Меню

Страницы

Статья

«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру туралы

 

Құрылыс саласын сипаттайтын негізгі көрсеткіш - орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі.

2020 жылдың І тоқсан есепті кезеңінің жағдайына сәйкес, Ақтөбе облысында аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі 24,7 млрд.теңгені немесе 103,7% сәйкес келеді, барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 156,8 мың м2 немесе 2019 жылдың тиісті кезеңінің 103,6% құрады.

2020 жылдың жоспары бойынша аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі 214,9 млрд.теңгені немесе 109,8% құрайды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Ақтөбе облысының әкімі арасында жасалған Меморандумға сәйкес барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 940,0 мың м2 құрайды.

Алайда, алдымызда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішін 1050,0 млн. м2 метрге немесе 9000 пәтерге жеткізу міндеті тұр. Көрсеткішке қол жеткізу келесі бағыттар бойынша жоспарланған:

- 90,0 мың м2  ТҮҚЖБ арқылы несиелік тұрғын үй немесе 1810 пәтер (бұл Нұр-Ақтөбе тұрғын үй массивінде көп қабатты тұрғын үйлер, жалпы сомасы 8,7 млрд. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттентен 7,0 млрд. теңге және республикалық бюджеттен 1.7 млрд. теңге);

- 33,6 мың м2 тұрғын үй немесе 534 пәтер жалға берілетін тұрғын үйлер (бұл Ақтөбе қаласы, Алға, Хромтау, Қарғалы (Бадамша с.) аудандарындағы тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтары үшін 373 пәтерлер және көп балалы отбасылар үшін 161 пәтер  республикалық бюджет есебінен 3,5 млрд. теңге бөлінді);

- 21,3 мың м2 ӘКК арқылы несиелік тұрғын үй немесе 315 пәтер (ӘКК өз қаражаты есебінен);

- 170,0 мың м2 немесе 1829 пәтер Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік емес кәсіпорындар есебінен коммерциялық тұрғын үй (бұл «Батыс» тұрғын үй массивіндегі салынып жатқан көп пәтерлі үйлер «СК Ақтөбе» ЖШС, «Нектер» ӨК, «Заводсветотехника W» ЖШС, «Инвесткомплекс» ЖШС, «Эдельвейс» ЖШС, «К7 Групп» ЖШС, «Сафина» ТҮК, «Керемет үй» ТҮК, «СМП Групп» ЖШС және т.б.);

- 735,1 мың м2 немесе 4512 тұрғын үй халықтың жеке қаражаты есебінен Ақтөбе қаласында және облыс аудандарындағы жеке тұрғын үй.

 

Дата публикации
04 декабря 2020
Дата обновления
04 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Ақтөбе қаласының Бас жоспары
Ақпарат
15 мая 2026
Ақтөбе облысының 2026 жылға арналған инвестициялық жобаларын іске асыру барысы туралы АНЫҚТАМА
12 мая 2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке шағымдану тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы