Меню

Страницы

Статья

«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру туралы

 

Құрылыс саласын сипаттайтын негізгі көрсеткіш - орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі.

2020 жылдың қаңтар-шілде кезеңіне сәйкес, Ақтөбе облысында аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі 84,4 млрд.теңгені немесе 101,2% сәйкес келеді, барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 390,8 мың м2 (2340 пәтер) немесе 2019 жылдың тиісті кезеңінің 105,0% құрады.

2020 жылдың жоспары бойынша аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі 200,5 млрд.теңгені немесе 102,5% құрайды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Ақтөбе облысының әкімі арасында жасалған Меморандумға сәйкес барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 940,0 мың м2 айқындалған, алайда ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін аталған индикатор 1024,8 мың м2 (7200 пәтер) өзгертіледі.

Көрсеткішке қол жеткізу келесі бағыттар бойынша жоспарланған:

-49,0 мың м2 ТҮҚЖБ арқылы несиелік тұрғын үй немесе 861 пәтер (бұл Нұр-Ақтөбе тұрғын үй массивінде көп қабатты тұрғын үйлер, жалпы сомасы 8,7 млрд. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттентен 7,0 млрд. теңге және республикалық бюджеттен 1.7 млрд. теңге);

-10,6 мың м2 тұрғын үй немесе 159 пәтер жалға берілетін тұрғын үйлер (бұл көп балалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен 3,5 млрд. теңге бөлінді);

-191,3 мың м2 немесе 1829 пәтер Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік емес кәсіпорындар есебінен коммерциялық тұрғын үй (бұл «Батыс» тұрғын үй массивіндегі салынып жатқан көп пәтерлі үйлер «СК Ақтөбе» ЖШС, «Нектер» ӨК, «Заводсветотехника W» ЖШС, «Инвесткомплекс» ЖШС, «Эдельвейс» ЖШС, «К7 Групп» ЖШС, «Сафина» ТҮК, «Керемет үй» ТҮК, «СМП Групп» ЖШС және т.б.);

-773,9 мың м2 немесе 4351 тұрғын үй халықтың жеке қаражаты есебінен Ақтөбе қаласында және облыс аудандарындағы жеке тұрғын үй.

2020 жылдың жоспары бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына 9096,3 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 7892,3 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 1203,9 млн.теңге.

Бұл қаражатқа 518 км инженерлік желілер (электр, газ, су, кәріз желілері) тарту жоспарланған.

Есепті кезеңінің қаңтар-шілде айларында бөлінген қаражаттан 3260,3 млн. теңге игерілді, бұл 100% құрайды.

Несиелік тұрғын үй құрылысына 8732,1 млн.теңге қаражат бөлініп 2020 жылдың қаңтар-шілде кезеңі бойынша игерілген қаражат көлемі жылдық жоспарға сәйкес  3435,0 млн.теңгесі игерілді.

Сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй құрылысы бойынша республикалық бюджеттен 3502,9 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 613,8 млн. теңге, есепті кезеңде 1232,7 млн. теңге игерілді.

Сонымен қатар облысқа ағымдағы жылы көп балалы отбасылар үшін дайын 122 пәтер сатып алуға РБ-тен 1,1 млрд.теңге қаражаты бөлінген. Бүгінгі күні 283,3 млн.теңге игерілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 декабря 2020
Дата обновления
04 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Ақтөбе қаласының Бас жоспары
Ақпарат
15 мая 2026
Ақтөбе облысының 2026 жылға арналған инвестициялық жобаларын іске асыру барысы туралы АНЫҚТАМА
12 мая 2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке шағымдану тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы