«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, 2-2-тармағына және «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген) сәйкес «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 облыстық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасын әзірледі.
Аталмыш шешім жобаның негізгі мақсаты - облыстық мәслихаттың шешімін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келтіру.
Көрсетілген қаулы жобаның жүзеге асырылуы қосымша қаржыландыруды және штаттық санын көбейтуді талап етпейді.