жоба
Ақтөбе облыстық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақтөбе қаласы № 2021 жылғы «___» _______
Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4686 тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын аумақтарын абаттандырудың Қағидаларында:
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген) 22-тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а 2020 жылғы 25 желтоқсандағы№ ҚР ДСМ-331/202 187 бұйрығымен бекітілген «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) 55, 56, 57 және 58-тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.»;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
А. АЙТЖАНОВ А. НУГМАНОВ