«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру туралы
Құрылыс саласын сипаттайтын негізгі көрсеткіш - орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі.
2020 жылдың қаңтар-ақпан есепті кезеңінің қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 9,2 млрд. теңгені немесе 100,6% құрады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Ақтөбе облысының әкімі арасында жасалған Меморандумға сәйкес барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 940,0 мың м2 құрайды.
2020 жылдың қаңтар-ақпан есепті кезеңінің қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 110,0 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2019 жылдың тиісті кезеңінің 128,2%.
Алайда, алдымызда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішін 1050,0 млн. м2 метрге немесе 9000 пәтерге жеткізу міндеті тұр. Көрсеткішке қол жеткізу келесі бағыттар бойынша жоспарланған:
- 126,4 мың м2 ТҮҚЖБ арқылы несиелік тұрғын үй немесе 2322 пәтер (бұл Нұр-Ақтөбе тұрғын үй массивінде 10 үш қабатты тұрғын үй, 1 бес қабатты тұрғын үй, 4 тоғыз қабатты тұрғын үй, жалпы сомасы 18 млрд. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттентен 7,0 млрд. теңге және республикалық бюджеттен 11,0 млрд. теңге);
- 33,6 мың м2 тұрғын үй немесе 534 пәтер жалға берілетін тұрғын үйлер (бұл Ақтөбе қаласы, Алға, Хромтау, Қарғалы (Бадамша с.) аудандарындағы тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтары үшін 373 пәтерлер және көп балалы отбасылар үшін 161 пәтер республикалық бюджет есебінен 3,5 млрд. теңге бөлінді);
- 21,3 мың м2 ӘКК арқылы несиелік тұрғын үй немесе 315 пәтер (ӘКК өз қаражаты есебінен);
- 170,0 мың м2 немесе 1829 пәтер Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік емес кәсіпорындар есебінен коммерциялық тұрғын үй (бұл «Батыс» тұрғын үй массивіндегі салынып жатқан көп пәтерлі үйлер «СК Ақтөбе» ЖШС, «Нектер» ӨК, «Заводсветотехника W» ЖШС, «Инвесткомплекс» ЖШС, «Эдельвейс» ЖШС, «К7 Групп» ЖШС, «Сафина» ТҮК, «Керемет үй» ТҮК, «Квартира 04» ТҮК, «СМП Групп» ЖШС және т.б.);
- 699,0 мың м2 немесе 4000 тұрғын үй халықтың жеке қаражаты есебінен Ақтөбе қаласында және облыс аудандарындағы жеке тұрғын үй.