қолы) (мөрі бар болса)
Уәкілетті органның лауазымды адамы _____________________________________
(Т.А.Ә., қолы) (мөрі бар болса)