2019 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША
Құрылыс саласын сипаттайтын негізгі көрсеткіш, бұл орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі.
2019 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 193,7 млрд.теңгені немесе 105,8 % құрады.
ҚР Премьер-Министрі және Ақтөбе облысының әкімі арасында қол қойылған меморандумға сәйкес «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 2019 жылға арналған жоспар 939,5 мың шаршы метрді құрайды.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының ішінде 1021,2 мың.шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға енгізілді немесе 2018 жылға 112,4 % құрады.
Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу келесідей бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысының есебінен жүзеге асырылды.
- 88,2 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үйлер немесе 1352 пәтер (бұл «Нұр Ақтөбе» т/массивіндегі 9 үш қабатты,6 төрт қабатты, 5 қабатты және 4 тоғыз қабатты тұрғын үйлер);
- 4,5 мың шаршы метр РБ есебінен сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер немесе 56 пәтер (бұл Ақтөбе қаласы және Мұғалжар, Мәртөк, Темір аудандарындағы тұрғын үйлер);
- 12,1 мың шаршы метр ЖБ есебінен жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер немесе 168 пәтер (бұл облыстың Қобда, Мұғалжар, Хромтау, Шалқар және Ойыл аудандарындағы 1,2,8 пәтерлі тұрғын үйлер);
- 169,6 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй немесе 3200 пәтер (бұл «СК Актобе» ЖШС, «Нектар» ӨК, «Заводсветотехника» ЖШС, «Инвесткомплекс» ЖШС, «Эдельвейс» ЖШС, «Сконур» ЖШС, «Сафина» ТҮҚК, , «Керемет уй» ТҮҚК, «Квартира 04» ТҮҚК, «СМП Групп» ЖШС және т.б. құрылыс салушылардың "Батыс" т/массивіндегі КПТҮ)
- 746,8 мың шаршы метр жеке тұрғын үйлер немесе 3715 үй.
2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына 5478,1 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 4448,2 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 1029,9 млн.теңге. Бұл қаражатқа 350 км инженерлік желілер (электр, газ, су, кәріз желілері) тартылған.
Несиелік тұрғын үй құрылысына 5 600,0 млн.теңге қаражат бөлініп, 2019 жылдың қорытындысы бойынша игерілген қаражат көлемі жылдық жоспарға сәйкес 5132,9 млн.теңгесі игерілді.
Сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй құрылысы бойынша республикалық бюджеттен 4133,7 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 798,6 млн. теңге, жыл қорытындысы бойынша 4932,3 млн.теңге қаражат көлемі игерілді.
2019 жылдың 3-4 тоқсанында Ақтөбе облысы бойынша аз қамтылған отбасылар үшін 78 пәтер сатып алынды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласы бойынша 34 пәтер, Алға ауданында 5 пәтер, Әйтеке би ауданында 4 пәтер, Байғанин ауданында 3 пәтер, Ырғыз ауданында 2 пәтер, Қарғалы ауданында 3 пәтер, Қобда ауданында 2 пәтер, Мұғалжар ауданында 5 пәтер, Мәртөк ауданында 3 пәтер, Ойыл ауданында 6 пәтер және Шалқар ауданында 2 пәтер, Хромтау ауданында 5 пәтер, Темір ауданында 4 пәтер сатып алынды.