Меню

Страницы

Статья

«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ

 

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру туралы

 

Құрылыс саласын сипаттайтын негізгі көрсеткіш - орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі.

2020 жылдың жоспары бойынша аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі 200,5 млрд.теңгеге немесе 102,5% -ға жеткізу жоспарланған.

2020 жылдың қаңтар-қараша есепті кезеңіне сәйкес, Ақтөбе облысында аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі 157,3 млрд.теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңінің 112,2%-на сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Ақтөбе облысының әкімі арасында жасалған Меморандумға сәйкес барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 1024,8 мың м2 (7200 пәтер).

2020 жылдың қаңтар-қараша есепті кезеңіне сәйкес, барлық қаржыландыру көздерінен 693,0 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың тиісті кезеңінің 100,5 % құрады.

Көрсеткішке қол жеткізу келесі бағыттар бойынша жоспарланған:

-55,3 мың м2 ТҮҚЖБ арқылы несиелік тұрғын үй немесе 1105 пәтер. Бұл «Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй массивінде көп және аз қабатты тұрғын

үйлер,жалпы сомасы 13,6 млрд. теңге қайтарымды несие.

         Қазіргі таңда қолданысқа 4 ы/а №12 аз қабатты тұрғын үй берілді, 5,7 млрд.тенге игерілді.

-10,6 мың м2 тұрғын үй немесе 159 пәтер жалға берілетін тұрғын үй. Бұл көп балалы отбасылар үшін «Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй массивіндегі

4 ы/а орналасқан № 23 9-қабатты тұрғын үй.

Құрылысқа республикалық бюджет есебінен 3,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 635,7 млн.теңге бөлінді. Қаңтар-қараша қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп 2,2 млрд. теңге игерілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыстағы көп балалы отбасылар үшін дайын 141 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 1,1 млрд.теңге қаражаты бөлінді. 2020 жылғы 1 қараша тұрғысына облыс бойынша 368,4 млн.теңге сомасына дайын 65 пәтер сатып алынды.

-196,7 мың м2 немесе 1937 пәтер Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік емес кәсіпорындар есебінен коммерциялық тұрғын үй құрылысы.

Бұл «Батыс» тұрғын үй массивінде салынып жатқан көп пәтерлі үйлер: «Нектер» ӨК, «Заводсветотехника W» ЖШС, «Инвесткомплекс» ЖШС, «Эдельвейс» ЖШС, «Керемет үй» ТҮК, «СМП Групп» ЖШС, «Даулет Групп» ЖШС, «Саулет курылыс – 2007» және т.б.

Қаңтар-қараша жағдайына мемлекеттік емес кәсіпорындармен 190,3 мың м2 немесе 1775 пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде,  Ақтөбе қаласында 15 тұрғын үй және Хромтау қаласында 1 көп қабатты тұрғын үй.

-762,2 мың м2 немесе 3999 тұрғын үй халықтың жеке қаражаты есебінен Ақтөбе қаласында және облыс аудандарындағы жеке тұрғын үй.

10 ай қорытындысы бойынша 489,0 мың м2 немесе 2583 үй пайдалануға берілді.

2020 жылға «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 9286,9 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 7892,3 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен – 1394,6 млн. теңге көзделген.

Бұл қаражатқа 518 км инженерлік желілер (электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз желілері) жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде, жеке тұрғын үйлерге инженерлік желілер жүргізу үшін 483 кв және көп қабатты тұрғын үйлерге 35 км.

 

 

Дата публикации
04 декабря 2020
Дата обновления
04 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Ақтөбе қаласының Бас жоспары
Ақпарат
15 мая 2026
Ақтөбе облысының 2026 жылға арналған инвестициялық жобаларын іске асыру барысы туралы АНЫҚТАМА
12 мая 2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке шағымдану тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы