«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру туралы
Құрылыс саласын сипаттайтын негізгі көрсеткіш - орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі.
2020 жылдың жоспары бойынша аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі 200,5 млрд.теңгеге немесе 102,5% -ға жеткізу жоспарланған.
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек есепті кезеңіне сәйкес, Ақтөбе облысында аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі 145,2 млрд.теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңінің 116,4%-на сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Ақтөбе облысының әкімі арасында жасалған Меморандумға сәйкес барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 1024,8 мың м2 (7200 пәтер).
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек есепті кезеңіне сәйкес, барлық қаржыландыру көздерінен 558,0 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың тиісті кезеңінің 103,6 % құрады.
Көрсеткішке қол жеткізу келесі бағыттар бойынша жоспарланған:
-60,7 мың м2 ТҮҚЖБ арқылы несиелік тұрғын үй немесе 1213 пәтер. Бұл «Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй массивінде көп және аз қабатты тұрғын
үйлер,жалпы сомасы 13,6 млрд. теңге қайтарымды несие.
Қазіргі таңда қолданысқа 4 ы/а №12 аз қабатты тұрғын үй берілді, 5094,8 млн.тенге игерілді. Жыл соңына дейін пайдалануға 10 тұрғын үй немесе 1189 пәтер пайдалануға берідеді.
-10,6 мың м2 тұрғын үй немесе 159 пәтер жалға берілетін тұрғын үй. Бұл көп балалы отбасылар үшін «Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй массивіндегі
4 ы/а орналасқан № 23 9-қабатты тұрғын үй.
Құрылысқа республикалық бюджет есебінен 3,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 635,7 млн.теңге бөлінді. ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп 1,7 млрд. теңге игерілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыстағы көп балалы отбасылар үшін дайын 122 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 1,1 млрд.теңге қаражаты бөлінді. 2020 жылғы 1 қазан тұрғысына облыс бойынша 339,1 млн.теңге сомасына дайын 60 пәтер сатып алынды.
-191,3 мың м2 немесе 1829 пәтер Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік емес кәсіпорындар есебінен коммерциялық тұрғын үй құрылысы.
Бұл «Батыс» тұрғын үй массивінде салынып жатқан көп пәтерлі үйлер: «Нектер» ӨК, «Заводсветотехника W» ЖШС, «Инвесткомплекс» ЖШС, «Эдельвейс» ЖШС, «Керемет үй» ТҮК, «СМП Групп» ЖШС, «Даулет Групп» ЖШС, «Саулет курылыс – 2007» және т.б.
Қаңтар-қыркүйек жағдайына мемлекеттік емес кәсіпорындармен 167,0 мың м2 немесе 1494 пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде, Ақтөбе қаласында 13 тұрғын үй және Хромтау қаласында 1 көп қабатты тұрғын үй.
-762,2 мың м2 немесе 3999 тұрғын үй халықтың жеке қаражаты есебінен Ақтөбе қаласында және облыс аудандарындағы жеке тұрғын үй.
9 ай қорытындысы бойынша 377,3 мың м2 немесе 2106 үй пайдалануға берілді.
2020 жылдың жоспары бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына 9286,9 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 7892,3 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 1394,6 млн.теңге.
Бұл қаражатқа 518 км инженерлік желілер (электр, газ, су, кәріз желілері) тарту жоспарланған. Оның ішінде, 483 км жеке тұрғын үйлерді және 35 км көп қабатты тұрғын үйлерді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді.
Есепті кезеңінің қаңтар-қыркүйек айларында бөлінген қаражаттан 4995,8 млн. теңге игерілді, бұл 100% құрайды.