Меню

Страницы

Статья

Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімі

жоба

Ақтөбе облыстық мәслихатының

ШЕШІМІ

 Ақтөбе қаласы             №             «___» _______ 2021 жылғы

Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 386 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы  Экологиялық Кодексінің 19-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының   4-2) тармақшасына және 2-2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10886 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:    

1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4686 тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Облыстық мәслихаттың                                                Облыстық

        сессия төрағасы                                       мәслихаттың хатшысы

        А. АЙТЖАНОВ                                                 А. НУГМАНОВ

 

Дата публикации
25 марта 2021
Дата обновления
25 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Ақтөбе қаласының Бас жоспары
Ақпарат
15 мая 2026
Ақтөбе облысының 2026 жылға арналған инвестициялық жобаларын іске асыру барысы туралы АНЫҚТАМА
12 мая 2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке шағымдану тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы