«Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешім жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 386-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына және 2-2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларынжәне «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10886 тіркелген бұйрығына сәйкес«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 облыстық мәслихаттың шешіміне өзгерісенгізу туралы жобасын әзірледі.
Аталмыш шешім жобаның негізгі мақсаты - облыстық мәслихаттың шешімін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келтіру.
Көрсетілген қаулы жобаның жүзеге асырылуы қосымша қаржыландыруды және штаттық санын көбейтуді талап етпейді.