Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй мониторнгі бөлімінің ережесі

«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы

басқармасы» ММ

Тұрғын үй мониторингі бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

 1.1. Тұрғын үй мониторингі бөлімі (бұдан әрі - бөлім) «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы  басқармасы» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3.Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Басқарманың штаттық санымен айқындалады.

1.4.Бөлім құрылымына кіретін, Бөлімнің құрылымдық бөлімшесі жоқ.

II. БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ, ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

2.1. Бөлімнің негізгі мақсаты болып:

1)Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен тұрғын үй құрылысы бойынша жыл сайынғы жоспардын орындалуын үйлестіру.

2.2.Негізгі жүйелер мен міндеттер:

1)Тұрғын үй құрылыс Мемлекеттік бағдарламасының әзірлеу және түзету;

2)Тұрғын үй құрылыс Бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша ай сайынғы мониторинг жүргізу;

3)Инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы республикалық және облыстық жоғары тұрған органдарға материалдар дайындау;

4)БАҚ және өткізілетін дөңгелек үстелдер үшін мәлімет дайындау, облыстың және басқарманың басшыларына  баяндама әзірлеу;

5)Функционладық міндеттер шегінде аудандық бөлімдерден немесе әкімдіктен, мекемелерінен ақпарат жинақтау;

6)Тұрғындардың шағымдарымен жұмыс;

7) Іс қағаздардың  жүргізуін ұйымдастыру.

2.3. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

1)Жұмыс барысында статистикалық, есеп, бухгалтерлік және басқа қажетті материалдарды пайдалану.

2) Есепті кезең ішіндегі Бағдарламаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша әкімнің қаулысын дайындау.

3)Материалдар мен ақпараттарды сапалы және уақтылы аударуын және рәсімдеуін қамтамасыздандыру.

4)Басқармадан барлық шығыс  корреспонденциясын жіберу есебін ұйымдастыру.

5)Облыс әкімдігімен, мемлекеттік органдармен бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтік хат алмасу.

III. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

3.1.Бөлім Қазақстан Республикасы Президентінің актісіне, сәйкестік заңнамалық актісіне сәйкес, олардың негізгі мақсаттары мен жүйелерін жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттікке ие; 

3.2.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, басқарма басшысымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын , бөлімді бөлім басшысы басқарады.

 3.3. Бөлім басшысы:

1)Бөлімнің барлық қызметін басқарады,  жоғары тұрған органға және басқарма басшылығына тапсырмаларды бекітілген мерзімде орындалуын қамтамсыздандырады және ұйымдастырады;                                                           

2)Міндеттерді бөлім қызметкерлері арасында үйлестіреді  және олардың орындалуын бақылауға алады;

3)Бөлім құзырына кіретін, мәселелер бойынша ұсыныстарды басшылыққа қарастыруға енгізеді;

4)Басқарманың жұмыс жоспарын басшылыққа алады, жүзеге асырады және бөлім бойынша орындалуын басқылауға алады.

5)Бөлімдегі іс-қағазды ұйымдастыру және жүргізу ережесін сақтайды, тиісті орындау тәртібін қаматамсыз етеді.

3.4. Сабақтастық және өзара алмасушылық :

1)Дәлелді себеп бойынша уақытша жұмыс орынында болмаған кезде (жұмыс сапары, еңбек демалысы және науқас кезінде т.б.) бөлім басшысының ұсынысы бойынша оның уақытша міндеттері орныдау бір бас маманға артылады;

2)Бөлім бас мамандарының біреуі болмаған жағдайда, бөлім басшысының  тапсырмасы бойынша міндеттерді уақытша сол бөлімнің басқа бір маманына  жүктеледі.

 Тұрғын үй мониторингі

бөлімінің  басшысы                                                                                       Л. Аскарова

 

Дата публикации
13 мая 2020
Дата обновления
21 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Ақтөбе қаласының Бас жоспары
Ақпарат
15 мая 2026
Ақтөбе облысының 2026 жылға арналған инвестициялық жобаларын іске асыру барысы туралы АНЫҚТАМА
12 мая 2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке шағымдану тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы